Қазақша реферат: Агрессия туралы түсінік
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Агрессия туралы түсінік
2. Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері
3.Агресивтілікті жоюдың, алдын алудың психокоррекциясы
ІІІ. Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
І. Кіріспе
Қазір қоғам да, қоғамдық көзқарастар да күннен – күнге өзгеру үстінде. Әрі бұқаралық ақпарат және қарым–қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулердің алынып, ақпарат тарату еркіндігіне кең жол ашылуы балалардың сана – сезімі мен рухына кері әсер етуде. Қазақ бола тұра қазақ тілін ұмытып, ата – бабамыздың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрпынан ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке құрылған фильмдердің еркіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз? Бүгінгі таңда бұл сұрақ ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек барша қауымды толғандыруда.
Соңғы уақытта қоғам жеткіншек жастағы балалардың ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыздық, асоциалды мінез-құлықтарын қарқынды түрде зерттеуді талап етіп отыр.Осындай ауытқушы мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін факторларды зерттеу – психология ғылымының негізгі мәселелері.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын және негізгі стратегиялық бағыттарын айқындайтын «Білім беруді дамыту тұжырымдамасы» мемлекеттік тәуелсіздікті қалыптастыру мен нығайтудың, елдің прогресшіл дамуының негізін құрайды. Бұл тұжырымдамада көрсетілгендей ағымдағы жағдай және білім беруді, дамытуды тежейтін факторлар бөлімінде негізгі мәселе мектеп жасына дейінгі және мектептегі жас кезеңдегі эмоциялық дағдарыстар деп көрсетіледі.
Қоғамның дамуындағы жеке адамның эмоциясы тұрақты қалыпта болуының қоғамға әсері, экономикалық техниканың жетістіктеріне жетуге итермелейтіндігі. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында былай деді : « Біріншіден, осы өңірде тұрақсыздық пен діни экстремизм етек жая бастауы. Екіншіден, бел ортасында тұрған өңірде есірткі таратудың тыйылмай отыруы». Нашақорлық, өзгеге қиянат, зорлық көрсету сияқты осындай жағдайлар адам бойында кері әсердің жиылуы, агрессивті әрекеттің осылай бой көрсетуі — өзін және өзгені талқандаудан көрініс табады.
Зорлық-зомбылық және агрессия мәселесі күннен-күнге өзекті мәселеге айналып жатыр. Қоғамда жетістіктерге жету күресінің құралы ретінде агрессивтілік ашық және жасырын формада қолданылуы сирек емес. Мұндағы жасырын формаға компьютерлік ойындар жатады. Агрессивтілік жеткіншектердің жеке тұлғасында негізінен қоғамдағы орнына қанағаттанбаудан, үлкендердің оларды түсінбеуіне қарсылық көрсету түрінде қалыптасады, яғни агрессивті мінез-құлық көрсетуінен байқалады.
1.Агрессия туралы түсінік
Адам бойындағы агрессия мәселесі қазіргі біздің қоғам үшін ең маңызды мәселелердің бірі.Қоғамдағы болып жатқан террор жәбірлеудің өсуі сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың қатты белең алуына байланысты агрессия сұрағы зерттеудің негізгі объектісі болып отыр.
Психолог А.А.Реан «агрессия» және «агрессивтілік» деген екі ұғымның бір-біріне ұқсамайтын бөлек мағына деп қарастырады. Агрессия (латын тілінен «agressio» аударғанда – шабуыл, басқындық дегенді білдіреді)- бұл бөгде адамға болмаса адамдар мен жануарлар тобына ниеттеліп тура бағышталған қиянат.
Агерессивтілік – бұл жеке тұлғалық қасиет мінез-құлық, агрессияға дайындық көрінісі.Осылай түсіндіре келе, мұны былай тұжырымдауға болады.Егер агрессия – бұл әрекет болса, ал агрессивтілік оосындай әрекетке дайындық.
А.Басс және А.Дарки агрессияны бес түрге бөледі.Оны мынандай сызба түрінде ұсынады:
Адамдар үнемі қауіпті агрессивті әрекеттер жасайды. Неліктен олар мұндай әрекеттерге барады, деген мәселе ұзақ уақыттан бері маңызды дискуссиялардың пәні болып келеді. Психология ғылымында психикалық құбылыстардың ішіндегі көп зерттелінген құбылыс эмоциялық құбылыс болып табылады. Дегенмен эмоцияның жан-жақты қырларының ерекшеліктерін әрбір жеке адам түрліше өткізетін болғандықтан психологтар арасында бұл мәселе үнемі шешімі шексіз болып қала береді.
