Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасы
Қазақстан (Қазақстан Республикасы) — Еуразия құрылығының қақ ортасында орналасқан мемлекет.
Солтүстігінде Ресей Федерациясымен (6 467 км), оңтүстігінде Түрікменстан (380 км), Өзбекстан (2 300 км) және Қырғызстан (980 км) республикаларымен, шығысында Қытаймен (1 460 км) шектеседі, батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады. Жер көлемі — 2717,3 мың шаршы километр.
Жұрт саны 16,200 мың (2009). Оның 10,000 мың немесе 63,9 % қазақтар құрайды. Республикада 131 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады.
Елордасы — Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі — қазақ тілі.
Жұрт саны
2006 ж. жылдың шілденің 1 күнінде Қазақстанда халық саны 15 301,4 мың адамды құрады.
Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 6537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.
2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиді құрады.
Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.
Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі хабарланып отыр.
Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі болып табылады.
Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.
Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.
Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған жайы бар.
Ұлттық құрамы
Қазақстанда 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады. 2006 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 9008,0 мың адамды, орыстар — 3962,1 мың, украиндар — 444,7 мың, өзбектер — 433,5 мың, ұйғырлар — 231,4 мың, татарлар — 229,1 мың, немістер — 222,5 мың адамды құрады. Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар — 58,9% және орыстар — 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі болып табылады.
2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7 мың адамға, немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер — 4,6 мың, немесе 1,1%-ға, ұйғырлар — 1,6 мың, немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың адамға, немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар — 4,1 мың, немесе 0,9%-ға, татарлар — 0,5 мың, немесе 0,3%-ға және немістер — 0,2 мың, немесе 0,1%-ға азайды. 2009 халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 16 304 840санына тең.
Діні
Қазақстан жұртында 69 % мұсылмандар, 28 % православ христиандар, 2 % протестанттар бар.
Тарихы
Сақтар көсемінің алтын сауыты
• Сақтар
• Үйсін мемлекеті
• Қаңлы мемлекеті
• Ғұндар
• Сарматтар
• Батыс түркі қағандығы
• Түркеш қағандығы
• Хазар қағандығы
• Оғыз мемлекеті
• Қимақ қағандығы
• Қыпшақ одағы
• Қарахан мемлекеті
• Хорезм шахтығы
• Жошы ұлысы
• Шағатай ұлысы
• Ақ Орда
• Көк Орда
• Ноғай Ордасы
• Сібір хандығы
• Өзбек Ордасы
• Моғолстан
• Қазақ хандығы
• Қоқант хандығы
• Хиуа әміршілігі
• Бөкей хандығы
• Алаш Орда
• Қазақ АКСР
• Қазақ КСР
Саясат жайғасы
Қазақстан — 1995 жылғы тамыз 30 республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша — өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғары өкілді органы — Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының елордасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика елордасының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.
Мәжіліс дәрежелi өкiлеттiлiк және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiм негiзiнде сайланған 98 депутаттардан құралады, және 9 депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
Нұрсұлтан Назарбаев
Президент Үкіметті Мәжілістегі көпшілік алған партия ұсынысымен құрады. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Премьер-Министр Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар өкімдер шығарады.
Казақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республиканың Президенті тағайындайды.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады.
Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.
Экономикасы
Сілтемеге еріп әлі басталмаған бетке келіпсіз.
Бетті бастау үшін, төмендегі кірістіру орнында мәтініңізді теріңіз (көбірек ақпарат үшін анықтама бетін қараңыз).
Егер жаңылғаннан осында келген болсаңыз, шолғышыңыз «Артқа» деген батырмасын нұқыңыз.
Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары
Алғашқы газеттер — «Түркiстан уәлаятының газетi» (Ташкент, 1870 — 82), «Дала уәлаятының газетi» (Омбы, 1888 — 92). Бұдан кейiн Ордада және Оралда ағартушылық бағыттағы «Қазақстан» газетi (1911 — 13), Орынбор қ-нда А.Байтұрсыновтың ұйымдастыруымен «Қазақ» газетi (1913 — 1918), ақын-демократ М.Сералин ұйымдастырған қазақ тiлiндегi тұңғыш журнал «Айқап» (1911 — 15) шықты. 1913 ж. 11 газет болса, 1975 ж. 407 газет, оның iшiнде 15 респ., 38 обл., 271 ауд., 8 қалалық, 69 көп тиражды және 1 ұжымшарлық газет болды. Қазан төңкерiсiнен бастап қазiргi кезеңге дейiнгi аралықтағы респ. газеттер: «Егемен Қазақстан» (бұрынғы «Социалистiк Қазақстан», 1919 жылдан), «Казахстанская правда» (1920 жылдан), «Жас Алаш» (бұрынғы «Лениншiл жас», 1921 жылдан), «Экспресс К» (бұрынғы «Ленинская смена», 1922 жылдан), «Ұлан» (бұрынғы «Қазақстан пионерi», 1930 жылдан), «Дружные ребята» (1933 жылдан), «Қазақ әдебиетi» (1934 жылдан), «Қазақстан мұғалiмi», «Учитель Казахстана» (1952 жылдан), «Спорт» (1959 жылдан), ұйғыр тiлiнде «Коммунизм туғи» (1957 жылдан), оның араб алфавитiмен шығатын «Йени һаят» («Жаңа өмiр», 1970 жылдан) қосымшасы және үш ауд. газет; корей тiлiнде «Ленин кичи» («Ленин туы», 1938 жылдан); немiс тiлiнде «Фройндшафт» («Достық», 1966 жылдан); өзбек тiлiнде екi ауд. газет шығады. Респ. журналдар: «Ақиқат» (бұрынғы «Қазақстан коммунисi», 1921 жылдан), «Здравоохранение Казахстана» (1923 жылдан), «Қазақстан әйелдерi» (1925 жылдан), «Народное хозяйство Казахстана» (1926 жылдан), «Жұлдыз» (бұрынғы «Әдебиет және искусство», 1928 жылдан), «Мысль» (бұрынғы «Партийная жизнь Казахстана», 1930 жылдан), «Простор» (1932 жылдан), «Қазақстанның ауыл шаруашылығы», «Сельское хозяйство Казахстана» (1936 жылдан), «Ара», «Шмель» (1956 жылдан), «Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс»), «Балдырған», «Автомобильный транспорт Казахстана», «Кооператор Казахстана» (1958 жылдан), «Зерде» (бұрынғы «Бiлiм және еңбек», 1960 жылдан), «Жалын» (1969 жылдан), т.б.
1921 жылдан Қазақ телеграф агенттiгi (ҚазТАГ) жұмыс iстейдi. Респ. радио хабары 1931 ж. берiле бастады. 1974 ж. радио хабарларының орта тәулiктiк көлемi 5 респ., 19 обл. бағдарлама бойынша 70 сағ болып, 200 ауд. және 8 қалалық радио редакция жұмыс iстеген болса, қазiр 60-тан астам қоғамдық-танымдық бағдарлама, 20-ға жуық муз. ойын-сауық бағдарламасы бар (2003) (қ. Қазақ радиосы). 1958 ж. тұңғыш телехабар берiлсе, 1972 ж. 15 телевизия студиясы және 40-тан астам ретранслятор жұмыс iстедi (қ. Қазақстан телеарнасы). Респ. радио мен телевизия қазақ, орыс, корей, ұйғыр, немiс, әзербайжан, түрiк, татар тiлдерiнде хабар бередi.
