2019: КӨШБАСШЫЛАР КӨШКЕН ЖЫЛ

0

30 көкекте Жапонияның 125-ші императоры Акихито елді 30 жыл басқарған соң өз еркімен тақтан түсіп, орнын баласы Нарухитоға беріпті.

Жапонияның ең бірінші императоры Дзимму біздің жыл санауымызға дейінгі 711 жылдан 585 жылға дейін 126 жыл өмір сүріпті. Ол б.д.д. 660 жылдан бастап ел билеген. Содан бергі 2359 жылда 125 император өткен. Міне, тарих деген! Акихито 1989–2019 жылдары басқарды. 1998 жылы ақпан айында Жапониядағы қысқы Нагано Олимпиадасының ашылуында жақын жерден көріп едім. Ол кезе әрине, жастау болатын. Акихито соңғы 200 жылда орнынан өз еркімен түскен бірінші император.

Бұдан үш жыл бұрын Акихито жасының ұлғаюына байланысты (1937 жылғы) орнынан түсуі жөнінде мәселе көтерген. Ләкин елдің заң жүйесінде императордың өз еркімен кетуі қарастырылмапты. Сондықтан мамандар екі жыл бойы зерттеп, зерделеп, ақыры императордың өз еркімен кетуіне мүмкіндік беретін заң жобасын жасап, ол парламентте мақұлданған. Тақтан түсетін күні 30-шы көкек екен.

Біздің оқулықтарда Қазақ хандығы жылдарында ел билеген 32 ханның аты-жөні келтірілген. Шіркін, енді оның ар жағындағы хандардың, билеушілердің аты-жөндері тізбеленсе ғой. Кеңестік билік кезінде Қазақстанды 19 адам басқарыпты. Оның ішінде қазақтар төртеу ғана. Мұхамедхафий Мырзағалиев, Жұмабай Шаяхметов, Дінмұхамед Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаев . Сонда жалпылай алғанда қазіргі президентіміз Қ.Тоқаев 52-ші басшымыз екен.

Жапон парламенті императордың өз еркімен тақтан түсуін қамтамасыз ететін заң қарастырып жатқанда Малайзияның Королі (1969 жылғы) Мұхаммад V (Келантана сұлтан) 2019 жылғы 6 қаңтарда орыс қызына үйленемін деп доғарысқа кетті. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев (1940 жылғы) 2019 жылғы 20 наурызда президенттік қызметтен кеткенін жариялады. Алжир Президенті Әбдел Әзіз Бутефлика (1937 жылғы) 2-көкекте орынтағын босатты.

Биыл сондай монархтар мен президенттердің топырлап тарих сахнасынан көшкен жылы екен. Артының қайырын берсін дейік! Енді құдай қаласа, алдағы 9 маусымда 53-ші көш басшымызды сайлайтын боламыз. Кімге дауыс беретініңізді енді өздеріңіз шешесіздер!

Марат Тоқашбаев, FB парақшасынан