Эмоциялық тұрақсыздықтың бір көрінісі — агрессивтілік адамның жеке тұлғалық қасиеті ретінде де, эмоциялық жан күйзелісі ретінде де зерттелінеді. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бірнеше бағыттан тұрады.
Көптеген әр түрлі бір-біріне қарама –қайшы теориялық негіздерге қарамастан Р. Бэрон мен Д. Ричардсонның пікірінше олардың көбісі келесі төрт категорияның біріне сәйкес келеді. Агрессия бірінші кезекте мыналарға қатысты :
1. Туа пайда болған түрткілер немесе нышандарға
2. Сыртқы стимулдардан белсенетін қажеттіліктерге
3. Танымдық және эмоционалдық процесстерге
4. Бұрынғы тәжірибемен үйлескен көкейкесті әлеуметтік және эмоционалдық жағдайларға байланысты.
Агрессивтілік эмоцияның көрінуі әрекеті, яғни сырттан немесе іштен келген тітіркендіргіштерге жауап реакциясының әрекет ретінде көрінуіне орай бірнеше теориялар бар.Олай болса, соларға тоқталып кетейік.
Агрессияға қатысты ең алғашқы және белгілі теориялық ой бойынша , бұл мінез – құлық табиғатынан инстинктивті болып келеді. Бұл теориялық ойға сәйкес, адамдар осы тектес әрекеттерге генетикалық алдын ала программаланғандықтан, агрессия туындайды.
Психоаналитикалық бағыт – бұл тұжырымның негізін қалаушы З.Фрейд.
Ұзақ жүздеген жылдар бойы, оның теориясы қызу да қатаң тартысқа айналған. Фрейд еңбегінің арқасында агрессия және агрессивтілік моральдық тақырыптың ой тартысы, ғылыми сараптаманың негізгі объектісіне айналды Фрейдтің бастапқы жұмыстарының тұжырымы бойынша бүкіл адамзат әрекеті бұл тікелей болмаса жанама «эростың» ағыны, өмір инстинкті, өмірдің сақталып, мықтылануына бағытталған энергия көзі ретінде қарастырылады. Агрессия бұл тұрақты емес, алайда қашып құтыл алмайтын өмірдің бір бөлігі.
Бері келе заманға сай көптеген оқулықтарда көрсетілгендей агрессияның деректемесінің тәртібін психоанлитикалық анықтамада – « Танатос » деп көрсетеді. Танатос — өлім мен талқандауға деген инстинкті қызығушылық, ұмтылыс. Фрейдтің ұғымы бойынша танатос бұл өмірге ұмтылыс, танатостың энергиясы жарық өмірдің аяқталып, талқандалуына бағытталған.
Үлкен қарама – қайшылықтың бір бағыты өмірдің сақталуы мен талқандалуы, ал басқа механизмдер қызмет етуі танатос энергиясының мақсаты, бағытталуы, өзімнен бой алып, өзіме бағыттау. Фрейдтің тұжырымы бойынша бүкіл адазат әрекеті эрос пен танатостың арасындағы өзара қарым-қатынасы мен тартыс күшінің нәтижесі. Осылай танатос жанама себепкер болу арқылы агрессия сыртқа шығарылып, өзге біреуге бағытталады( Сызба 1.1 назар аударыңыз)
Агрессияның өзгеге бағытталу
Агрессияның өзгеге бағытталуы: Инстинкт пен әлеуметтік норманың бір-біріне қайшылығы, қимылдың шектелунен ішкі жағдайдың туу салдарынан агрессияның, яғни зорлықтың пайда болуы. Адам зорлықты өзіне, өзгеге және қоршаған ортаға қатысты жасайды. Өмірге құштарлық және өлімге ұмтылу, осы қарама-қайшылықтың түсінігі махаббат пен өшпенділіктің бірдей теңдігін көрсетеді. Өлімге ұмтылуы зорлық-зомбылықты әкелсе, ал махаббат агрессивтілікті ( сексуалдық) тудырады. Фрейдтің агрессияны табиғи қайнар деп қарастыруы писсимистілік. Бұл әрекет тек туа бітіп қоймай, танатостың энергиясы іштен шықпай қалуы индивидтің өзін-өзі талқандалуына әкеліп соқтырады. Агрессияның сыртқа эмоция арқылы көрінуі, талқандаушы энергияның азайып, жеңілдеуін ыңғайлы тәсілмен сыртқа шығарылуы көңілге үміт ұялатады. Осылай әрдайым сыртқа шығарылып отырылуы агрессивті мінез-құлықты, қызбалықты, кешілдікті, сарказм мен өсекке жақындылықты бойына сіңіруі мүмкін
Этнологиялық көзқарас: К.Лоренц агрессия – бұл ұзақ эволюциялық даму деп қарастырады. К.Лоренцтің ойы бойынша агрессия – бұл біткен инстинк, өмір сүру үшін күресу, бүкіл адамдарға және жануарларға тән қасиет.Адам бұл өзінің әрекеті табиғатқа тиесілі екенін түсінуі қажет.Агрессияны зерттей келе ол оны жануарлармен ортақ табиғи заңдылық деп қарастырады.
