Реферат: Информатика | Жүйе

0

Реферат: Информатика | Жүйе казакша Реферат: Информатика | Жүйе на казахском языке

Әлеуметтік процесс дегеніміз- жалпы алғанда әлеуметтік ұйым жағдайының бірізділік ауысымы. Мысалы, салалық механизмнің жұмыс істеу процесінде техникалық прогрестің жаңартудан туындаған басқаруды жетілдіру сияқты оның құрылымда өзгерістер болды. Бұл құрал-жабдықтардың жаңа түрлерін енгізуді ескі технологиялық процестерді жаңасына аса прогресивтілігіне ауыстыруды басқару аппаратының фунуцияларын қайта бөлуді және қайта ұйымдастыруды көрсетеді. Әлеуметтік жүйенің маңызды ерекшелігі оның өзін-өзі жаңартуы өзін-өзі ұдайы өндіруді прогрессивтік дамуы және де прогресс сапасына тек төменгі деңгейденжоғарғы деңгейде қозғалыс емес. Қазіргі кездегі талаптарға сай өзінің артта қалғандығын күш жұмсаумен барлық жүйесін жалпы дамытуға кедергі жасайтын регресс элементтердің қарастыру қажет.
Басқа жіктеме әлеуметтік процестердің мәнін бөлуге негізделген. Мысалы, салада болатын барлық әлеуметтік процестер өзара бір-бірімен байланысты. Ешқайсысы «таза» түрінде жалпы жүйеден бөлік көрсетуге болмайды. Әлеуметтік процестің бірі біруіне себеп болса, екіншісінің салдары болуы мүмкін. Сондықтан техникамен технологияны жаңартатын инновациялық процесс кәсіби құрылымның өзгеруіне мүмкіндік туғызады.

2.1.Жүйелік талдау
Басқарудағы жүйелік тәсілдің мәні жалпы негізінен алғанда басқару ретке келтірілген жүйе болып табылады. Яғни аталған ортада әрекет ететін нақты объективтік заңдылығымен сәйкестікке алып келу.Келтірілген тұжырымдамада басқарудың объектісін талдау тәсілі қамтылған.Осының негізнде процестердің мәні жағынан басқару оларға жалпы бірдейлігімен көрінеді.Олар кез келген объектілерге таратылуы мүмкін. Басқарудың және өзін-өзі басқарудың формаларының дамуы күрделі динамикалық жүйелермен байланысты. Процестерді жетілдіруде басқару мақсатқа сәйкес келетін тәуелділік себептерінің маңызы ретінде анықталады. Яғни мақсаттың өзі қаншалықты объективті заңдылықтың негізінде жүзеге асырылады.Басқаруда басқарушы және басқарылатын жүйемен байланысты процесс өте маңызды «басқару» және «себептілік» ұғымдарының арасында біраз ұқсастық бар. Олардың екеуі де адамның қызметін талдауымен байланысты. Алайда бұл түсініктер арасында айырмашылықтар да бар.
Себептілік дегеніміз-бұл бір құбылыс басқасын тудыруға іс-әрекет салуы.Алып келетін объективті байланыстардың формасы болып табылады. Ал басқару бұл ретке келтірілген жүйелер. Мысалы: бір жүйе екіншісін тудырылуы мүмкін басқарудың міндетті шартты болып табылмайды. Басқарудың жүйелік тәсілінің мәні басқарылатын объектілер жүйелі ретінде қарастырылады. Жүйелік тәсіл ең алдымен стратегия жасауда маңызды. Ол объектінің тұтыстығын ашады және оның тиімді қызмет жасауды қамтамасыз етеді.Басқарудың жүйелік тәсілінің маңызына құрылымдар мен функцияларына сүйеніп әрекет жасау тән. Құрылым- жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін тұрақты басланыстардың құрылысы орналасуы тәртібі және жиынтығы. Қазіргі социологияда құрылым ұғымы жүйе және ұйым ұғымның ара қатынасы болады. Әлеуметтік менеджментте социологияда қабылданған функция ұғымы пайдаланады.Бұл ең алдымен арнаулы әлеуметтік институт түрде класстардан және жеке тұлғалардағы тұратын мүдделердің ең жоғарғы деңгейіндегі қоғамдық жүйелердің қажеттілігін орындайтын рөл. Осының негізінде функциялар айқын және жасырын түрде бөлінеді. Соңғысы өзін тек уақыттың ағымымен көрсетеді және көп немесе аз мөлшерде осы қызметтің қатысушыларының жарияланған ниет ойлармен айрықшыланады.
Функцияны жүйелердің ауқымындағы әр әлеуметтік процестердің арасындағы тәуелділік деп түсінуге болады. Жүйелердің басқару процесінің өсу рөлін көрсететін себеп-салдарлы тәуелділік мақсаттарын өзара біріктіретін көптеген элементтер бар. Элементтердің өзара бірігуі байланыс деп аталады.
Әлеуметтік менеджментте жүйелік талдау-бұл күрделі әлеуметтік проблемалар бойынша шешімді дайындау және негіздеу әлеуметтік сфера ұйымдары, әлеуметтік процестер жүйе ретінде қарастырылады және оларға талдау жүргізіледі. Басқарудың қазіргі кездегі теориясы жүйелік талдауды, қолдануды талп ететін шешімдеүшін келесідей міндеттер бөліп көрсетеді.
1-ден белгісіздік жағдайда проблемаларды табу, білу және анық қалыптасуы;
2-ден стратегияны жасау және таңдау;
3-ден жүйені нақты анықтау,
4-ден дамыту және функциялау мақсаттарын білу;
5-ден функцияларын және қайтадан құрылатын жүйенің құрамын білу.

