Реферат: Физиология | Иммунитет және денсаулық

0

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. Дүниежүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері, денсаулық табиғаттың адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді.Адамзат баласының тіршілік өмірінде еңбір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты ақтап, оны орынсыз ысырып етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек – дейді дәрігерлер мен биологтар: Денсаулықты көздің қарашығындай етіп сақтау. Олар, немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған поссивтітүрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Денсаулықты сақтау бала кезден есейгенге дейін мұқият күту керек.Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлауына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында.
Соңғы жылдарда, әсіресе кейінгі он жыл ішіндегі дүниежүзінің барлық елдеріндегі, сондай – ақ, Қазақстан Республикасындағы халық денсаулығының тым нашарлап кетуіне байланысты, және адамдардың тіршілік ету мерзімдерінің қысқаруына байланысты, және адамдардың тіршілік ету мерізімінің қысқаруына сәйкес – адамдардың денсаулығына көп көңіл бөліне бастады.
“Денсаулық” – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. Адазат баласының тіршілік өмірінде ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырып етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек – дейді дәрігерлер мен биологтар. Баршаға белгілі – адамдардың денсаулығымен шұғылданатын, тек медицина ғылымдары ғана. Бірақ медицина ғылымы ауруларды емдеу мәселесімен шұғылданады да аурулардың пайда болуымен айналыспайды.
Ауру адамның физиологиясы мен тек физиолог ғалымдар шұғылданады. Ұлы физиолог И.П.Павлов өзінің еңбегінде былай деп жазған:
“Өкінішке орай, бізде әлі күнге дейін организмнің негізгі принципі – “денсаулық” деп аталатын сыртқы және ішкі біркелкілік қалыптың айқын анықтамасы жоқ…”. Иә, медицина ғылымы қанша көне болғанмен, денсаулық туралы анықтама бере алмайды. ХХ ғ әртүрлі себептер әсерінен медицина емдік, госпитальдық, емханалық, ықшам мамандандырылған анықтама бере бастады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, “денсаулық” дегеніміз – ағзаларда аурулардың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи, рухани және әлеуметтік толық аман – есендік. Академик В.П.Казначеевтің анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз, ағзаның ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психикалық әрекеттерімен тиімді жұмыскерлігінің, әлеуметтік белсенділігінің, сондай – ақ жас ерекшеліктеріне байланысты дені сау ұрпақ жалғастыру қабілеттігінің сақталуы мен дамуы. Ал И.И.Брехманның анықтамасы бойынша, денсаулық – адамның ерекшелігіне сәйкес өзгермелі ортада тұрақтығы, сонымен бірге сенсорлық, вербалды және құрылымды ақпараттарды қабылдау қабілеттігі.
Денсаулық адамның рухани байлығы. Ол біздің жер деп аталатын планетамызбен тығыз байланыста болады. Табиғат тайлығымен бірге өсіп, біте қайнасып жатыр.“Денсаулық – зор байлық” дейді қазақ. Халықтың денсаулығын сақтау аурулардың алдын – алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық, медициналық және биологиялық мәселе.
Елімізде денсаулық сақтау ісімен денсаулық сақтау министрлігі айналысады. Обылыстарда, аудандарда денсаулық сақтау бөлімдері жүргізіп отырады. Кейінгі кезде халық денсаулығы әсіресе балалармен жасөспірімдер денсаулығы өте нашарлап кетті. Балалар дәрігерлік көмекті балалар ауруханасы мен емханалардан тегін алады, ал үш жасқа дейінгі балалар консультация орындарының бақылауында болады. Денсаулық дегеніміз – ағзаның айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі. Айналаны қоршаған сыртқы орта әсерінен адамдардың денсаулығы қалыптасып, ол дами түседі.
Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар екені белгілі.
1. Физикалық денсаулық – ағза жүйесімен органдарының өсу деңгейі. Ол ағзаның бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
2. Соматикалық денсаулық – ол адам ағзасымен органдардың арасындағы биологиялық жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басының дамуының биологиялық бағдарламасы реттейді.
3. Психикалық денсаулық – ол адамның психикалық сферасының жағдайы. Ауруды болдырмау, адекватты реакцияларды жасау, адам өмірінің мақсатын болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.
4. Рухани денсаулық – ол адамдардың информацияны қабылдау қабілеттілігі мен мотивациялық іс — әрекеттің арасындағы қарым – қатынастардың сипаттамасын көрсетеді. Ол адамның көңіл күйін анықтайды. Өйткені рухани денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын, сүйіспеншілігін және жан дүниесінің сұлулығын көрсетеді.
Адамдардың денсаулығы неге байланысты болады деген сауалға келетін болсақ, денсаулықты шартты түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20 пайызы тік факторларға, 20 пайызы айналаны қоршаған сыртқы орта жағдайларына, экологиялық факторлардың әсеріне, 10 пайыз – денсаулық сақтау жүйелерінің әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр.
Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет жасайтын болса және дәрі – дәрмектер жеткілікті болса, онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні сөзсіз. Неше түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы қарсы тұра алады. Өйткені адам ағзасы табиғаттың өзі ерекше түрде жаратқан құбылыс.
Адам баласының денсаулығы айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен және ішкі физиологиялық үрдістермен байланысты болатыны анықталып отыр.
“Егер физикалық жаттығулармен шұғылданатын болсақ, онда дәрі – дәрмек ішудің ешбір қажеті жоқ” – деп Авиценна айтқандай: Адамзат баласы ұзақ жылдар бойы өзінің денесін сауықтыру үшін және ғұмырын ұзарту үшін, көптеген тәсілдерді пайдаланды. Денені шынықтыру үшін өте күшті бальзамды пайдаланды, жастық шақты қайтаратын эликсирді де ішті, скипидар қосылған және сүттен жасалған ванналарға да түсті. Новокомнды да денесіне ине арқылы жіберді, жануарлардың жыныс мүшелерін қоздыратын бездерді де денелеріне таратты. Мұның бәрін қазіргі заманның адамдары да пайдаланып келеді. Бірақ адамдардың денсаулықтары жақсарып, ғұмыры ұзарып кеткені байқалмады. Адамдардыңденсаулығын жақсартып, ғұмырын ұзартатын бір ғана фактор бар. Ол белсенді түрде жүргізілген физикалық жаттығулар.
Дене шынықтыру жаттығуларының әсерінен бұлшық еттерде едәуір өзгеріс болды. Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз түрде тұратын болса, онда олар әлсіздене бастайды, балбырайды, көлемі кішірейе түседі. Дене шынықтыру жаттығулары, олардың көлемін ұлғайтады, нығайтады.Сондай – ақ, бұлшық еттердің өсуі, олардың талшық санының көбеюінен, ұзаруынан емес, жуандауы әсерінен өзгереді. Қан айналым және бұлшық еттердің микро және макро элементтерімен қоректенуі күшейе түседі. Денсаулық күшейіп, ғұмыр сүру артады. Жаттығу кезінде оттек тұтыну деңгейі кенет көтеріледі. Өйткені бұлшық ет жүйесі қаншалықты жұмыс істесе, соншалықты жүректе әлеуметті түрде функциялар атқарады. Денешынықтырумен, спортпен айналыспайтын адамдардың бұлшық еттері әр бір жиырылған сайын, қолқа тамырға 60 мл мөлшерінде ғана қан жүректің сол жақ бөлімінен лықсып шығаратын болса, белсенді қимыл жасап жаттыққан адамдарды жүрек минутына 70 рет жиырылады, ал спортшыларда пульс жиілігі 1 минут ішінде небәрі жүрек 50 – 60 рет қана жиырылады. Ал үнемі жаттығулар щұғылданатын спортшыларды пульс 30 – 40 тан аспайды. Қорыта айтқанда, денешынықтырумен шұғылданыпе жаттыққан адамдардың жүректері әр систола деп аталатын құбылыстарда медициналық термин қанда денеге көп таратып тұрады. Жаттыққан адамдардың жүрегі үнемі және ұтымды жұмыс жасайды.
Дене жаттығулары өкпенің тіршілік сыйымдылығын арттырады. Қабырға араларында еттер қарқынды жетіліп тыныс алуды күшейтеді. Денедегі шеміршектердің икемділіктерін арттырады. Дем алудың минуттік көлемі қалыпта жағдайда 8 – 10 литр мөлшерінде ол тәуілігіне адам өкпесі 12 – 15 мың литр оттекті қабылдайды. Марафон жүгірісімен шұғылданатын спортшы минутына 160 литр ауа жұтады.
Дене шынықтырумен айналысу зат алмасудың барлық үрдісін жақсартатын сөзсіз. Зәр шығару үрдісі көбейе түседі. Қан айналымы, ми айналымы күшейеді. Денсаулық артады, ғұмыр ұзаратыны сөзсіз.
Дене жаттығулары жамбас қуысына қанның іркіліп қалмауын үдетеді, геморроймен ауыратын адамдар мүлдем жазылып кетеді.
Дене жаттығулары адамдардың психикасына да үлкен әсерін тигізетіні өмір тәжірибесінен белгілі. Дене шынықтыру жаттығуларының мол жиынтығының арсындағы ең бірінші орынға шығаратындары: сауықтыру жүріс, жүріспен алмастырып тұратын жүгіру, аэробика, шейпинг,жүзу, туризм, ерік гимнастикасы және тыныс алу жаттығулары. Дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу тек қуаныш – бақыт сыйлау керек. Жаттығу ұзақтылығы, немесе жасамау адамдардың көңіл күйіне айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына байланысты болады. Дене шынықтыруды дағдыға айналдырған жөн. Тұрақты түрде дене жаттығулармен балалардың ағзасына ол дағды түрде қалыптасып, әрі қарай дами түседі.
