Солтүстік Қазақстандағы ауыл мектебінің бір бөлігі опырылып түсті

0

Солтүстік Қазақстандағы кенттердің біріндегі мектеп ғимаратына жапсарлас салынған нысан қирады. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет хабарлады.

«24 сәуірде түнгі сағат 1.30 шамасында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша кентіндегі №1 орта мектеп ғимаратына жапсарлас салынған, сыртқа шығуға арналған, аумағы 50 шаршы метр нысан опырылып түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, нысанның қирауына ғимараттың тегіс орнықпауынан пайда болған тік жарық себеп», — деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. «Мектептің коммуникациялық жүйесі бүлінген жоқ. Сабақ уақытша тоқтатылды» деді министрлік өкілі.

Azattyq