Агрессия генетикалы фонды жақсартуға көмектеседі, яғни күшті энергиясы мол индивидтер өзінің ұрпағын сақтап қалуға күші жетеді.
Агрессивтілік бірлесе жасалған функцияның бірі. Осы мезетте жиналған энергияның саны, өнбойынан агрессияның сыртқа шығуына әкеледі. Басқа тіршілік иелеріне қарағанда адамдарда бір-біріне деген зорлық-зомбылығы көбірек.К.Лоренцтің ойы бойынша бүкіл тіршілік иелерінде туа біткен инстинкті тартыстан басқа, ол өзінің ұмтылысын үстем ұстайтын мүмкіндікке ие және бұл мүмкіндік өзінің құрбанына қиянат әкелетін әрекетке тиеселі. К.Лоренц осылай тұжырымдай келе агрессияны құтыла алмайтын туа біткен күш деп қаарстырады.Сондай-ақ оның айтуы бойынша адам әртүрлі әрекеттер жасау арқылы, біреуге қиянат келтірмейтін жағдайлар, агрессия энергиясының қауіпті деңгейге дейін жинақталуын жеңілдетеді.
Лоренцтің тұжырымы бойнша – достық жылы қарым-қатынас махаббат ашық агрессияның ұйшығуын жауып жеңілдетуі мүмкін.
Аңшылық гипотеза: Адри Голливуд сценарисі « әуесқой архиолог», бірнеше кітаптар жазған. Адридің айтуы бойынша, іріктеп алу нәтижесінде аңшылықтың жаңа түрі пайда болуы : «Біз аштықта болмас үшін –шабуылдадық. Біз қауіпке лайықты қарсы тұрмасақ та онда біз тіршілік етуді тоқтатар едік. Біз аңшылыққа антомиялық және физиологиялық жағынан икемделгенбіз». Бұл табиғи аңшылық адамзат агрессиясының негізін құрайды. Адридің тұжырымдауы бойынша осы аңшылық инстинкт адам миының дамуы – қару-жарақтың шығуы, адамды бір-біріне шабуылдайтын тіршілік иесі ретінде құрайды.
2. Агресивтілікті зерттеудің теориялық аспектілері
К.Ю.Юнгтің агрессияға көзқарасы: агрессия, зорлық-зомбылық санадағы санасыз адам психикасындағы қимыл әрекет деп түсіндірді. Индивидтің дау-дамайы оның қорлықтан құтылмайтын түнек бөлігі, рухани талқандалуы, жеңуі, жаңаруы.
Агрессия фрустрациялы жағдайдан шығудың бір жолы болып қарастырылады. Құмарлық теориясы агрессияның қайнар көзі ретінде сыртқы себептердің қарқындылығынан туындайтын өзгелерге зиян тигізуге ұмтылу деп жорамалдайды. Бұл жерде агрессиялық әрекет эволюциялық процеске емес, жағдайға байланысты қарастырылған. Адамзат бойындағы агрессияның бұл бағытының негізін қалаушы Дж. Доллард. Оның көз қарасы бойынша агрессия — бұл адам бойындағы автоматталған құмарлық емес, фрустрация әсері қажеттілігін қанағаттандыру үшін кездескен кедергілерді жеңу, ләззат алу мен эмоциялық тепе-теңдік. Бұл теорияның нақты түсінігі бойынша агрессия бұл фрустрация көрінісі, ал фрустрация әр уақытт агрессияны өзіне ілестіреді. Агрессия – фрустрация бұл төрт негізгі түсініктің шоғырлануы: агрессия, фрустрация, тежелу, орнын баса тұруы.
