Бойжеткен өзін-өзі жарып жіберді | КТК

0
Бойжеткен өзін-өзі жарып жіберді


Белгісіз қыз бала Грозныйдың шеткі жағындағы бақылау-өткізу бекеті аумағында өзін-өзі жарып жіберген.

Бұл туралы Шешен Республикасы ішкі істер министрі міндетін уақытша атқарушы Апти Алаудинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Апти Алаудиновтың сөзіне қарағанда, сенбіде шамамен 16.00-де  бойжеткен Грозныйдың  Старопромысловск ауданының шеткі жағына орналасқан нөмірі 21-інші полицияның федеральдық бекетіне жақындап келген.  

Оның жүріс-тұрысының күдікті екенін аңғарған қызметкерлер тоқтауын және құжатын көрсетуін сұраған. Бірақ ол бұл талапты орындамай алға қарай ұмтылған.

«Полицейлер одан қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны байқап қалып, ескерту оғын атқан. Сол мезетте қыз өзін-өзі жарып жіберді»,- деді Алаудинов.

Жергілікті тұрғындар мен күш құрылымдары қызметкерлері арасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.