Құрамы темірге бай 10 пайдалы тағам

0

Құрамы темірге бай 10 пайдалы тағам

Темір адам ағзасында үлкен рөл атқарады. Ол гемоглобин шығаруға және басқа кей гормондарды өндіруге көмектеседі. Күніне әйелдерге 18 мг, ал ер адамдарға 8 мг темір қолдану керек. Ендеше, құрамы темірге бай 10 пайдалы тағамды ұсынамыз.

1. Картоп

Сұрыбына байланысты бір картопта 1,2 мг-нан 3 мг-ға дейін темір болады. Максималды түрде пайда алу үшін картопты қуырмай, суға немесе буға пісірген жөн.

2. Зәйтүн

10 зәйтүнде шамамен 1,5 мг темір болады. Оны салатқа қосуға болады.

3. Бадам жаңғағы

100 гр бадамда 3 мг темір (және 200 гр ақуыз) бар. Алайда, оның калориясы да жоғары.

4. Асжапырақ (шпинат)

100 гр қыздырып өңделген асжапырақта шамамен 5 мг темір бар. Оның калориясы аз және пайдасы мол.

5. Брокколи

100 гр брокколиде 4 мг темір бар. Сонымен қатар, оны кез келген тағамға (сорпа, салат, екінші тағам) қосуға болады.

6. Асқабақ дәнегі

100 гр тазартылған асқабақ дәнегінде 1,5 мг темір болады.

7. Үрмебұршақ

100 г үрмебұршақта 2 мг темір бар.

8. Кептірілген өрік

100 г кептірілген өрікте 2,5 мг темір бар. Сонымен қатар, ол басқа да пайдалы микроэлементтерге бай.

9. Ащы шоколад

100 гр ащы (какао құрамы 60 %-дан жоғары) шоколадта 11,5 мг темір бар.

10. Кешью жаңғағы

100 гр кешью жаңғағында шамамен 10 мг темір бар. Ол жүрекке де өте пайдалы.