Агрессия – бұл өзінің іс — әрекеті арқылы өзгеге қиянат келтіру ниеті.
Фрустрация – көзделген реакцияны орындалуында кедергілердің туындауы. Фрустрация деңгейі кедергінің маңызы мен бағышталған әрекетінің саны мен осы көріністің мотивациялық күшіне байланысты. Мақсатқа жету және мақсатқа бағытталған әрекеттің санынан кейін фрустрация басталады.
Тежелу – бұл тенденция күтіп отырған жағымсыз зардапты шектейтін болмаса алдын орындайтын әрекет.
Агрессиядағы қондырылған тежелу акті кез келген болатын шабуылдың күшімен тікелей тепе-теңдігінде. Агрессиядағы тежелу акті қосымша фрустрация болып табылады, осы тежелудің қателесіп қабылдануы, агрессияның басқа формаларының оянуының артуы агрессияны адамға қарсы қойып, агрессияның басқа формаларының оянуының артуына әкеліп соқтырады.
Орнын баса тұру – бұл бөгде біреуге қарсы бағытталған агрессивті әрекет құлшынысы, фрустрацияның шығуы, оның негізгі түбіне қатысты емес, сол мезеттегі реакция. Дж. Доллардтың теориясының негізгі екі болжамы бар:
1. Фрустрация әрдайым агрессияның қандай да бір формасына әкеледі.
2. Агрессия үнемі фрустрацияның нәтижесі болып табылады.
Осыған қоса, қосымша аспектілер бар. Агрессияға түрткі болатын маңызды үш фактор бар:
1. Біріншіден, болашақта мақсатқа жетуден күтілген қанағаттану дәрежесі.
2. Екіншіден, мақсатқа жету жолындағы кедергілер жолы.
3. Үшіншіден, жүйелі фрустрацияның саны.
Кейіннен Доллард агрессияны баяулататын факторларды зерттеуге көшті. Агрессияның кез келген актісінде баяулау дәрежесі осы әрекеттен кейін жүзеге асатын жазалау ауыртпалығына қарай тікелей сәйкестеніп түрленеді. Бұл теориясын нақтылай келе Берковиц фрустрация агрессивті әрекет етуге дайындалуға әкеледі деп тұжырымдады. Агрессивті құлық пайда болу үшін агрессияның алғышарттары, яғни агрессияны тұтастай ұйшықтандыратын өзекті факторлармен байланысты орта стимулдары болу қажет(Сызба 1.3 назар аударыңыз)
Агрессивті құлықтың пайда болуы (Берковиц бойынша)
Жоғарыда қарастырылған теориялар агрессияны инстинктивті қажеттілік деп қарстырады. Зильман агрессияны бақыланатын әрі өлшенетін қозумен байланыстырсақ дұрсырақ болар деп санады.Жалпы айтқанда, сарқылмас агрессивті импульстерінің қайнар көзінің әрекеті деп санады..
Фрустрация теориясының негізін қалаушылардың бірі Л.Берковец. Ол
« агрессия – фрустрация» схемасына үш мңызды түзету енгізді.
а) Фрустрация міндетті түрде агрессивті әрекеттен тарамайды, ол оған дайындық құрайды.
ә) Агрессия дайын тұрған күйде ыңғайлы жағдай тумаса ұйшықпайды.
б) Фрустрациялық жағдайдан индивид агрессия әрекеті арқылы шығатын болса, онда ол әрдайым осы іспеттес әрекеттерді, дағдыға айналдырып отырады.
Ал С.Розенццвейг — фрустрацияны ұйшықтыратын үш себебін көрсетті:
1. Мақсатқа жетуге қажетті нәрселер болмауы болмаса қажетін қанағаттандырудан айырылуы « ішкі айрылу» және «сыртқы айырылу» болып бөлінеді. « Сыртқы айрылу» — фрустратор адамның өзіне байланысты емес: «ішкі айрылу» — фрустратор адамның өзіне байланысты.
2. Затты болмаса қандайда бір объектіні жоғалту, ертеректегі қанағаттың қажеттілігі.
3. Дау-дамай бір уқыттағы бір-біріне үйлеспейтін жағдай, тұрақсыз күй немесе қатынас.
