Тоқаев бюджет шығынын азайтып, түсімді көбейтуді тапсырды

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Президент кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімдігілін арттыру қажет деп санайды  

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

2019 жылдың 1 маусымынан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы өседі

Мемлекет басшысына Қаржы министрлігінің қызметіндегі негізгі мәселелер; бюджеттің орындалу барысы, салық және бюджет саясаты, мемлекеттік қарыздың жағдайы туралы мәліметтер берілді.  

Қасым-Жомарт Тоқаев бюджеттік шығындарды оңтайландыру және мемлекеттік бюджетке түсімді көбейту қажеттігін айтты. Сондай-ақ, президент кедендік және салықтық әкімшіліктің тиімдігілін арттыруды тапсырды.

Ә. Смайылов мемлекет басшысына министрліктегі цифрландыру және өзге мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелермен байланысы бойынша атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы баяндады.

Кездесу соңында Қазақстан президенті бірқатар нақты тапсырма берді.  



sputniknews.kz