Реферат: Экономика | Жер саулығынан – адам саулығына
Денсаулықты қалай сақтау керек? Үнемі көңілді жүру әркімнің қолынан келетін іс. Міне, жоғарыда айтылған қағидаларды жан- жақты дамытып , іске асыру валеологияның міндеті. Сондықтан да валеология пән ретінде студенттерге ұсынылып отыр.
ВАЛЕОЛОГИЯ – денсаулық және салауатты өмір сүру салты туралы ғылым !
Жер саулығынан – адам саулығына.
Жер — біздің асыраушы анамыз. Жер саулығы – адам саулығы. Ия, бұл сөздер әрине дұрыс айтылған. Ол үшін жер саулығының маңызы зор. Жер саулығы – адам саулығы деп айтсақ та болады. Өйткені жердің саулығына кері әсерін тигізетін факторлардың саны шектеусіз. Ал ол факторлардың барлығы да адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Біз «Жер саулығынан – адам саулығына» ұранын әрқашанда есте сақтауымыз керек. Дәл қазіргі уақытта жер саулығына кері әсерін тигізетін факторлар өте көп. Оларды атап айтатын болсақ:
Ауаның ластануы,
Судың ластануы;
Планетаның радиоактивті элементтерімен ластануы,
Ядролық жарылыстың зәрлі сәулелері,
Радиоэкология;
Мұнай өндірісі;
Семей атом полигоны;
Байқоңыр аумағы
Балқаш аумағы т.б.
Ауаның ластануының жер саулығына тигізетін әсері.
Адам әрекеті ауаны ластаумен қатар жерді де ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді және жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнынан мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам саулығы үшін де, тіршілік үшін де, жер саулығы үшін де үлкен мән алады.
Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе.
Ауаның әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте-бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратыны анықталып отыр. Мысалы қалалардың үстін 2000-2500 м биіктікте газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл (не тұман екені, не бұлт екені белгісіз) түтін басып тұрады. Осындай көрініс Алматы қаласына тән құбылыс. Осындай құбылыстардан қала ішіне күн сәулесінің ультра күлгін сәулесі жетпейді. Сондықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарайтын микроптар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Әсіресе адамдарды тұмау әбден әлсіретіп жібереді. Арнаулы түрде жүргізілген деректер бойынша, жаз айларында күн сәулесінің 20-дан 50 процентіне дейін қала үстіндегі қарақошқыл көрініс тұтып қалатыны анықталды.
Өнеркәсіп орындары атмосфераны газдармен және ұзақ қалқып жүретін майда шаң-тозаңдармен ластайды. Әсіресе миллиондаған көмір мен мұнайдың жануы негізінде пайда болатын көмір, қышқыл газының көлемі аса үлкен. Халықаралық зерттеулердің қорытындылары бойынша, бұл газдың көлемі жылына 1,13 процент өсіп отыратыны анықталды.Осындай жағдайлардың әсерінен адам организімінде неше түрлі аурулар пайда болуда.
Ауада кейінгі кезде оттектің азаюы байқалып отыр. Өйткені оны неше түрлі организмдер, транспорттар пайдаланады. Бір автомобиль 1000 километрдей жол жүргенде бір адамның бір жыл ішінде дем алуға жұмсайтын оттектің мөлшеріндей оттекті жояды. Жағылған бір тонна көмір 10 адамның бір жылда тыныс алатын оттекті жояды. Тек қана жанармаймен таскөмірағаш, торф, газ жанғанның өзінде жер бетінде оттектің сұрапыл көп бөлігі жанып, тіршілік дүниесі жойылыпжатады.Бұл жолдарды ойлаудың өзі қорқынышты.
Жер шарының аса ірі қалаларында «фотохимиялық тұман» түзілу үрдісі жылдан-жылға қарай өсіп отыр. Фотохимиялық тұман өсімдіктер әлемімен жануарлар дүниесіне, әсіресе адам денсаулығына өте үлкен зиян келтіруде.
Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобильдер және өнеркәсіп газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Күн сәулесі жиналған газдарды ыдыратып улы қоспалар түзеді. Ол кездеадамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, үздіксіз жөтеліп, тынысы тарылады. Бұл орасан үлкен күйзеліске ұшыратады, жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін алып кетеді.
Ауаның ластануының зардабы сан алуан, әрі өте салмақты болып келкді. Күн радияциясының интенсивтілігін шұғыл төмендететі. Күн сәулесі энергиясының 40-50 процентке жуығын ірі қалалардың атмосферасы сіңіріп тұрады. Бағалы өнімнің көптеген мөлшері жоғалады. Егер біздің еліміздің барлық цемент зауыттарында жетілдірілген тозаң ұстағыш қондырғылар орнатылған болса, олар өнеркәсіп үшін жыл сайын 2 миллион тоннаға дейін цемент материялдарын сақтаған болар еді. Шаң-тозаң жер бетіне шөгеді де оны ластайды. Ірі қалаларда бір шаршы километр территория айына 26 тонна күйе жиналатыны туралы ғылыми деректер біздің қолымызда бар. Бұл деректерден біз жер саулығына өте көп зиян және нұсқан келетінін біліп отырмыз. Осының салдарынан адам денсаулығын үлкен күйзеліске ұшыратуда.
