мерекелер, тарихи оқиғалар, танымал тұлғалар

0

Бұл – Григориан күнтізбесінде 323-ші күн. Жылдың соңына дейін 44 күн бар

19 қарашада не болғанын білесіз бе? Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

         19 қарашада әлемде қандай қызықты оқиға болды: 

 Бүгін  шыны өнеркәсібінің қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған, ол мозаикалы картиналар үшін шыны рецептілерінің бірін жасаған атақты орыс ғалымы Михаил Васильевич Ломоносовтың туған күнімен сәйкес келеді. Айта кету керек, адамзат шыныны алғаш рет бес мың жыл бұрын өндірді. Шынының осыншалық бай тарихы бар екеніне қарамастан, шыны өнеркәсібі ХІХ ғасырдың соңында ғана дами бастады, табақ шыны XX ғасырда пайда болды. 

Сондай-ақ бүгін – Дүниежүзілік дәретхана күні. Бұл, әрине, ең ерекше және қызықты мерекелердің қатарына жатады. 2011 жылы Сингапурда дәретхана проблемасына арналған халықаралық ауқымдағы конференция өткізілді. Бір қызығы, мұндай ерекше конференцияны өткізетін орын өте мұқият таңдалды.

Сингапур дәретхана тазалығын мұқият сақтайтын ел ретінде белгілі.Ұлттық ауқымдағы 17 дәретхана ұйымының атынан келген Азия, Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің екі жүзден аса делегаты аса маңызды мәселелерді мұқият қарастырып, дәретхана жұмыстарын жүргізу жайлы тұжырымдаманы анықтау үшін бас қосуға шешім қабылдады. Кездесу нәтижесінде Дүниежүзілік дәретхана ұйымын құру туралы шешім қабылданды, бұл ұйым осы ерекше мерекені құруға шешім қабылдады.

Тағы бір мереке – Жаңа піскен нанның исі күні. Ыстық нанның иісін жақсы көрмейтін адам кемде-кем шығар! 

19 қарашада әлемде болған тарихи оқиғалар:

1493 жылы Пуэрто-Рико аралы ашылды;

1891 жылы Германияда алғашқы ойыншық теміржол сатылды;

1969 жылы америкалық «Аполлон-12» ғарыш кемесі Айға қонды;

1986 жылы КСРО-да «Жеке еңбек қызметі туралы» заң қабылданды. 

19 қарашада Қазақстанда болған тарихи оқиғалар: 

1970 жылы Жамбыл облыстық мұражайына Кеңес Одағының батыры, қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлының бюсті тапсырылды; 

2004 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Абылай хан» операсының премьерасы өтті. 

2007 жылы Атырау-Ақтау автожолының Қарабатан-Доссор бөлігі ашылды. Бұл автокөлік жолы халықаралық транзиттік дәліз болып саналады.

19 қарашада дүниеге келген танымал тұлғалар:

— 1711 жылы әлемдік деңгейдегі алғашқы орыс табиғат зерттеуші-ғалымы, энциклопедияшы, химик және физик Михаил Ломоносов дүниеге келді;

— 1839 жылы чех инженері, Shkoda машина құрастыру зауытының негізін қалаушы Эмиль Шкода дүниеге келді;

— 1917 жылы үнді мемлекеттік және саяси қайраткері, 1966-1977 және 1980-1984 жылдардағы Үндістан премьер-министрі Индира Ганди дүниеге келді;  

— 1942 жылы америкалық киім дизайнері, 1968 жылы жеке Calvin Klein Inc компаниясын ашып, оған 2003 жылға дейін иелік еткен Келвин Кляйн дүниеге келді;

— 1962 жылы америкалық актриса және режиссер, үздік әйел рөлі үшін екі мәрте «Оскар» жүлдесін иеленген Джоди Фостер дүниеге келді. 

19 қарашада Қазақстанда кім дүниеге келді: 

— 1929 жылы ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты Сапар Байжанов дүниеге келді;

— 1939 жылы тоғыз құмалақтан спорт шебері, республикалық біріншіліктің чемпионы Әбдібек Айтмағанбетов дүниеге келді;

— 1950 жылы Қазақстан суретшісі, анимациялық және көркем фильмдердің қоюшы суретшісі Раушан Момбекова дүниеге келді;

1956 жылы Қазақстанның Беларусьтегі Төтенше және өкілетті елшісі Ермұхамет Ертісбаев дүниеге келді;

— 1962 жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы  Сауат Мыңбаев дүниеге келді;

— 1962 жылы Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің басшысы  Нұрлан Алдабергенов дүниеге келді.

Ай күнтізбесі  

  Ай Тоқты белгісінде орналасады. Жазықты жанды іздеудің қажеті жоқ, бәрін жоғары деңгейде жасағыңыз келсе, өз күшіңізге сеніңіз. Махаббатта да бәрі керемет болмауы мүмкін, бүгінгі қарым-қатынасыңызға сызат түсірмеу үшін сүйіктіңізден барынша аулақ жүріңіз.