Назарбаевтың төрағалығымен Ассамблеяның XXVII сессиясы басталды
Қысқа сілтеме алу
Ассамблея сессиясына еліміздің түкпір-түкпірінен 1300-ден аса делегат келген
НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Елордада Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ассамблеяның XXVII сессиясы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Күн тәртібіне «Бейбітшілік пен келісім формуласы: бірлік және жаңғыру» тақырыбын арқау еткен сессия Бейбітшілік және келісім сарайында өтіп жатыр. Сессия отырысын Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ашты.
Тағы оқыңыз: Назарбаев ҚХА-ның 25 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуді тапсырды
Еліміздің маңызды оқиғасына республиканың барлық өңірінен 1300 делегат жиналды. Сондай-ақ, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Германия елдерінен де қонақтар келді.
Жалпы сессия жұмысына 1500-ге жуық адам қатысып жатыр. Олардың арасында Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, парламент депутаттары, орталық атқарушы органдар, саяси партиялар мен діни бірлестіктердің, ҮЕҰ басшылары, шет елдер миссияларының өкілдері, БАҚ бар.
Сессия соңы мерекелік концертке ұласады деп жоспарланып отыр.
sputniknews.kz