Шымкентте жас қыз көлігімен 5 жасар баланы басып өлтірді

0

Облыстық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде 2013 жылы туылған бала қайтыс болды. Бес жасар баланы үй ауласында көлік басып кетті.

Шымкентте жас қыз көлігімен 5 жасар баланы басып өлтірді

Бес жасар баланы көлік басып кетті. Куәгерлердің сөзінше, көлік тізгінінде жас қыз болған. «Шевроле» көлігі ауладан шығар жолда подъезден шыққан баланы байқамаған болса керек. Оны үстінен басып өткен.

Куәгерлер баланы жақын жердегі ауруханаға өздері жеткізді. Дәрігерлер баланы дереу тыныс алу аппаратына қосты. Алайда баланың жүрегі тоқтап қалды.

Дәрігерлер баланың негізгі бас сүйегі сынғанын айтты.

Ал, оқиға болған аула тұрғындары бұл жерді сатушылардың тұраққа айналдырып жібергенін айтады.

«Балаларымыз ойнайтын жер жоқ. Қанша шағым айтқанымызбен сөзімізді ешкім естімеді. Енді бала өліп жатыр. Бізді тыңдау үшін адам өлуі керек пе еді?», — дейді тұрғындар.

stan.kz