Берковиц өзінің соңғы зерттеулерінде алдыңғы еңбектерін қайтадан қарап шығып, негізгі екпінді эмоционалдық және позититі процесстерге аударды. Ол кедергілер қандай теріс әсерге әкелсе, сол ддәрежеде–ақ агрессияны ұйшықтырады деді. Зильман « таным мен қозу» өзара тығыз байланысты екенін дәлелдеді; олар бүкіл уайымдау, қамығу процесі барысында бір-біріне әсер етеді (Сызба 1.4 назар аударыңыз).
«Әлеуметтік оқыту теориясы» бұл адамзаттың үлгіге қарап бағдарлануынан үйренуі. Бұл жерде үлгі тұлғаралық қарым-қатынастың құралы ретінде, яғни адам әрекетінің құрылымы, өзгерісі, қатынасы осыған байланысты. Сондықтан да бұл жерде әлеуметтік қатынастың бастапқы әсерін анықтап, үйренуі — бұл ата-ананың бала тәрбиесіндегі агрессия қатынасы.Дәлел бойынша ата-ана әрекеті, агрессияның ілгері басуының негізгі себебі, агрессивті ата-ана, агрессивті бала тәрбиелейді. Мұндай теорияның негізін қалаушы А.Бандура . Ол агрессивтілік әректке үш жағдай негіздеді:
— әрекеттерд меңгеру тәсілдері;
— олардың көрінуіне себеп болатын факторлар;
— оларды нақтылайтын жағдайлар.
Аталған теорияның түсіндіруі бойынша адам агрессивтілік әректті көп қолданған жағдайда, ол оның әрбір іс-әрекетінің бір бөлігі болып қалады. Агрессивтілік әрекеттің маңыздылығы мен табыстылығы артқан сайын жетістікке жетуі, агрессияның бой көрсетуінде оның мотивация күшінің едәуір көтерілуі, әрдайым табыссыздықтың қайталануы – теденция күшінің тежелуіне әкеледі. Бұл теорияның басқа негізгі элементі әлеуметтік қорғаныс болып табылады. Қорғныс түсінігі бұл қандайда бір әрекеттің белгіленген реакциясы, яғни бөгде адамдардың сөзбен және сөзсіз қатынасты бақылауда ұстауы. Бұл мақтау немесе сөгіс, кекету болмаса күлу, достық немесе қастандық ишарасы болуы мүмкін. Қорғанысты екі формаға бөледі:
— жағымды қорғаныс – реакцияның соңынан ілесетін қандай да бір стимул оны ұйшықтырып немесе сол деңгейде ұстап тұрады;
— жағымсыз қорғаныс – бұл өткізу салдарынан реацияны ұйшықтыратын стимул.
Қорғаныстың түрлері өте көп, мысалы: жазалау және көтермелеу.Әдетте қорғаныстың төрт түрін қолданылады:
1. Егер бала реакциясының соңынан жағымды қорғаныс түрін қолдансақ – онда жағымды көтермелеу қортындысы болғаны;
2. егер жағымды қорғаныс баланың осы болмаса басқа реакциясынан кейін өткізіліп алынып тасталынатын болса – онда жағымсыз жазалаудың қортындысы дейміз;
3. егер реакцияның соңынан жағымсыз қорғаныс ілессе онда жағымды жазалаудың қортындысы болғаны;
4. егер жағымсыз қорғаныс заты реакциядан кейін өткізіліп алынып тасталса – онда жағымсыз көтермелеудің қортындысы болғаны.
3.Агресивтілікті жоюдың, алдын алудың психокоррекциясы
Психология ғылымындағы агрессиялық әрекетті түрлі әдебиеттің теориялық зерттеу негізінде төмендегідей қорытынды жасауға болады.
А.Басс агрессия мен қастандықты бөліп қарастырады,олар барлық уақытта үйлесіп, барлық уақытта кездесіп отырмайды.А.Басс және А.дарки агрессияны суреттей келе, шабуыл, күйгелектік, вербальдық және жанама агрессияның көріністеріне сүйенеді.авторлардың түсінігі бойынша қастандық – бұл күдіктенгіштік пен өкпелегіштік.
Авторлардың көзқарасындағы мына болжамдарына зейін қоятын болсақ: « агрессия жан-жақты құбылыс көрінісі болғандықтан, оны айырып, анықтап алу өте қиын. Ғылыми тұрғыдан жақындайтын болсақ, олардың әр тұстарындағы бір-біріне өзара байланыстарын көре білу қажет» деген .агрессияның жан-жақты әр түрлі қатынасына қараастан, қазіргі кезде көп жағдайд мынандай түсінік қолданылады: агрессия – бұл балағаттауа немесе біреуге, тірі жанға зиян келтіруге бейімделген әрекеттің қандайда бір формасы.
