Қырымдағы татар ұлттық қозғалысының төрт ардагері шартпен сотталды

0

Ресей аннексиялап алған Қырымдағы Cимферополь соты татар ұлттық қозғалысының төрт ардагерін бопсалау бабымен соттады. Бекир Дегерменджи, Кязим Аметов және Руслан Трубачтың үш жыл сынақ мерзімімен үш жылға бостандығы шектелді. Сот Асан Чапухты бірнеше Калашников автоматы мен оқтарын сақтады деп танып, үш жарым жылға шартпен соттады.

Төрт белсенді 2017 жылы қарашада Симферопольде Түркия азаматы Юсуф Айтанның «Қырым татарлары менен ақша бопсалады» деген шағымынан соң ұсталған. Ұстау кезінде Қырым татарларының ұлттық қозғалысы ардагерлерінің бірі Виджие Кашка көз жұмды.

Сотталғандар сөзінше, Айтан Кашкадан қарызға ақша алып, қайтармай қойған. Мұнан соң Кашка Дегерменджи, Аметова, Трубач пен Чапухтан көмек сұраған. «Бірақ біздің әрекетімізді Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі мен сот бопса деп таныды» дейді олар.

11 сәуірде Симферополь аудандық соты айыпталушы сөзін рас деп танып, Юсуф Айтаннан Кашка отбасына қарыз ақшаны өндіру туралы қаулы шығарған. Үкім оқылғанда судьяның мұны ескермегенін айтқан айыпталушылар апелляцияға жүгінетіндерін жеткізді.

Айыпталған белсенділер ұсталған соң бірнеше ай уақытша тергеу абақтысында отырып, кейін үйқамаққа жіберілген. Үкім заңды күшіне енгенше белсенделер үйқамақта отырады.

Azattyq