Тоқаев қаржы министріне бюджет түсімін көбейтуді тапсырды

0

19 сәуірде Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы министрі Әлихан Смайловты қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Смаилов Тоқаевқа мемлекет бюджетінің жұмсалуы, салық және бюджет саясаты, мемлекет қарызының жағдайы жайлы есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет шығындарын оңтайландырып, мемлекет қазынасына түсетін түсімді көбейту қажеттігін айтты.

Қазақстан президенті қаржы министріне кеден және салық жұмыстарының тиімділігін арттыруды тапсырды.

Azattyq