Н.Левитов біріншіден, жануар мен адам арасындағы агрессиялы әрекетті айыра білу қажеттілігн көрсетті.
Екіншіден « агрессия» ұғымы – шығуы бойынша баяндау, бейнелеу түсінігі, себептері, мотиві жайында грессивті әрекет ештеңе хабарламайтынына көңіл аудару қажет.Бала агрессиясының өсу динамикасын ескерген жөн, мұндай әрекеттің ұйшығуы тұлғалық даму дағдарыстары кезеңінде бой көрсететін эмоциялық күйдің тұрақсыздығы болуы мүмкін.
Н.Д.левитов агрессиялы жағдайдың тнмдық , эмоциялық және жігерлілік компоненттерін анықтады:
— анымдық жағдайды бағдарлай білу ( оның түсініг) және шабуылдайтын объектіні анықтап, өзін болатын жағдайға қоя білу;
— эмоциялық компонент-ашу-ызаның клуі, санасыз жағдайды мінездейді, жасаған әрекетін қадағалай алмауы,
— жігерлілік компоненті-агрессиялы әркет үстнде ерікті формальды құндылықтарын көрсете білу — ол мақсатылығы, табандылығы, шешім қабылдаыштығы және күштілігі мен инициотивтілігі.
Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуы – көптеген факторлар қатысатын күрделі процесс. Агрессивті мінез-құлық отбасының, құрбы-құрдастарының, бұқаралық ақпараттың ықпалынан анықталады. Балалар агрессивті мінез-құлықты тікелей әсер етуден, сондай-ақ агрессивті әрекеттерді бақылаудан үйренеді.Ата-аналар өзімен балаларының арасында ғы теріс қарым-қатынасын тоқтату мақсатында, еріксіз өздері аулақ болғысы келетін мінез-құлықты қолдап, көтермелейді.
Ең қатал жазаны қолданатын және баласының немен айналысатынын қадағламайтын ата-аналар өз балаларының агрессивті және тәртіпсіз болғанын аңғаруы мүмкін.
Балалар өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасай отырып та агрессия жайлы мәлімет алады.Олар өздерін өздерін агрессивті ұстауды өзгелердің ( сыныптастарының ) мінез-құлқын бақылай отырып үйренеді. Бірақ-та, кім қатты агрессивті болса,сыныптағылардың көбісі оны шеттетеді. Бір жағынан, бұл агрессивті балалардың басқа агрессивті балалардың арасынан домтар табуы әбден мүмкін.
Паттерсон және оның әріптестері отбасылық қарым-қатынстың салдарынан пайда болатын ауытқушы мінез-құлық моделін жасады.
Тұтастай агрессия табандылық, қайсарлық формасында ( деструктивті емес) , сондай-ақ қастандық және өшпендлік формасында ( деструктивті) да
Эмоционалдық дамуға,жеке тұлғаның қалыптасуына, психикалық саулыққа әсер етеді.Агрессияны жеңе білу қабілеттілігі әлеуметтік және жекелік сапалардың дамуын анықтайды.
Әртүрлі ғалымдардың денісау баланың мінез-құлқына арналған жеке еңбектерінде кез келген балада агрессияның әртүрлі формада көрінетінін атап өткен. Агрессивтіліктің барлық формасы жалпы бір сипатқа ие: олар
Паттерсонның ұсынған ауытқушы мінез-құлық моделі
Сызба 1.5
жағдайды қадағалау салдарынан пайда болады, өзін немесе өзін қоршаған ортаны, өзіне жақын адамдарды жетілдіру мақсатында оған әсер етеді.
Г.Паренс агрессияның екі түрін бөліп көрсетті.Біріншісі – деструктивті емес агрессия ( конструктивті), яғни табанды қастандықсыз мақсатқа жетуге бағытталған өзін-өзі қорғаудағы мінез-құлық.
Г.Паренстің зерттеулері деструктивті агрессия қоршаған ортаға бейімделу, өз қалауын қанағаттандыру, мақсатқа жетуге қызмет ететін туа біткен табиғи мехнизмдерден туындайды, деп болжауға мүмкіндік береді.Бұл механизмдер туылған сәттен қарапайым болса да, байқалады әрі қызмет етеді.
