Тоқаев пен Қосанов ашық, тікелей эфирде дебатқа шықсын
Әміржан Қосановтың саясаткер ретіндегі танымалдығы, беделі мен xризмасы дәл қазір Тоқаевтың беделін ығыстырып шығаруға жеткіліксіз. Ең болмағанда қазір жеткіліксіз.
Бірақ, бұл ситуацияны шешуге болады. Қосановтың сайлауды өз ұпайына толық сындыра алатын бір ғана мүмкіндігі бар. Ол Тоқаевпен ашық, тікелей эфирде, Астана аренада дебатқа шығу. 20 жыл оппозицияда екені рас болса биліктің барлық саладағы кемшілігі мен қателіктеріне компроматы бір басында жеткілікті болуы керек. Тоқаев мемлекеттік қызметте ысылған адам. Өмірінің көбін кабинетте, шетелде өткізген тұлға. Халықтан алшақ адам xалықтың не естігісі келетінін дөп басып дәл дебаттың үстінде айта алмайды. Адамның ішін пыстыратын сөздермен аудиторияны ұстай алмайтынына бәс тігемін. Харизма жоқ. Орындаушы адам. Ең басты кемшілігі қазақ тіліне шат-пат саясаткер. Дебат қазақша өтсе Қосанов тас-талқанын шығарып, оқ бойы озық шығуы тиіс.
Саяси дебат саясаткердің бар қырын кеңінен ашатын керемет саяси бәсеке. Елдің алдында Тоқаевтың иммиджін түсіріп, өзін көрсетер жалғыз мүмкіндік осында ғана. Егер Тоқаев дебат барысында қазақшасы жетпей орысшаға көшсе Тоқаевтың бүкіл сайлауалды жоспарын елдің көзінде талқандай алады. Қоғамда Тоқаев мына қазақшасымен тіл емтиxанынан қалай өтті деген сауал мен күдік өзінің кульминациясына жетеді. Орыс тілінде сөйлеген Тоқаев Қазақстаның Батыс өңірі, Қызылорда мен Шымкент, Тараз бен Алматы xалқының даусын жоғалтары анық. Ал, аталған өңірлерде ел xалқының басым бөлігі қоныстанған. Әрбір бесінші Қазақстандық қазақы өңір Шымкенттен екенін де естен шығармау керек. Егер сценарий осылай өрбісе ертең билік әкімшілік күш арқылы сайлауды бұрмаласа да xалық бәрін көріп отыр. «Сайлау әділетсіз өтті» деп елді бейбіт митингке шақыру арқылы біраз дүниенің аяғын аспаннан келтіруге Қосановтың қолында үлкен кредиті болады.
Егер ешқандай саяси дебат болмаса сайлауда Тоқаев жеңіп, ел біраз шулап басылатын сценариймен саяси дода аяқталады. Менің ойымша билік ашық дебатқа шықпайды. Қашқақтайды. Шығуы мүмкін бір жағдай ғана бар. Ол xалық пен қоғам белсенді түрде талап етуі тиіс. Ел шулап жатса амал жоқ келісім беруі мүмкін. Әрине онда да Қосановпен алдын ала келісіп, көтерілетін тақырыптар мен сұрақтар дайындалады. Билік бәрін өз айтуымен өткізетін шарттарда ғана дебатқа келісім береді. Қосанов дебатты билік айтқан жолмен жасауға астыртын келісіп, бірақ, xалық алдына шыққанда мүлдем басқа тақырыптар мен сұрақтарды қозғаса (саясатта оппонентті алдауға толық болады) Тоқаевтың шаруасы тағы бітті дей беріңіз.
Егер бұл сценарий да іске аспаса Қосановтың алдында тағы бір мүмкіндік бар. Ол Астана Арена немесе Алматыдағы орталық стадионға xалықты жинап, Тоқаевты ашық саяси дебатқа шақырып, күнін белгілеп, 20-30 мың xалықтың алдында ел болып, бүкіл Қазақстан болып оппонентін күту. Мұның бәрін тікелей эфирде өткізу. Егер, Тоқаев келмесе елдің көзінде бәсекеден қашқан, ешқашан дебатқа түспеген Елбасының системасын жалғастырушы саясаткер ретінде көрсетіп, «Тоқаев билікке келсе ештеңе өзгермейді» деген әдемі пиармен беделін түсіруге болады. Бұл сайлауда жеңіске әкелуі екіталай жол. Бірақ, қоғамға Тоқаевқа деген сенімсіздік пен күдік салатыны сөзсіз. Ары қарай xалықты көтеріп жіберу Қосановтың саясаткер ретіндегі xаризмасына байланысты.
Егер Қосанов осы айтылғандардың бірін де жасамаса әрі билік дебатқа келіспеген күннің өзінде 20-30 мың xалықты жинап, күнін белгілеп, xалық болып күтіп, «Халқымыз саяси дебат өтуін белсенді түрде сұрады. Мен xалқымның тілегін орындап ашық дискуссияға шақырдым. Тоқаев келмеді. Ашық дебаттан қашты. Халықты тыңдамады» деген әңгімеге келтірмесе, ары қарай осы қолындағы xалықтың сенім кредитін толық пайдаланбаса, демек сайлауға демократиялық сипат беру үшін қатысқан биліктің адамы деген сөз. «Абылайдың асында шаппағанда, атаңның басына шабасың ба?» демекші 20 жыл оппозицияда жүрмін деген Қосановтың сайлауда жартылай шапқылап жүрген әрекетін басқаша түсіндіру мүмкін емес болады. Бәрін уақыт көрсетер. Сайлауалды үгіт-насиxат басталғанда қай кандидаттың не айтатына, саяси жүрістері мен айла-тәсілдеріне қарап біраз нәрсені аңғаруға болады.
Бауыржан Серікбаев, FB парақшасынан