Даяшы бір дегенде бір құшақ ыдыс-аяқты жинап әкетті
Мейрамхананың даяшысы ыдыс-аяқ жинаудың қыр-сырын әбден меңгерген көрінеді
Даяшы бір дегенде дастарханнан бір құшақ лас ыдысты алып кетті. Ол үшін жігіт тәрелкелерді «гүл» сияқты бірнеше қабат етіп жинастырған.
Бәлкім, оның бұл шеберлігіне жалқаулығы да сеп болған шығар. Себебі осынша ыдысты ас үйге тасу үшін, бірнеше рет әрлі-берлі жүгіруіне тура келер еді.
Тапқыр әрі епті жігіттің «өнерін» видеодан тамашалаңыз.
sputniknews.kz