Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 20,8%-ға өскен

0

Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 20,8%-ға өскен

Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 2018 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында 8631,1 миллиард теңгені құраған. Бұл былтырғы көрсеткіштен 20,8% артық.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің дерегінше, бұл кезеңде инвестициялардың негізгі көздері шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты екен. Оның көлемі – 6 301,2 миллиард теңге.

Қаңтар-қазан айларында машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдар, саймандарды алуға және олардың күрделі жөндеуіне жұмсалған инвестиция 11,1% -ға артқан.

Инвестициялау үшін басым салалар – кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу (42%), көлік және қоймалау (12,5%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (12,9%). Ірі кәсіпорындарға салынған инвестиция көлемі – 4875,2 миллиард теңге.