Судың ластануының жер саулығына тигізетін әсері.
Сумен салыстырғанда құрлық одан әлдеқайда аз бөлікті алып жатыр, ал су жер бетінде өте көп бөлікте жатыр. Сондықтан судың ластануы да жер саулығына көп кері әсерін тигізеді. Улы заттар теңіз суларымен, өзен ағыстары және жел арқылы мыңдаған киломер алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер саулығына қауіп тудырады.
Судың ластануына әсіресе өнеркәсіп қалдықтарының қосылуыда аса қауіпті. Қалдықтардың әр-түрлі болуына сәйкес олардың тигізер әсері де әр-түрлі. Мысалы, мұнай өңдеуден шыққан қалдықтар су бетін үлкен қабықпен жауып, оттектің алмасуын қиындатады. Үй тұрмысында және өнеркәсіпте өте көп мөлшерде қолданылатын синтетикалық детергенттер деп аталатын жууға қолданылатын заттардың әсері де мұнай қалдықтарымен бір бағыттас. Сондай-ақ ол судың оттек бойына сіңіру Қабілетін төмендетеді және органикалық заттарды ыдырататын заттары құртып, балықтарды үлайды. Өңдеу кезінде бөлінетін басқа да өнеркәсіп қалдықтары, мысалы, мырыш, мыс, қорғасынның әртүрлі тұздары мен көмірді кокстеу кезінде пайда болатын фенолдардың зияны көп. Енді біреулері судың электролиттік қасиетімен пайдалы және зиянды микроорганизмдердің арақатынасын өзгертеді. Бұл заттардың қайсысы болса да суда бұрын болмаған бейтаныс қосындылар. Сондықтан да олардың ыдырауы суда өмір сүретін организмге қауіпті.
Суды ластайтын заттардың көлемі артқан сайын оны ыдыратуға өте көп мөлшерде оттек жұмсалады. Бұл оттектің судағы концентрациясын азайтады және сондай-ақ, ыдырау процесін оттексіз жүргізетін анаэробтық микроорганизмдердің санының артуына жағдай жасайды. Бұл жағдайда түзілетін заттардың сапасы бөлек. Онда метан, аминдер, күкүрт және фосфор улы қосындылары пайда болып, су саси бастайды. От тектің азаюы мен улы қосындылардың көбеюі бірінші кезекте балықтардың қырылуына, онан кейін су өсімдіктерінің қырылуына әкеп соғады. Сөйтіп, бұл тіршілік ортасында су біртіндеп таязданады.
Ең ақырында судың ластануының зардаптарын адамның өзі және оның шаруашылық қажеттері тартады. Әзірде тұщы су қорының басты көзі өзен болып есептеледі. Ал оларды органикалық және минералдық қоспалардан тазарту өте қиын және қымбатқы түсетін іс. Осы ретте адамның денсаулығына келетін қауіп мөлшері үлкен. Себебі ең соңғы техникалық жетістіктерге негізделген тазарту системалары да суда кездесетін кейбір заттардан толықтай тазартады деп айту қиын.
Судың ластануы өнеркәсіп салаларына да үлкен зиян келтіреді. Онда кейбір химиялық заттардың көп болуы суды сүзу қондырмаларына, химия, қағаз жасау және тамақ өнеркәсіптеріне пайдалануға жарамсыз етеді. Сондықтан да мұндай сулар алдымен қосымша өңдеуден өтіп, өнеркәсіпке пайдаланылады да, артынан оған тағы да бірнеше улы заттар қосылып, өзенге жіберіледі.
Тұщы судың ластануы қоғам алдында тұрған үлкен мәселе, оның зардаптарының тіршілік үшін және адамның өз денсаулығы үшін қаншама ауыр жүк екенін түсіндірудің қажеті жоқ. Сондықтан да қазір де барлық елдерде суды тазарту мәселесі бірінші орында тұр. Ал қазақ жеріндегі суларды тазарту үлкен мәселе.
