Тоқаев кандидат ретінде тіркелді. Бүгін емтихан тапсырады

0

«Нұр Отан» партиясы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың орталық сайлау комиссиясына кандидат ретінде құжаттарын өткізген. Бұл туралы комиссияның ресми сайтында хабарланды.

Хабарламаға қарағанда, Тоқаевтың қазақ тілін еркін меңгергенін анықтайтын лингвистикалық комиссиясының отырысы бүгін, 23 сәуірде өтеді.

Партия өткізген құжаттар арасында оны президенттікке кандидат ретінде ұсыну жөніндегі отырыс хаттамасы, Тоқаевтың кандидат болуға келiсiм берген өтiнiші, орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат пен өмірбаяны бар.

Бүгін, 23 сәуірде өткен съезд кезінде Назарбаев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 9 маусымда өтетін президент сайлауына кандидат ретінде ұсынып, артынша «Нұр Отан» оның кандидатурасын бекіткен.

Қазақстанда 30 жылға жуық билік құрған Назарбаев 19 наурызда кенеттен президент қызметінен кететінін жариялаған. Ол мәлімдемесінде сайлау өткенше Қасым-Жомарт Тоқаев президент болатынын айтқан. Тоқаев 20 наурызда ант беріп, қызметіне кіріскен.​

Azattyq