Қырғызстанда облыс прокурорын өлтіріп кетті
Фото: ru.sputnik.kg
Астана, BAQ.KZ. Баткен облысының прокуроры Анарбай Мамажақыповты 18-қарашаға қараған түні өлтіріп кеткен. Бұл туралы Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметі өкілі Карима Аманқұлова хабарлайды.
«Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», — дейді өкіл.
РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, қазіргі таңда аталған іске қатысы бар күдікті қамауға алынған. Бірақ оның аты мен фамилиясы жарияланбай отыр.
Ішкі істер министрлігі ұсталған азаматқа қатысты шұғыл-тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