Назарбаев Қытайға не үшін барғаны белгілі болды
Қысқа сілтеме алу
Қазақстанның Тұңғыш президенті Қытайдағы форумда 37 мемлекет басшысының арасында алғашқылардың бірі болып сөз сөйледі
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумына қатысты, деп хабарлады Twitter-де Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» халықаралық форумына қатысу үшін Бейжің қаласына келді.
Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі деп жоспарланып отыр. pic.twitter.com/UIU3PAn0Ow— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) 25 апреля 2019 г.
Қытай астанасында бүгін таңертең «Бір белдеу, бір жол» форумы ашылды.
Елбасы Нурсултан Назарбаев принимает участие в Церемонии открытия Международного Форума «Один пояс, один путь» pic.twitter.com/Cq26wxuRs2
— Aidos Ukibay (@Aidos_Ukibay) 26 апреля 2019 г.
Іс-шараның ашылу салтанатына Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.
Форумның ресми ашылуы аясында Назарбаев үшінші болып, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Ресей президенті Владимир Путиннен кейін сөйледі.
Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі деп жоспарланып отыр.
«Бір белдеу, бір жол» форумы Бейжіңде 26-27 сәуірде өтеді, оған 37 елдің басшысы қатысып жатыр.
🇨🇳 В эти минуты в Пекине проходит официальная церемония открытия II Форума международного сотрудничества «Один пояс, один путь» #BRI pic.twitter.com/NG5ngROIQA
— MFA Kazakhstan 🇰🇿 (@MFA_KZ) 26 апреля 2019 г.
sputniknews.kz