Олар марафон өткізуге кедергі келтірді

0

Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 21 сәуірде Алматыда сайлауға байланысты акция өткізіп, ұсталған азаматтардың ісіне байланысты пікірін білдірді.

«Кеше Алматыда 17 мың адам қатысқан қалалық марафон болды. Марафон өткен трасса бойында екі азамат: Толымбеков (кейбір деректе Толымбаев деп айтылады) пен Төлесова плакат жайып, осылайша «митинг, жиын және шеру өткізу туралы» туралы заңды бұзған. Плакатты жайған кезде адамдардың оған көңілі бөлініп, суретке, видеоға түсіре бастаған. Осылайша марафонды өткізуге кедергі келтірді. Осыдан кейін олар ұсталып, сотқа жеткізілді. Сот шешімімен 15 тәулікке қамалды» деді 22 сәуірде Нұр-Сұлтанда журналистер сұрақтарына жауап берген министр.

«Ал олай болса, неге полицейлер «олар саяси лозунг көтерді деп айтты?» деген сұраққа министр «саяси лозунг болмады» деп жауап берді.

Сәуірдің 21-і күні таңертең Алматыда марафон кезінде полиция бірнеше белсендіні ұстады. Ақпарат бойынша, олар жол жиегіне «От правды не убежишь. У меня есть выбор» (Шындықтан қаша алмайсың. Менде таңдау бар) деген жазуы бар баннерлерді іліп қойған. Полиция оларды ұстап, Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбаев «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айып тағып, әкімшілік іс қозғады. Кейінірек Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты екі белсендіні 15 күнге қамады.

Azattyq