Тақпақ: Санамақ
Бір дегенің — Білім,
Екі дегенің — Ілім.
Үш дегенің — Ғылым.
Төрт дегенің — Таным,
Бес дегенің — Талғам,
Алты дегенің — Ақыл.
Жеті дегенің —
Парасатқа жақын.
Сегіз дегенің — Сана,
Тоғыз дегенің — Толғам,
Он дегенің — Ой,
Осыны ұғып қой!