«Мәйіттер шекараға жеткізілді»: Мырзахметов Қордайда апатқа ұшырағандардың жағдайы туралы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Үкімет кулуарында Қордай маңайында болған жол-көлік апаты туралы баяндады, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Қордайдағы апат

«11 адам қаза тапты. 31 адамға әртүрлі деңгейде медициналық көмек көрсетілді. Бүгінде ауруханада тоғыз адам жатыр, оның үшеуі – жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр, дегенмен тұрақты. Жансақтау бөліміндегі үш адамның бірі – Өзбекстан азаматы. Алты адам аурухананың әртүрлі бөлімінде жатыр, олардың екеуі – Өзбекстан азаматы, қалғандары – қазақстандықтар», — деп айтты Мырзахметов.

Облыс әкімі Қазақстан тарапы жол-көлік апатынан қаза тапқандардың мәйітін шекараға дейін жеткізгенін атап өтті. 

Еске сала кетсек, 20 сәуір күні таңғы сағат 05.00-де Жамбыл облысындағы Қордай ауданынан 181 шақырым жерде Алматы-Ташкент тасжолында Toyota маркалы автокөлік жолда кетіп бара жатқан жүк көлігіне соғылған. Тасжол бойында артынан келе жатқан автобус осы автокөліктерге соғылмайын деп әрекеттенгенде, жолдан шығып құлап кеткен. 

Жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде сол жерде 8 адам қаза тауып, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, алған жарақаттарының салдарынан тағы да 3 адам ауруханада қайтыс болды.

 

stan.kz