Алматы соты қырғызстандық экс-депутатты 10 жылға түрмеге кесті

0

Алматы Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қырғызстан парламентінің бұрынғы депутаты Дамирбек Асылбекуулу «шекарадан контрабандалық тауар өткізбек болды» және «трансұлттық ұйымдасқан топқа қатысты» деп айыппен 10 жылға соттады. Сот экс-депутат Қазақстанға 5 жыл көлемінде кіруге тыйым салды.

Экс-депутат жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді. Судья Бақытхан Бәкірбаев Асылбекуулуның жазаны өтеу мерзімі қамауда отырған кезінен — 2018 жылдың 15 ақпанынан бастап есепке алуды үкім етті.

Прокурорлар актісінде Асылбекуулуның 2016 жылы қарашада «депутаттық қызметін пайда табу және заңсыз баю мақсатына пайдаланып, трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны» айтылған. Прокурорлардың сөзінше, ол қылмыстық топты «Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресейге заңсыз тауар жіберу үшін басқарған».

Тікелей эфир: Алматы сотының қырғызстандық экс-депутатқа кескен үкімі. 24 сәуір.

Дамирбек Асылбекуулу 2018 жылы 15-16 ақпан күндері сол кездегі Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында өткен арнайы операция барысында ұсталған. Онымен бірге ұсталған 34 адамның арасында кеден органдары, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер болған. Ұсталғандардың үшеуі – Қырғызстан азаматы.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда ұсталған Қырғызстан депутаты кім еді?

Бұл іс бойынша Асылбекуулунан өзге 11 адам сотқа тартылған.

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты 17 ақпанда Қырғызстан азаматтарын екі айға тұтқындау туралы шешім шығарып, кейін қамау мерзімін бірнеше рет ұзартқан. Сот барысында Дамирбек Асылбекуулу Қазақстан азаматтығынан айрылғаны белгілі болды.

Жаңалық толықтырылады.

Azattyq