Алматы облысында 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды
Ұстаздарының айтуынша, оқушы мен басқа балалардың арасында кикілжің болмаған
НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр – Sputnik. Алматы облысында №19 орта мектептің 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды «Алматы» телеарнасы.
«Суицид сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне ресми тіркелді, өлер алдында хат жазып қалдырған. Соған қарамастан ювеналды полиция қызметкерлері тиісті тергеу шараларын қолға алды», — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.
Тағы оқыңыз: Таразда жас қыз өз-өзіне қол салмақ болды — жантүршігерлік видео
Ұстаздарының айтуынша, жасөспірім мен басқа оқушылар арасында кикілжің болмапты. Керісінше, балалар сынып белсендісінен үлгі алып жүреді екен. Ал оқушының неге өз-өзіне қол салғаны беймәлім.
«Бала үнемі менімен сөйлесіп, ойымен бөлісіп, ұсыныстарын айтатын. Басқа балалармен ренжіскен емес. Әлеуметтік желілерде де ештеңе жазбаған. Отбасында бәрі дұрыс еді, ата-анасы балаларына жақсы қарайтын. Неге бұлай болғанын елестету қиын», — дейді Талғар ауданындағы № 19 мектептің мұғалімі Айдар Мамышев.
Тағы оқыңыз: Бала зорланғанын неге бірден ата-анасына айтпайды — психоаналитиктер түсіндірді
sputniknews.kz