Ал, келесі форма – қастандық деструктивтілік,яғни қоршаған ортаға жауыздық, жағымсыз ауыртпалық жасайтын мінез-құлық. Жек көру, ашу-ыза, сотқарлық, кекшілдік т.б. өзін-өзі қорғау формасы болуы мүмкін, алайда бұл теріс әрекеттер көптеген жекелік мәселелерді туындатады және бұдан айналасындағыдар да зардап шегеді. Қастандық деструктивтілік, деструктивтілік емес агрессияға қарағанда туыла сала көрінбейді. Бірақ-та, оны өндіретін және мобилизаиялайтын механизмдер баланың өмірінің бастапқы сатысынан-ақ бар болады. Қастандық деструктивтілік өте күшті жағымсыз уайымдаулардан ( қатты ауыртпалық, дистрес) туындайды және жанданады.
Адамның бүкіл эмоционалдық өмірі агрессияның екі формасының да ықпалында болады. Олар көп мазалайды, өйткені баланың тәжірибесін қалыптастырады, әсіресе, олардың жеке тұлғалық қарым-қатынасынан көрінеді. Бірінші типтегі агрессия сөзсіз қажет, тіршілік үшін және жетістіккке жету үшін де керек. Екінші типтегі агрессия теріс сапаларына қарамастан, өз уақытында өзін-өзі қорғауға және бейімделуге де қажет болуы мүмкін. Г.Паренстің пікірінше, психологтың міндеті – балаларға өзіне, айналасндағыларға деген қажетсіз өшпенділіктен, қастандықтан құтылуға көмектесу. Балалар өз өмірін ішкі кикілжіңдерімен, кінә және ұялу сезімімен қиындатпау үшін, өзін-өзі өзгелерді құрметтеп,сыйлау үшін, өзінің әлеуметтік жауапкершілігіне ие болу үшін, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін бұл көмек өте қажет.
Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе, баланың жан дүниесінде туындайтын қастандық деңгейі оның эмоцтоналдық күйіне ықпал ететінін атап өткен жөн. Алайда,қоғам үшін де зұлымдық көптеген салдарға әкеп соады. Нақты жеке тұлға үшін эмоционалдық күйі агрессияның қандай мақсатта жүзеге асатынына байланысты. Ол ауыртпалық пен дистресстің қайнар бұлағына бағытталады. Қастандық, ашу-ыза, жек көру дәл осы мақсаттарға арналған және белгілі бір дәрежеде агрессияның қажет болатындығын мойындау керек. Қастандықтың туындауы сзсіз болатын жағдай. Қастандықтың пайда болу жиілігі мен қарқындылығын және концентрациясын белгілі бір деңгейде төмендетуге болады, осылайша балаларды жоғары дәрежедегі қастандықты басынан кешіруден қорғауға болады.
Эмоционалдық уайымдауларға және тітіркенушілікке, сонымен қоса адам өзі меңгеретін өмірлік тәжірибеге деген табиғи бейімділік, міне, осылар адамның өзінің жақын адамдарына деген қатынасын анықтайды. Бірінші кезекте, балаларға қиындықтардың көбеюін жеңе білуге үйретуіміз қажет. Г.Паренстің пікірінше мұны біз балаларды агрессивтілікті жеңе білуге үйрету арқылы жүзеге асыра аламыз. Агрессивтілік уақытысы келгенде көрініс беретін инстинкт емес.
Э.Фроммның агрессияға көзқарасы: Агрессия бұл өлімге, қайғыға ұмтылыс. Э.Фроммның зорлықтың бірнеше формасын көрсетеді:ойын арқылы зорлық, біреуден кек алу үшін, сеніміне жай түскендей болған кезде, біреу — біреуді өз билігіне жүгіндіруі, оны қорғансыз объектіге айналдыру , оған ойына келгенін жасау, балағаттап, қорлау негізгі мақсат — қайғыруға мәжбүр ету. Адам өзі жаңа нәрсені біліп, шығара алмаған кезде, ол өз күшін талқандауға жұсмсайды. Яғни адам, дегені болмаған кезде, зорлыққа, агрессияға жол береді. Адам бойындағы қайырымдылыққа, махаббатқа, сенімге көңілі қалған жағдайда талқандауға кіріседі. Көңілі қалу өмірді жек көруге әкеліп соқтырады. Зорлық-зомбылық талқандауға бағытталса, ал өмірді қорғауға бағытталған – агрессия бұл басқаша түсінік. Реактивті зорлық-зомбылық өзінің бостандығын, мәртебесін қорғауға бағытталған, мұның негізгі мақсаты құрып-қалыптастыру болып саналады.
