Көлік жарысында қатысушы жолдан ұшып кетті
«Формула-3» көлік жарысына қатысушы неміс қызы София Флерш ауруханаға жеткізілді, жарыс қызыл жалаулармен тоқтатылған.
Кәмелеттік жасқа толмаған қатысушы София Флерш Макаодағы «Формула-3» Гран-при кезеңінде жантүршігерлік апатқа ұшырады. Қыз айдап келе жатқан көлік трассадан ұшып кеткен. Содан соң тор қоршауды бұзып өтіп, қауіпсіздік рельсінің ар жағына бір-ақ шықты.
Жүргізушіні ауруханаға жеткізгенде есін жоғалтпаған. Motorsport.com хабарлағандай, апат салдарынан үш көрермен мен екі фотографқа медициналық жәрдем қажет болған. Апаттан соң жарыс қызыл жалаулармен тоқтатылды. Жарысқа жеті дүркін «Формула-1» чемпионы Михаэль Шумахердің ұлы Мик Шумахер де қатысып жатқан еді.
Дереккөз: Sputnik