Головкиннің жаңа бапкері кім

0

Қазақстандық боксшыны тоғыз жыл бойы Абель Санчес жаттықтырған еді

WBC, WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) ресми түрде жаңа бапкерінің есімін жария етті, деп хабарлайды Sports.kz.

Енді отандасымызды Джонатон Бэнкс жаттықтырады.

Қазақстандық боксшы жаңа бапкері туралы пікірімен бөлісті.

«Джонатон маған өз мақсаттарыма жетуге көмектесетін жаңа тәсілдерді үйретеді. Оның оқыту тәсіліне сенемін. Біз бар күшімізді салып жұмыс істеп жатырмыз. 8 маусымда әлемге ерекше Big Drama Show көрсету мүмкіндігін асыға күтемін», — деді Головкин.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкин ұзақ жылдар бойы Абель Санчеспен жұмыс істеген еді. Алайда отандасымыз өзін тоғыз жыл бойы жаттықтырған бапкерінен бөлек кету туралы шешім қабылдады.

sputniknews.kz