Бір айда іштегі майды қалай кетіруге болады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Диетологтар қарындағы майды тез кетірудің қағидаларын ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Мамандар қарындағы майды тез кетірудің жолын атады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Диетологтар қан құрамындағы қант мөлшеріне назар аударуға кеңес береді. Егер тәтті бірдеңе жегіңіз келе берсе, қант мөлшері жоғары деген сөз. Сол себепті анализ тапсырған абзал.

Қарындағы майды кетіретін диета

Сонымен қатар, жылдам көмірсулардан бас тартқан жөн. Бір ай ішінде қарындағы майды кетіру үшін, рационнан тәтті және ұн тағамдарын, ақ күріш, ұнтақ жарма, банан, жүзім, шарап, картоп және газдалған сусындарды алып тастау керек.

Барлық диетаға ортақ қателік — ғалымдар зерттеуі

Диетологтар теңіз өнімдерін, қарақұмық, сұлу және ас көкті көп жеуге кеңес береді. Мінсіз мүсінге ие болу үшін тұзды да аз пайдаланған дұрыс, тіпті бір ай бойы мүлдем бас тартуға да болады. Сонда ағзадағы сұйықтық жылдам әрі жеңіл шығып кетеді.

Отыз жастан кейін жеуге болмайтын 10 тағам

Кардио жаттығулар мен іштегі бұлшық еттерді шынықтыру көздеген мақсатқа тез жетуге септігін тигізеді.

Әлемдегі ең жас миллиардер әйел мінсіз мүсінінің құпиясын ашты



sputniknews.kz