Танымал айтыскерлер өңірлерді аралайды
Қысқа сілтеме алу
Танымал айтыскерлер барлығы 22 қалада болады
НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстанда «Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты республикалық тур басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Төреғали Төрәлі туралы қызықты деректер
Ақындардың республикалық туры Талдықорған қаласынан бастау алмақ. Кештер легі Семей, Павлодар, Ақтау, Қарағанды, Жаңаөзен, Петропавл, Орал, Тараз – бас-аяғы 22 қалада жалғасын табады деп жоспарланып отыр.
«Басты мақсат – ақындар мен жыршылардың өнерін халықаралық деңгейге шығару. Қазіргі кезде ақындар айтысына қызығушылық үлкен. Сондықтан біз халық өзінің сүйікті жанрын тамашалауға мүмкіндік алса екен дейміз», — деді мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Қазақстандықтар республикалық тур аясында белгілі айтыскерлер – Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғақовтың өнерін тамашалай алады.
«Сақалға бола сектаға қоспа» Балғынбек Имашев шынын айтты
Жобаның бас продюсері Жан Мұқановтың айтуынша, турға әр өңірден де айтыскерлер қосылады.
«Тур 1 мамырда Балғынбек Имашевтің концертінен басталады. Бірақ 25 сәуірде Талдықорғанда өткізгелі жатырмыз, себебі бұл күні Балғынбек (Имашев) пен Жандарбектің (Бұлғақов) туған күні, оның үстіне Талдықорған олардың туған қаласы. Ал 1 мамырдан кейін Семейге жол тартамыз», — деді ол.
Ол әр өңірде билеттер сатылатынын атап өтті. Билет бағасы төмен, барлығына қолжетімді.
«Мамырда Рамазан айы болғанына қарамастан, айтыскерлеріміз дайын. Барлық датаны алдын ала белгілеп қойдық. Билеттен түскен ақшаның елу проценті, кейбір жерде толық сомасы қайырымдылыққа жұмсалады. Мұндай ұсынысты мәдениет және спорт министрлігі жасады», — деді Мұқанов.
Айнұр Тұрсынбаева халық арасында тараған алып-қашпа әңгімеге жауап берді
Ол республикалық турдың мақсаты ақша тауып, пайда көздеу емес екенін атап өтті.
sputniknews.kz