«Адам болмайды»: Артур Төлеповтің шала туған сәбиінің денсаулығы қалай? — Қазақстан жаңалықтары

0

Артур Төлеповтің жары баласын қалай аман алып қалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Артур

Бұл жайлы Мадина Төлепова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 7 айында дүниеге келген Абылайхан есімді ұлдарын бастапқыда дәрігерлер адам болмайды, өте әлсіз деп қорқытқан көрінеді. Уақытына жетпей аяқ асты толғатқан келіншек ұлының өміріне қатты алаңдағанын айтады. 

«Қайырлы кеш! Ал, күнделікті қойып жүрген сұрақтарыңыздың біріне жауап берейін бүгін! №3 перзентxанада босандым. Жүктілігімнің 28-аптасы болатын, аяқ асты толғағым басталып кетті, ал босануға ешқандай да дайын емеспін. Тек жүрегімде қорқыныш, көзімде жас, қасыма ешкімді кіргізген жоқ, толғақ 28 сағатқа созылды. Сонымен, 22 қаңтар Алланың қалауымен Абылайxан ұлымыз дүниеге келді», — дейді Мадина Төлепова.

Бір тәулікке созылған толғақтан кейін өнер иесінің жары баласының жансақтау бөлімінде жатқанын біліп қамыққан. Өмірге ерте келген нәрестенің бастапқыда жағдайы тым ауыр болған көрінеді. Мадина Төлепова баласын бауырына басып та үлгермепті. Бірақ, медицинаның арқасында кішкентай Абылайханды аман алып қалған. Әншінің әйелі қазір бәрі жақсы екенін айтып, жаратқанға шүкірлік етті.

«Кеудеме жатқызған жоқ, тек дауысын естіп үлгердім, дәрігерлер баланы жансақтау бөліміне алып кетті. 3 сағаттан кейін тұрып балама бардым, толғатып жүргенде бір дәрігердің айтқаны есімде «28 апта, ол адам болмайды ғой деп» сол миымда қалып қалды. Қатты қорықтым, уайымдадым. Дәрігеріміз ешнәрсе айта алмаймын, жағдайы өте ауыр, тек уақыт керек деген болатын. Аллаға шүкір медицина дамыған, күн сайын жағдайы жақсарып, салмақ қосып,  батырым өмірмен күресті жеңді барлығын. Сіздердің де дұғаларыңыз бар, Аллаға сансыз шүкір, Қазір жақсы барлығы!» — деді Мадина ханым.

stan.kz