Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
2018 жылғы 19 қараша 12:56 49
АСТАНА. ҚазАқпарат — Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ, күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев келесі жылы Ташкентте Орталық Азия елдері басшыларының кезекті жұмыс (консультативтік) кездесуін өткізу жөніндегі уағдаластықты нақтылады.
Тараптар осы іс-шараға дайындық мәселелерін аймақ елдері сыртқы саяси ведомстволарының деңгейінде келісудің маңыздылығын атап өтті.
Телефон арқылы сөйлесуге өзбек жағы бастамашы болды.