Көпбалалы отбасыларға 2%-тік ипотека мамырда беріле бастайды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Көпбалалы отбасыларға мамыр айының соңына қарай несие беріле бастайды

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Көпбалалы тұрмысы төмен отбасыларға 2-3 проценттік жеңілдетілген ипотека мамыр айының соңына қарай беріле бастайды. Бұл туралы бүгін мәжілістің жалпы отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осы жылдың ақпанында Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесі арқылы 2-3%-пен тұрғын үй несиесін алудың жеңілдетілген тетігін әзірлеуді тапсырған болатын. Жеңілдетілген ипотеканы көпбалалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар, кірісі төмен отбасылар ала алады.

Тағы оқыңыз: Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы: министрлік сынға жауап берді

Бүгін тұрғын үй қатынастары туралы заң жобасын қарау кезінде мәжіліс депутаттары ТҚЖБ өкілінен 2%-пен баспана қарызын алудың шарттары мен мерзімін сұрады.

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жанар Жұбаниязова қазіргі уақытта қаржылық-экономикалық негіздеме жасалғанын атап өтті.

«Қазір ол экономикалық сараптамадан өтіп жатыр. Содан кейін қайтадан мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына енгіземіз. Ұлттық экономика министрлігі мақұлдағаннан кейін, барлық тиісті құжатты рәсімдейміз», — дейді ол.

Жұбаниязова әкімдіктер тізімде тұрғандар аясында көпбалалы аналардың және мүгедек балалары бар отбасылардың екі проценттік несиемен баспана алу мүмкіндігі бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама береді.

Тағы оқыңыз: Көпбалалы отбасылар баспана алу үшін жеке кезекке тұрады

«Сол жолдама бойынша осы отбасылар біздің банктен кредит алу мүмкіндігіне ие болады. Біздің ойымызша, мамыр айының соңына қарай несие беруді бастаймыз», — деді ол.

Айта кетсек, бүгін мәжіліс көпбалалы аналар мен көпбалалы отбасыларды жеке кезекке шығарып, мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте баспана алуға мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдап, сенатқа жіберді.



sputniknews.kz