Реферат: Сәбилік және ерте балалық шақтағы сөйлеу әрекетінің дамуы

0

Реферат: Сәбилік және ерте балалық шақтағы сөйлеу әрекетінің дамуы казакша Реферат: Сәбилік және ерте балалық шақтағы сөйлеу әрекетінің дамуы на казахском языке

Сәбилік және ерте балалық шақтағы сөйлеу
әрекетінің дамуы.
Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау т. б.) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды. Жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілдеуінен (дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздеріне, дыбыстарына орайлас жасалатын реакциялар. Мәселен, үш-төрт айлық бала «мә», «ға», «ге» секілді жеке буындарды, бес-алты айдан былай қарай «ма-ма», «па-па» деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. Сегіз айлық бала сөздің интонациясын, дауыстың ырғағын аңғара алады. Бірақ жеке сөздердің айырмашылықтарын, олардың мәнін әлі толық ұға алмайды. Бір жарым жастан былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді. Оның алғашқы сөздері «мама», «папа», «ата», «әже», «аға» деген сөздерден басталады. Алғашқыда шағын сөздерді ғана айта алады. Үш-төрт буыннан түратын күрделі сөздерді айтуға шамасы келмейді. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз жөне сонор дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, үяң түрлерін меңгереді. Балаға ызың дауыссыздар мен (ж, ш) ысылдап шығатын дауыссыздарды ұғыну қиынырақ болады, «л», «р» дыбыстарын төрт-бес жасқа дейін дұрыс айта алмайды. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі. Мәселен, жас жарымдағы балада 10—15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста мыңға жуық сөзі болады. Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын стихиялы түрде үйренуге кіріседі. Баланың алғашқы сөздері бір не екі сөзден құралады, ол бір сөзбен-ақ айтайын дегенін аңғартады. Мәселен, «әже су» дегені, «әже маған су бер» деген мағынаны білдіреді. Кейде осындай сөздерін ым-ишараларымен жеткізеді. Сөз заттың нақтылы сигналы ретінде көрініп, белгілі нәрсеге меңзеліп айтылады, Бала үлкендермен сөз арқылы байланысқысы келеді. Осындай сөздер оның практикалық әрекеті мен нақтылы қажетін өтеуге байланысты туып отырады. Баланың алғашқы кездегі сөзінде зат есімдер көп болады, бұл сөздер айналасындағы заттармен, адамдармен қатынасында елеулі роль атқарады. Кейіннен етістіктер, есімдіктер, тағы басқа сөз таптарын да қолданады.
Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында акиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шактан-ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен қреорнеұра білуге кендірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай калады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін әте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді әтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамыту кажетті жағдайлардан айырылып калса, онда кейін жі-берілген қателіктердің орнын толтыру өте киын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамытумен карқынды шұғылдану кажет.
Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде бала ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-әрекеттерге апарып жатқызу бірден бола коймайды. Үлкендердің сөзі мен өз іс-әрекеттерінің арақатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің бірінші жылында калыптасады. Үш жасқа карай сәбидің, үлкендердің сөзін түсінуі сапалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекеленген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып коймайды. Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сездерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей карым-қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып сана-лады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі кұрады ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды, Ерте сәбилік балалық шақ-балалық белсенді сөйлеуінің қа-лыптасу кезеңі. Бір жарым жасқа дейін бала 30—40-тан 100-ге дейін сөз үйренеді және оларды өте сирек қолданады. Ол әлі тым мүдіріп сөйлейді. Тілді меңгерудегі елеулі өзгеріс шамамен бір-жарым жаста жүзеге асады. Сәби бастамашыл болады. Ол заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму қарқыны арта түседі. Екі жастың аяғында бала 300-ге дейін, ал үш жастың соңында 1500-ге дейін сөздер қолданады.
Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық жағы мен грамматикалық құрылысын игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің жалпы ырғақты-мелодиялық құрылымын қағып алу жолымен қабылдайтын болса, екінші жылдың соңына қарай онда ана тілінің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдау қалыптасады. Осының негізінде белсенді сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады.
Грамматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін – түбірлі сөздерден құралатын сөйлемдер кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады. Баланың сөйлеуі ересек адам сөйлеуіне аз ұқсайды, ол кебінесе үлкендер пайдаланбайтын сөздерді қолданады.Мұндай сөйлеу автономиялы сөйлеу деп аталады.Сөйлеудің дұрыс дамуы жағдайында автономиялы сөйлеу тез етеді.Тілдің грамматикалық кұрылысын дамытудың екінші кезеңі үш жасқа дейін созылады. Баланың сәйлеуі біршама байланысты сипатқа ие болып, заттық дүниедегі көптеген қарым-қатынастарды оның түсінгендігін білдіруге мүмкіндік береді. Үш жасқа қарай бала бірсыпыра септік жалғау- ларды игереді. Заттық қатынастарды білдіретін сөйлеу формаларын нгеру баланың заттардың колданылу тәсілдерін игеруді жүзеге асыратын іс-әрекеттердің сипатымен түсіндіріледі.)» Бала нақты заттық қатынастарды бейнелейтін грамматикалық мәндердің байланысына ерте бағдар ала бастайды. Мәселен, «Балға койды», «Балғамен соқты» дұрыс колдануды игере отырып, мен жалғауындағы кұралдық мағынаны түсінеді де оны барлық кұралға стереотипті түрде кешіреді: «пышақмен», «қасықмен», «күрекмен» және т. б. Тілдік карым-қатынастар практикасында бұл стереотип түсіп қалады да, дұрыс септік жалғаулар пайда болады. Ана тілінің грамматикалық формаларын меңгеру баланың тілді сезінуін дамытады. Сәби сөйлемдегі сөздерді тәп-тәуір байланыстырады. Ерте сәбилік шақта бала ана тілін меңгеру жағынан оның негізгі синтаксистік кұрылым- дарын, грамматикалық формаларын және дыбыстарды игере отырып, орасан зор жұмыс атқарады.
Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының негізі болады…..


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!