Баспа iсi. Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде түркi тiлдес халықтардың iшiнде татар тiлiндегi кiтаптардан кейiн қазақ тiлiндегi кiтаптар саны мен көлемi жағынан екiншi орын алған. Бұл кiтаптар, негiзiнен, Қазан, Ташкент, Петербург, Уфа, Троицк, Астрахан баспаханаларынан шыққан. Қазақ тiлiндегi ең алғашқы басылым 1831 ж. «Қазақ халқына хабарлама» деген атпен Қазан ун-тi баспаханасынан жарық көрген. 1861 ж. Н.И. Ильминскийдiң құрастыруымен орыс-қазақ дала мектептерiне арналған «Қырғыздар үшiн өздiгiнен орысша сауат ашу» оқулығы шықты. 1862 ж. «Ер Тарғын» эпосы жұртшылықтың қолына тидi. Ол төрт рет қайта басылып, таралымы 33 800 данаға жеттi. 1908 жылға дейiн Едiл мен Жайық бойында 2 млн. 201 мың 105 дана 509 басылым (оның 461-i кiтап) жарияланған. Фольклорлық сипаттағы 25 басылым жарық көрген. Олардың iшiнде «Қыз Жiбек», «Айман — Шолпан», «Сал-сал», «Алпамыс», «Шах-Мұрат», «Қасым Жомарт», «Шәкiр-Шәкiрат» қиссалары мен «Құла мерген», «Сәтбек батыр», «Мәлiк Ажда», «Наурыз» жырлары бар. Суырып салма ақындық өнер iшiнде Бiржан мен Сараның айтысы халыққа кең тараған. Ол тоғыз рет қайта басылып, таралымы 57800 данаға жеткен. Қазақ ауыз әдебиетiнiң үлгiлерi де жеке кiтап болып шыққан. «Қазақ мақалдары», «Жұмбақтар мен мақалдар» (құраст. Г.Жәнiбеков), «Жұмбақ», «Шопан ата» (құраст. З.Әбдiқадыров), «Тоғыз құмалақ», т.б. Сонымен бiрге араб, парсы, әзербайжан, өзбек фольклорларының шығармалары қазақ тiлiне аударылған: «Ғашықтар кiтабы» (ауд. А.Сабасов), «Дарбұға туралы аңыз», «Өлеңмен жазылған махаббат хаты», түрiк тiлiнен «Қаһарман», «Зұлқарнай», «Сейфiлмәлiк», «Бахдам» аударылған. Орыс әдебиетiнен А.С. Пушкиннiң «Алтын балық туралы аңызы» (ауд. А.Сабасов), «Капитан қызы» (ауд. Молданияз Бекiмов), И.А. Крыловтың «Мысалдары» (ауд. Спандияр Көбеев) шықты. Елуге жуық қаламгердiң жаңа шығармалары жарық көрдi. Бұлардың iшiнде М.Сералин, С.Дөнентаев, Қ.Шопанов, Б.Өтемiсов, М.Қалтаев, М.Қашымов бар. Т.Жомартбаевтың «Қыз көрелiк», С.Көбеевтiң «Қалың мал» романдарын, Қ.Түгiсовтiң «Надандық құрбаны» атты драмасын атауға болады. Жалпы 1917 жылға дейiн қазақ тiлiнде 1000-нан аса кiтап жарық көрдi. 1920 ж. қарашада Мемл. кiтап баспасы құрылды. Егер 1920 ж. республикада жалпы таралымы 13 мың дана небары 6-ақ кiтап шығарылған болса, 1930 ж. 2 млн. 671 мың дана 420 кiтап, 1940 ж. 5 млн. 775 мың дана 762 кiтап, 1971 ж. таралымы 25 млн. данадан асатын 2096 кiтап пен кiтапша жарық көрдi. 1940 ж. Қазақстанда небары төрт баспа: Қазақ баспасы (1964 жылдан — «Қазақстан» баспасы), Қазақ партия баспасы (Қазпартиздат), Көркем әдебиет баспасы және жастар баспасы болды. 1963 ж. Қазақ КСР Мин. Кеңесi жанынан Баспа iстерi жөнiндегi мемл. к-т құрылды. Ол 1978 ж. Қазақ КСР Мемл. баспа, полиграфия және кiтап саудасы iстерi жөнiндегi мемл. к-т болып қайта құрылды. 1989 ж. бұл к-т ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат мин. деп аталды. 1995 ж. оның негiзiнде ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат жөнiндегi ұлттық агенттiк құрылды. Ол 1997 ж. таратылып, оның орнына ҚР Ақпарат және қоғамдық келiсiм мин. өмiрге келдi. Бұл мин. ҚР Президентiнiң 1999 ж. 22 қаңтардағы Жарлығымен ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм мин. болып өзгердi. 2003 ж. 13 қыркүйекте ҚР-ның Ақпарат мин. болып қайта құрылды. Қазiр мемл. тапсырыспен жұмыс iстейтiн 38 баспа бар (2003).