Сөйтіп Э.Фроммның белгілеуінше фрустрациялық қажеттілік пен құмарлық көпшілік арасында әдеттегі құбылыс, агрессия мен зорлық әрдайым көрініп отырады деп атап көрсетті.
Фромм зорлық пен агрессия проблемасын адамның әлеуметтік мінез-құлықы сұранысымен байланыстырады.Көпшілік топ өз индивитінің нақты ерекшеліктерін, сондай-ақ зорлыққа қатынасын қалыптастырып мақсатты бағыттайды.
Э.Фроммның «Адами деструктивтілік антомиясы» еңбегінде нейрофизиологтардың, жанурлар психлогтараының, палеонтологтардың және антропологтардың нақты ғылыми мәліметтері адамда тумыстан берілетін, кенеттен өзімен-өзі дамитын агрессивтілік инстинкт туралы гипотезаны теріске шығарғаны жайлы атап кеткен[8].
Біріншіден, Э.Фромм мидың қызметі мен индивидтің мінез-құлқының арасындағы байланысқа қатысты мәселелердің зерттеу нәтижелерін талдайды. В.Гесс, Д.Олдс, Р.Р.Хит, Х.М.Р Дельгадо секілді бірқатар зерттеушілер, агрессия және қашқындық импульстері мидың әртүрлі бөліктермен «қадағаланады» деп пайымдайды. Мәселен, мидың белгілі бір бөліктерін стимулдай отырып ашу-ыза аффектісін (және соған сәйкес мінез-құлық моделін) күшейтуге және сондай-ақ бәсеңдетуге де болатындығы іс-тәжірибеде көрсетілген. Мысалы , белсендіру аралық миға, латеральдық гипоталамусқа, орталық сұр затқа тәуелді. Осы тектес зерттеулер бір аймақтарда реакцияның белсенді жүрсе, ал енді бір басқа аймақтарда кідірісте болатынын көрсетеді. Мидың жарты шарларының дуальдық (биополярлық) ұйымдастыру нәтижесінде агрессия рефлексінің екі жақтылығы да пайда болады. Қандай факторлар тепе-теңдікті бұзады және ашық ашу-ызаны және де соған сәйкес талқандаушы ( агрессивті) мінез-құлыққа түрткі болатынын анықтау маңызды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Айсмонтас Б.Б. Общая психология. Схемы. Москва Владос. 2003.
2. Артамонов Анатолий. Астрология. Для любознательных. КСП+.ИЧП .Медков. Москва 2001.
3. Адлер А. Понять природу человека. СПб.,1997.
4. Бейли А. Эзотерическая психология. М.,1994.
5. Брунер Д.Психология познания. М.,1977.
6. Батаршев А.В, Тестирование. Москва.1999.
7. Вульфинг Фон Рор. Экзотерика. Для начинающих. Москва 2001.
8. Гарбузов В.И. Практическая психотерапия. СПб.,1994.
9. Годфруа Ж. Что такое психология. В2т. М.,Мир,1992.
10. Гроф С. За пределами мозга. М.,1993.
11. Гроф С. Области человеческого бессознательного. М.,1992.
12. Готвальд .В.,Ховальд В. Помоги себе сам. Медитация. М.,1992.
13. Годфруа Ж. Что такое психология. М.,1997.
14. Гроф С. Космическая игра: исследование рубежей человекского сознания. М., 1997.
15. Кішібеков Д., Ұ.Сыдықов. Философия. Алматы. Ғылым. 2005.
16. Крайон. Не думай как человек. Ченнелинг-ответы на насущные вопросы .София.2006.
17. Канке В.А.. Философия. Исторический и систеатический курс. Москва•.Логос.•2001.
18. Кандыба Виктор. Мировые техники лечебного гипноза. Санкт-Петербург•Москва•Краснодар 2003.
19. Кошелева А.Д., АлексееваЛ.С. диагностика и коррекция гиперактивного ребенка. М.,1997.
20. Кон И.С. В поисках себя. М.1984.
21. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. 8-том. Қазақ ССР-нің. Ғылым баспасы. Алматы.1985.
22. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі. 3-том. Қазақ ССР-нің. Ғылым баспасы. Алматы.1978.