Президенттікке кандидат белгілі болатын "Нұр Отан" партиясының съезі басталды
23 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезі басталды, деп хабарлайды Stan.kzтілшісі.
Съезге Қазақстанның тұңғыш президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Nur Otan партиясы төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев съезді ашық деп жариялады.
2019 жылғы партияның алғашқы съезі 27 ақпан күні өтті. Ал бүгінгі XIX съезде 9 маусымда өтетін ҚР президенті сайлауына партия атынан кандидат ұсыну мәселесі қаралады. Съезге барлық деңгейдегі депутаттар, саяси кеңестің мүшелері, партия ардагерлері, облыстық филиалдардың өкілдері, бастауыш партия ұйымдары мен «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері қатысып жатыр.
stan.kz