2.2.Жүйенің жалпы теориясы

Жүйенің жалпы теориясы зерттеудің бірыңғай әдістемелік базасын қамтамасыз етеді. Яғни жүйенін жалпы теориясы келесілермен қамтылады: 1) жүйенің жалып ғылыми түсінігіне негізделеді.2) зерттеу үшін ойлау математикалық аппарат қолданады.
3) жүйенің жүріс-тұрысының әр түрлі аспектілерін біріктіреді.
4) аналогия және модельдеу әдістерін қолданады.
Жүйенің жалпы теориясының түсінігіне бірыңғай жалпы ғылыми ұғымдар беріледі: жүйе, құрылым жағдайы, жүріс-тұрысы күрделілігі және мақсатқа бағытталуы. Жүйелік талдаудың тәсілдерін халықтың өмір сүру деңгейін бағалау мысалында қарастырайық. Халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесі халықтың әр түрлі топтарының арасындағы ақшалай табыстары пайдалану және бөлудің көлемімен құрамымен және негізгі бағыттарымен сипатталады. Өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері адамдардың жақсы тұрмыс халіне экономикалық және әлеуметтік саясаттың әсер етуін қамтиды. Негізгі көрсеткіштер деп:
1) үй шаруашылығында табыстың болуы,
2) үй шаруашылығында шын мәніндегі негізгі тұтынуы.
3) үй шаруашылығында тұтынуға кеткен шығындар
4) халықтың ақшалай табыстары;
5) халықтың ақшалай табыстарының сақталуы;
6) орташа жан басына шаққандағы табыстар;
7) шын мәніндегі кірістердің бар болуы;
8) есептелген орташа айлық еңбекақы
9) айлық зейнеақының орташа мөлшері
10) халықтың ақшалай табыстарының сатып алу қабілеті
11) күнкөріс минимумның мөлшері
12) ақшалай табысы күнкөріс минимумнан төмен халықтың саны.
13) Кірістің тапшылығы.
Үй шаруашылығы –бір баспанада тұратын, табыстары мен мүліктері біріккен және белгілері бір өнімдердің қызметтерді бірге тұтынатын адамдарды шағын тобы.
1. Үй шаруашылығында табысты бөлу өндірістік қызметтерімен жеке және ағымдағы трансферттерден табыстармен анықталады.
2. Шын мәніндегі негізгі тұтынуы бұл тұтынатын тауарлар мен қызметтерді сатып алуға кеткен шығындарды сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттерден немесе қоғамдық ұйымдардан тегін үй шаруашылығына көрсететін жеке тауарлармен қызметтердің құнын сипаттайды.
3. үй шаруашылығында тұтынуға кеткен шығындар-тұтынатын тауарлар мен қызметтерді нақты түрде тауарлар мен қызметтерді тұтынуға кеткен шығындар.
4. халықтың ақшалай табыстары-халықтың барық категорияларының еңбекақысынан, ауыл шаруашылық өнімдерін сатудан түскен табыстардын жеке меншіктен түскен табыстардан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың табысынан тұрады. ….


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!