Бас, бет және мойын бұлшық еттерініңерікті гимнастикасы бетке әжім түсірмейді. Көз еттерін бернеу және босаңсыту, көзді жан – жаққа қарай алаңдатып қозғалту көздің көру қасиеттерін арттырады.
Ден шынықтыру дегеніміз – кез келген физикалық жаттығу. Оның белгілі заңдылықтары мен принциптер мен заңдылықтарды сақтай отырып, адам айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының зиянды әрекетін жеңе алады. Дене шынықтыру адамның күш – жігерін қабілетін дамытып денсаулығын жақсартады.Денені шынықтыруға дене тәрбиесі, арнаулы ғылыми білім, спорттағы табыстар жүйесі енеді. Денені шынықтыру еңбек пен тұрмыс гигиенасы, демалыс және еңбектің дұрыс режимін, сонымен бірге денсаулықты нығайтып, шынықтыру үшін күн мен ауаны және суды тиімді пайдалану тәсілдерін қамтиды.
Шынығукезінде ағзаның біріншіден айналаны қршаған сыртқы орта факторларымен арадағы биологиялық тепе – теңдікке жету, екіншіден, ағза ішіндегі физиологиялық – биохимиялық үрдістер арасындағы бұзылмаған қалыпты сақтау. Айналаны қоршаған сыртқы орта факторларымен қашан да, қай мезгілде жыл маусымдарында болмасын ағза биологиялық тепе – теңдікті сақтай алса, онда адам тіршілік үрдісін тоқтатады. Тіпті, қалыпты жағдайдың өзінде де ағзада қалыптан тыс ауытқулардың үзіліссіз өзара ықпал әрекеттері өтіп отырады. Олардың керекті ағзаның икемдегіш типтік – тегершіктермен жедел жөнге келтіріп отырады. Бұл табиғат күшіне байланысты жүреді.
“Медицинаның біржақты дамуы” – деп жазды И.Давыдовский және отандық ғылымдар және шетел ғалымдары, адамдар ағзасының қасиетін дамытуға азда болса, жаңадан кірісе бастады. Ағзаның өзіндік табиғи қорғаныс күші бар екенін дәрігер байқады. Ағзаның қорғаныс қасиеті өте күшті болатынын дәрігер білді. Міне, осыған байланысты, 1960жылдан бастап саналогия ғылымы пайда болып, дами түсті. Саналогия дегеніміз – жалпы ілім – ағзаның ауруларға қарсы тұру күші. Оның негізін Саногенез құрайды. Саногенез – ағзалардың айналаны қоршаған сыртқы орта факторларына бейімделуі, бейімдеулілік механизмдерінің динамикалық комплексі. Ол төтенше тқоздырғыш факторлардың әсерінен пайда болады. Бұл бағытты дамытқан С.М.Павленко мен С.Ф.Олейник еді. Олардың айтуларына қарағанды, саногенездің көптеген механизмі арнаулы түрде жүргізілген жаттығулардың нәтижесінде қарқынды түрде дами түседі деді. Ағза түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тура алатынын олар жазды. Кейінгі кезде ағзалардың неше түрлі дерттерге қарсы тұратыны, туа пайда болатын иммунитеттен болатыны байқалды.
Иммунитет – организмнің қорғану күшін нығайтушы. Организмнің қорғану күшін нығайту жолдары. Иммунитет түрлері, зақымдаушы факторлар әрекетіне организмнің қарсылық көсете алуы және тұрақтылығы организм қорғану күштерінің әрекет ету тегі. Организмнің әр түрлі ауруларға қарсылық көрсете алуы. Иммунитетті сақтау және арттыру амалдары, әдістері.
Қорытынды

Біз, Әр қашан өзімізді ата – анамыздың қалдырған байлығынқалай болса солай шешумен айналысып келеміз, денсаулықтың қандай қандай қымбат қазына екенін түсінбестентуған туындылар. Ол ата – анадан келген байлық. Біз денсаулықты есепсіз қалай болса солай кетіруге тырысамыз, денсаулықтың келешекте болатынынескермеймізде. Денсаулықтың не екенін, оның қадірін тек ауырған кезде ғана білеміз.
“Мен сенемін” – деп П.Брэгг жазды, — әрбір адам 120 жыл тіпті одан да көп өмір сүуге құқығы бар деді. Денсаулық сатып алынбайды, оны өзің тұрғылықты түрде қызмет жасап, өзің жасауың керек.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. “Валеология” Х.К.Сәтбаев, Ж.Б.Нілдібаев. Алматы 2002 жыл
2. “Валеология” Ә.Х.Сағымбаев, М.М.Ақмырзаев. Алматы 2001 жыл
3. “Валеология” Ж.Ж.Жатқанбаев. Алматы 2003 жыл
4. “Қазақ ССР энциклопедиясы” V – том. Алматы 2000 жыл ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!