Аш қарынға не жеуге болмайды?

0

Қатты қарныңыз ашып тұрса да, кез келген тағамды жеуге асықпаңыз. Аш қарынға әр тағам жарамайтынын ескеріңіз. Егер асқазан-ішек ауруына шалдыққыңыз келмесе, аш қарынға төмендегі келтірілген тағамдарды тұтынудан бас тартқаныңыз жөн.
Банан. Құрамында көп мөлшерде магний болатындықтан, аш қарынға банан тұтыну адам ағзасының магний-кальцийлік теңгерімін бұзуы мүмкін. Бұл өз кезегінде жүрек-қан тамырларының ауруына ұшыратуы мүмкін.
Апельсин. Асқазаныңыз газ бен қышқылға толып қалуы мүмкін.
Суық сусындар. Олар асқазан мен ішектерді тітіркендіреді. Нәтижесінде ферментті реакциялар бұзылып, аурулардың пайда болуына түрткі болады.
Йогурт. Аш қарынға йогурт тұтынғанда ол өзінің біршама пайдалы қасиеттерінен айырылады. Оны тамақ ішіп болған соң, 2 сағаттан кейін немесе жатар алдында жеу керек. Осы кезде ғана ол ас қорытуға көмектесе алады.
Тәтті картоп. Илік қышқыл мен пектин асқазан сөлінің бөлінуіне ықпал етеді, нәтижесінде адам өзін жайсыз сезінетін болады.
Құрма. Құрмада көп мөлшерде пектин мен илік қышқыл болады. Ол асқазан сөлімен байланысқанда гель тектес затқа айналады. Нәтижесінде асқазан тасының пайда болуына ықпал етуі мүмкін.
Қызанақ. Олар да құрма сияқты кері әсер тудырады.
Қант. Қант тез қорытылады. Қант аш қарынға түскенде, адам ағзасы қанға қажетті жеткілікті түрде инсулин бөле алмайды. Бұл көз ауруының тууына әсер етуі мүмкін. Бұдан өзге, қант – бұл қышқыл-сілтілі теңгерімді бұза алатын қышқыл түзгіш тағам.
Сарымсақ. Оның құрамындағы аллицин асқазан мен ішек қабырғаларын тітіркендіреді. Бұл гастроспазм тудыруы мүмкін.
Асқазан денсаулығы үшін таңертең десерт, не ұннан жасалған тағамдарға ден қойғаныңыз абзал.