1978 ж. құрылған Республика кiтап мұражайында ерте заманнан бүгiнге дейiнгi 60 мыңнан астам әр алуан кiтаптар, альбомдар, көне қолжазбалар сақталған.
Қазақстанда Интернет, кабельді теледидар серпінді дамып келеді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар ақпарат нарығында кеңінен қолданыс табуда. Ұлттық ТД мен радиостансалар ұлттық ғарыштық жүйе арқылы таратылуда. 2002 жылы CaspioNet (операторы Eutelsat) ғарыштық арнасы құрылды.Республиканың барлық аумағында кабельдік және ғарыштық арналар арқылы BBC, CNN, Deutsche Welle арналарының бағдарламалары, Азаттық радиосы, Польшаның Polonia арнасы, ресейлік және басқа да телерадио арналар көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер миинстрлігінде әлемнің 20 елінен 80-нен астам шетелдік БАҚ-тардың өкілдері тіркелген. Олардың қатарында BBC, Associated Press, Интерфакс, France Press, Reuters, ITAR-TASS сияқты дүниежүзіне танымал аса ірі ақпараттар агенттіктері бар.
Қарулы күштері
Қазақстанның Қарулы Күштері — Қазақстан Республикасының әскери құрылымы әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердiң түрлерiн, арнайы әскерлердi, тыл, әскери оқу орындары мен ғылыми мекемелердi қамтиды.
Соғыс уақытында құрамына қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары кiредi.
Міндеттері
«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 5-тарау, 18-тармағы бойынша:
Қарулы Күштер агрессияға тойтарыс беруге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қару-жарақпен қорғауға, мемлекеттік және әскери объектілерді күзетуге және қорғауға, әуе кеңістігін күзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес міндеттерді орындауға арналады.
«Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 4-бабы бойынша:
Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар Әскери доктринаға және Қарулы Күштерді қолдану жоспарына сәйкес қорғаныс саласындағы міндеттерді орындайды.
Бейбiт кезеңде
Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:
• әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
• әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемллекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;
• маңызды әскери нысандарды күзету;
• елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;
• халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.
Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.
Әскери доктринасы
Қазақстанның геосаяси жағдайы үлкен өзгерiстерге (экстремизм, шекараға таяу жерлерде әскери қақтығыстардың өршуi, жаңадан ядр. мемлекеттер пайда болуы, т.б.) ұшырауда.
2007 жылғы 21 наурызда Қазақстан Респуб¬ликасы Президентінің № 299 Жарлығымен мемле¬кеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, соғыс¬тар мен қарулы жанжалдарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралым¬дарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көз¬қарастар жүйесін білдіретін Қазақстан Республи¬касының жаңа Әскери доктринасы бекітілген болатын.
Әскери доктрина Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін, Мемлекет басшысы жарлықтарының талаптарын, Қазақстан-ның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, Қазақстан Республика¬сы¬ның заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ Қазақстан қатысу¬шысы болып табылатын халықаралық шарттарды нақтылайды.
Әскери доктрина қорғаныстық сипатта, ол ұлттық мүдделерді қорғауды, елдің әскери қауіп¬сіздігіне кепілдік беруді батыл шеше отырып, Қа¬зақстан Республикасының бейбітшілікке бейілді¬лігін айқындайды, асимметриялық қатерлер¬ге: терроризмге, экстремизмге, есірткі тасымалына, қаруды заңсыз таратуға, заңсыз көші-қонға қарсы күресті ескере отырып, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды дамыту шарттары мен жаңа бағыттарын нақтылайды.
Әскери доктрина ережелерін іске асыру әскери басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, өзара байла¬ныс¬ты саяси, дипломатиялық, экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық, құқықтық, әскери және Қазақстанның әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да шаралар кешенін жүргізу есебінен қамтамасыз етілетін болады. ….