Өнеркәсіп қалдықтарымен теңіз сулары да қатты ластануда: негізінен алғанда ол әр түрлі қалдықтарды көметін орынға айналған. Әрине, теңізге түсетін заттардың көлемі мен теңіздердің көлемі әлденеше есе артық, онда жүретін физикалық және биохимиялық процесстердің нәтижесінде бұл заттар тез арада зиянсыз қалыпқа өзгереді деп айта алмаймыз. Бірақ кейбір теңіз аймақтарының, әсірісе, құрлық жағалауының қайта ластануы үлкен зиян келтіретіні белгелі. Теңіз суларының ластануы сонымен бірге суда тіршілік ететін организмдердің ара-қатынасын бұзып, зиянды түрлердің көбеюіне жол ашады. Өзеннің құйылар ағысында улы заттардың артуы тұщы суға уылдырық шашуға шығатын балықтардың көтерілуіне зиян әсер тигізеді.
Теңіз суларының мұнай қалдықтарының ластауда негізгі рольді танкерлер атқаратын. Қалдықтар суға кеме резервуарларын жуғанда немесе олар апатқа ұшырағанда құйылады, әсіресе, ірі тенкерлердің күйреуі аса қауіпті. Оның әсері адам денсаулығына да кері әсерін тигізеді.
Мұнай қалдықтарынан әсіресе құстар ауыр зардап шегеді. Мұнаймен ластанған суға құстар қонғанда, олардың қауырсындары майланып, жылу ұстайтын және су жұқтырмайтын қасиетін жоғалтады.Осының нәтижесінде тері астына қан үйіліп, ауруға шалдығады. Бұл адамға да жұғуы мүмкін.
Теңіз суының мұнай қалдықтары мен былғануы адамға да тікелей қауіпті.Мысалы, осы уақытта асқа пайдаланылатын устрица және моллюскалар денелерінде рак ауруын туғызатын бензприн сияқты улы заттар жиналатыны белгілі болып отыр. Бұл заттың моллюскалар денесіне қалай жиналатыны туралы биология ғылымдарында белгілі ғылыми деректер осы күнге дейін жоқ. Бірақ, жорамал ретінде оның денесіне бензприннің жиналу себебі қоректік заттар арқылы келуі мүмкін. Мысалы, су түбіндегі тұнбада мұнай қалдықтарынан пайда болған көптеген қосылыстар бар екені анықталып отыр. Олармен моллюскалар қоректенуі мүмкін.
Жердің радиоактивті элементтерімен ластануы.
Радиоактивті қалдықтар мен аз мөлшердегі радиация екеуі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз түрде сақтау бүкіл жер жүзі бойынша әлі күнге дейін шешімі табылмай келе жатқан мәселелерінің бірі. Елімізде дүниежүзілік стандартқа сай келетін радиоактивті қалдықтарды сақтайтын бірде-бір орындар жоқ. Бәрімізге белгілі Қазақстан уранды көп өндіретін мемлекеттердің бірі. Сонымен қатар уран өңдейтін кен-химия өнеркәсібінде кең орын алған. Семей полигонында қаншама радиоактивті элементтердің қалдықтары бар. Еліміздің экология және биоресурстар министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда қазақ жерінде 101 радиоактивті қалдықтарды сақтайтын дүниежүзілік стандартқа сай келмейтін орын бар екені белгілі, онда осы күнде 255 миллион тонна радиоактивті қалдықтар сақталған. Олардың жалпы радиоактивтік күні 57,6 мың км. Сонымен қатар түрлі жағдайларда пайдаланып келе жатқан 100 мың тонна радиоактивті заттар өндіретін орын бар. Семей полигонының териториясында 5,8 млн тоннаға жететін радиоактивті заттарды сақтайтын орын бар, сондай радиоактивті қосылыстар жер астында 6,5 млн тонна қалдық сақталынады. Олардың жойқын күші 11,8 мың км. Ол төменгі дозадағы радиоактивті заттардың қалдықтары. Олар ашық жерлерде сақталған. Қазақстан территориясында сақталатын радиоактивті қалдықтардың бәрінде радиациялық сәулеленудің азда болса мөлшері бар. Радиоактивті үйінділер төбе-төбе болып үйіліп кез-келген далаларда жатады. Олар қысы-жазы жауған жауын-шашын суларымен шайылып басқа аймақтарға таралып жататыны сөзсіз. Қазақ даласында ерсілі-қарсылы соққан желдер де радиоактивті элементтер бар қалдықтарды ұшырып әкетіп жататыны да сөзсіз. Иесіз, қараусыз жатқан радиоактивті элементтердің қалдықтары қаншама десеңізші. Олар жер саулығына көп қауіп төндіреді. Оны есептеп шығу мүмкін емес. Қазақстан территориясында радиоактивті қалдықтардың картасы жасалынып, ол 22 том болып жарыққа шығуы мүмкін. Қазақстанда радиоактивті қалдықтарды сақтайтын қосымша түрде, бірнеше қоймалар жасалынуы жоспарланып отыр. Олар іске аса ма, жоқ болмаса қағаз түрінде қала ма, ол жағын болжап айту қиын.
Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбейе түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ сыналып, атом бомбалары жарылып жатады. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына зиян келтіреді. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау мәселесі осы кездегі кезек күттірмейтін мәселелерінің біріне айналып отыр. Адамдарды радиациядан қорғау үшін киімдерді тігуді қажет етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалады, адам денелеріне сәулені дарытпайды.
Космостан келетін космостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000 км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралады. Космонавтар космос сәулесінен қорғау оңай шаруа емес. Адамзат баласы Жер бетінде пайда болған кезден бастар, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарына тұратын халықтар әр мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР/радиация қабылдайды.Бұл денсаулыққа қаншама зиян келтіреді.
Родон туралы не білеміз?
Родон – газ. Оның не иісі, не дәмі болмайды. Ол адам денсаулығына өте зиян. Оны адам өлтіргіш газ деп атайды. Неге десеңіз, ол – жердің астынан шығып, адам ағзасына айрықша әсер етіп, неше түрлі қатерлі ісіктер мен өспенділер тудырады. Ол – 7-8 есе атмосфералық ауада аыр болып келеді де, жердің үстінгі қабатында жиналады. Адамның тұратын тұрғын үйлерінде де Родон көп мөлшерде кездесіп, өте қауіпті әсер етеді.
Адам баласының 70 % сәлеленудің негізгі дозасын табиғаттан алса, оның ішінде Родон газынан 30-60% алады. Осыған байланысты адамдарды радияциялық сәулеленуден қорғау қазіргі кездегі аса маңызды проблемалардың біріне айналып отыр.
Родон радиактивті уран және торий элементтерімен бөлініп шығады. Бұл элементтер таудың жартастарында, суда және жерде көп кездеседі. Родонның ауада мол болуы, немесе аз болуы осы екі элементке байланысты. Жердің астында Родон қабаты болады. Өйткені онда уран және торий элементтері жеткілікті түрде кездеседі. Егер жер белгілі бір себептермен опырылып түссе, онда ол жерден Родон жердің үстіңгі қабатына бөлініп шығып, жер бетіне жиналады.
Полоний — 218 және 214-тен бөлініп шыққан Родон өте қауіпті. Өйткені олар альфа сәулесін бөліп шығарады.Бұл бөлшектер адамдарға өте-мөте қауіпті. Өкпе рак дертін бірден тудырады. Полоний-218 және 214 радиоактивті элементінен бөлініп шыққан родон аспектпен , пестицидтерден бөлініп шыққан Родоннан әлдеқайда улы келеді.
Өз үйінде отырып Родонның әсерінен қайтыс болатын адамдардың саны өрттен, су тасқыны және апаттан әлдеқайда көп болатыны анықталды.
Ауада Родон көбейсе , онымен дем алғанда , ағзадағы физиологиялық үрдістердің қалыпты өтуі бұзылады. Ол жүректің соғуын жылдамдатып, мимен және ұйқысыздық дерттерін тудырады. Родонның кейде биосферада айтарлықтай болуы жер саулығына зиян келтіретіні әбден дәлелденген. Таулардың тығыздануымен босаңсуынан көптеген родон газы бөлініп шығып, жер бетіне тарап жатады. Сондықтанда кейбір жерлерде , адам өлімі жиі-жиі болады.
Қазақстан Республикасында бұл салада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілген емес. Дүние салған адамдардың басты себебі Родон газының әсері екені анықталды. Осыған байланысты Родонның адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу арнаулы бағдарламалар бойынша жүзеге асып отырады. Болашақ қалалармен селолар салу үшін және басқада құрылыс жүргізу үшін сол аймақтағы Родонның мөлшерін анықтау керек. Кейбіреулер тұрғын үйін сатады, немесе жалға береді. Мұның себебі неде? Сатып алатын адам , ол үйді жан-жақты тексеруден өткізіп, үйдегі Родонның мөлшері зерттеу керек. Америкадағы ғалымдардың зерттеуі бойынша , жылына Родон пайда болатын өкпе рагынан әрбір 1000 адамның 3-4 адам қайтыс болатыны анықталған. Темекі шегетін адамдар 10 есе көп өледі де, ал темекі шекпейтіндердің арасынан өлім аз кездесетіні байқалған. Германияда өкпе рагынан жылына 25 мың адам дүние салатыны байқалған. Оның көп мөлшері Родоннан пайда болатын дерттен қайтс болған. Бұрынғы СССР-да родонның әсерінен пайда болған дерттен жылына 15000 адам қайтыс болған.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының халықтардың тұрғын үйлеріндегі Родон мөлшері 200 Бк/м жетеді. Ал жаңадан салынып жатқан үйлерде оның мөлшері 100 Бк/м-ге барады. Егер Родонның мөлшері 400Бк/м жетсе , онда үйлерге тұруға болмайды. ….