Шри-Ланкадағы теракт: миллиардер үш баласынан айырылды

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Соңғы деректерге сүйенсек, лаңкестердің шабуылынан 290 адам қаза тауып, тағы 450-і зардап шекті

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Шри-Ланкадағы теракт кезінде Данияның ең бай адамы және ASOS интернет дүкенінің ірі акционері Андерс Холч Повлсен үш бірдей баласынан айырылды.

Бұл туралы РИА Новости Metro басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның ақпаратынша, миллиардердің отбасы Шри-Ланкаға Пасханы атап өту үшін барған. Таяуда бизнесменнің қызы Альма әлеуметтік желідегі парақшасында бассейннің алдында отырған інісі мен сіңлілерінің суретін жариялаған еді.

Жарылыс салдарынан қаза болған балалардың аты-жөні жария етілген жоқ.

46 жастағы кәсіпкердің төрт баласы болғаны белгілі: Альма, Астрид, Агнес және Альфред. Жуырда даниялық бизнесмен жиған-терген дәулеті балаларына мұраға қалатынын мәлімдеген еді.

Тағы оқыңыз: Шри-Ланкада алты рет жойқын жарылыс болды — оқиғадан кейінгі жантүршігерлік видео

Bloomberg бағалауынша, Андерс Холч Повлсеннің байлығы 5,7 миллиард долларды құрайды. Оған германиялық Zalando онлайн-дүкенінің акциялары, ASOS киім-кешегінің онлайн-ритейлері мен Bestseller дүкендер желісі тиесілі.

Тағы оқыңыз: Екі шіркеуде жойқын жарылыс болды: 80 адам зардап шеккен — фото

Еске сала кетсек, Шри-Ланкада Пасханы мерекелеу кезінде бірнеше шіркеу мен қонақ үйде жарылыстар болды. Соңғы деректерге сүйенсек, лаңкестердің шабуылынан 290 адам көз жұмған, тағы 450-і зардап шекті.

Жергілікті полиция 24 күдікті қамауға алған.



sputniknews.kz