Мәскеудегі ұшақ апаты: жолаушылар арасында қазақстандықтардың болды ма

0

Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Мәскеудегі жергілікті билікпен үнемі байланыста екенін айтты

Сыртқы істер министрлігі Шереметьево әуежайында өртенген ұшақ жолаушыларының нақты тізімін күтіп отырғанын хабарлады. Соңғы ақпаратқа сәйкес, «Аэрофлот» компаниясының Sukhoi Superjet 100 ұшағы өртенгенде 41 адам қаза болып, 6 адам ауруханаға жеткізілген.

«Зардап шеккендер мен көз жұмған жолаушылар арасында қазақстандықтардың болған-болмағаны анықталып жатыр. Борттағы жолаушылардың нақты тізімін күтіп отырмыз», — деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Мәскеудегі қазақстандық дипломаттар жергілікті билікпен үнемі байланыста екенін айтты.

Sukhoi Superjet 100 ұшағындағы өрт

Жексенбі күні кешке Мәскеуден Мурманск қаласына ұшып бара жатқан ұшақ әуежайға шұғыл қайтып оралып, қатты қонған болатын.

видео очевидцев

Куәгерлердің видеосы

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ұшақты екінші талпыныстан соң ғана қондыруға мүмкіндік туды. Ұшақтың тағандары сынып, қозғалтқыштары өртенген.

Тергеу комитеті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Төтенше жағдайды тергеу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылатын болады.

sputniknews.kz