Қалыңдығы денесі сал болып қалған мүгедек жігітке тұрмысқа шығуға келісті — Қазақстан жаңалықтары
Қытай тұрғыны сал ауруына шалдыққан сүйіктісімен той түсірілімін жасады. Оған тұрмысқа шығуға дайындық үстінде.
3 сәуір күні 32 жастағы Чжан Цзюань Цао Cхуаньcхуань үшін фото түсірілім ұймдастырды.
Күйеу жігіт 2015 жылы электр тоғына түсіп, сал болып қалды. Содан бері сөйлей алмайды. Денесінің бар бөлігі сал болып қалған. Ол тек көзімен ғана қозғала алады. Бұл оқиға жұптың неке қияр алдында болды.
Цзюнь бар уақытын 11 жастағы қызына, 10 жастағы ұлы мен олардың әкесіне қарайлаумен өткізеді.
«Қандай жағдай болмасын, мен оны адам ретінде жақсы көрем. Мен оған бәрібір тұрмысқа шығам», — дейді әйелі.
Әйелі таңғы сағат 6-00-ден тұрып, күйеуінің тамағын дайындайды. Жуындырып, дәретке апарады, киіндіреді. Денесіне массаж жасайды.
«Түнгі 1-2 лерде ұйқыға жатам. Бұл әдетке айналды», — дейді ол.
Әбден амалы таусылған кірген әйел туыстары мен достарына қарыздар болып отыр. Ол қытайлық Kuaishou платформасында тікелей эфирге шығып, ақша табады. Олардың тойының фототүсірілім ақысын сайт қолданушылары төлемек. Неке қия рәсімі 30 сәуір күні өтеді.
stan.kz