Қазақша реферат: Автомобиль көлігінің ұғымы және бұл көлікпен жасалатын жүк тасымалының сипаттамасы.

0

Жоспар.

Кіріспе.
1-бөлім. Автомобиль көлігінің ұғымы және бұл көлікпен
жасалатын жүк тасымалының сипаттамасы.
1.1 Көліктік логистикада автомобиль көлігінің алатын орыны.
1.2. Автомобиль көлігінің жалпы түсінігі.
1.3. Тасымалдауға ұсынылған форманы сақтау жағдайындағы
көліктерді саралап, теңестіру.
1.4.Тасымалдаудағы жүк автомобильдерінің ажырату белгілері.
1.5. Автокөлікпен жүк тасымалдауда қажетті ережелер, келісімдер мен құжаттар.

2-бөлім. Қазақстан Репсубликасындағы автокөлік секторы.
2.1. Автокөлік секторы.
2.2. Автокөлік жолдары.
2.3. Автомобиль көлігі және автомобиль жолдарын басқарудың құрылымы.
2.4. Автосервис.
2.5. Автокөліктің жүк тарифтері.
3-бөлім. Автокөлік тасымалдарына кедендік бақылау жүргізу.
3.1. Автокөлік тасымалдарын кедендік бақылау.
Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Еуразия континентінің ортасында Еуропаның үлкен динамикалық тұрғысындағы нарық дамуында орналасқан Қазақстан Республикасы-ның экономикасы Шығыстың және Оңтүстік-Шығыс Азияның транзиттік мүмкіндіктерін тиімдіпайдалануымен ерекшеленген мем-лекет. Үлкен аймақты еліміздің (2720 000 шаршы/км) Ұлттық Автокөлік жүйесі даму үстінде және жергілікті халықтың тығыздығы-ның мөлшері = 1 шаршы/км 6-адам.
Қазақстан Республикасының транспорттық кешені Темір жол, Әуе, Теңіз және өзен, Құбыр және т.б. қатысатын түрлерін қамтиды. Бұл кешендегі қызметтердің барлығы нарықтық қатынастың еркін түрінде өтіп отырады. Ал, 1990-1999жж арасында барлық Автокөлік түрлері-мен жүк тасымалдау 2,5 есеге, жүк алмасу 3,5 есеге, жолаушылар тасы-малдау 5 есеге қысқартылды. Кейінгі кезде осы бағыттардағы беталыс өсіп келе жатыр.
1990 жылдардың бас кезінде Қазақстан өз тәуелсіздігін алып ел болғанда экономикамыз оның ішінде көліктік қызмет көрсету сала-лары көп тоқырауға ұшырағаны белгілі. Сол кездерде ұжымдық шаруашылықтар таратылып, соның әсерінен еш тоқтамсыз жұмыс істеп тұрған көліктік ұйымдар өз жұмыстарын өзгеріссіз ұстап қала алмады. КСРО кезінде Қазақстан Орта Азияның транзиттік аймағы болды. Көршілес мемлекеттер, көбінесе Еуропа нарығына шығу үшін осы Қазақ жерін басып өтіп жатты. Орта ғасырлардағы сауда қарым-қатынастарына көз салсақ, бұнда да Қазақ хандығының (XIV ғ) жерін бүкіл Әлемге танымал «Ұлы Жібек жолы» көп бөлігін басып өткен.
Қашан да болмасын сауда мен транзит мекені болған еліміз, көлік ғылымы парақтарында өзіндік ерекше таңбасын қалдырады.
Ғылым мен техниканың пайда болуы арқылы көп түрлі транспотр құралдары пайда бола бастады. Әлемде әуе және құбыр көліктері дамымай тұрған кезде, Автомобиль көлігі Су және Темір жол көліктерімен қалыспай қызмет атқаруда. Кәзіргі уақытта Автомобиль көлігі мен басқа да көлік түрлерінің қызметін реттейтін ұйымдар мен халықаралық ереже-шарттар бар. Осылар арқылы жалпы Дүниежүзі-лік көлікпен жүк және жолаушы тасымалдау реттеліп, біртұтас жүйеге келтіріліп отырады. Енді осы тақырыпқа жұмысымда кеңірек дәлірек мәліметтер бере кетсем.

1-бөлім. Автомобиль көлігінің ұғымы және онымен жасалатын көліктік жүктердің және оларды тасымалдаудың сипаттамасы.

1.1. Көліктік логистикадағы автомобиль көлігінің алатын орыны.

Көлік дегеніміз-адамдар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыра-тын материалдық өндірістің саласы. Қоғамдық өндірісте көлік мате-риалдық қызмет өндірісіне жатады. Логистикалық операциялардың көп бөлігі көлік түрлерінің, құралдарының қолданылуымен атқары-лады. Негізделуіне байланысты көлік 2-түрге бөлінеді:
1.Жалпы қолданылатын көлік-халық шаруашылығының барлық салаларының қажеттілігін қанағаттандыратын сала және адамдар мен жүктерді тасымалдауға бейімделген көлік.
2.Жалпы емес қолданылатын көлік-бұл өндіріс ішілік қолданыла-тын көлік түрлері мен құралдары: кран, бульдозер, комбайн, белаз, танкерлер б.т.
Көліктік логистика – халық шаруашылығында алатын орыны ерекше болғандықтан ол келесі мәселелерді шешеді және көлік жүйесін құрап, көлік коридорлары мен көлік тізбектерін құрайды.
Көлік коридоры д/з- 1-елден, 2-елге жүк тасымалдаған кезде жеңілдік көрсету. Ал көлік тізбегі д/з- жалпы және жалпы емес көлік түрлерінің тиімді жақтарын қарастыру, мысалы: шекарадан белгілі орынға дейін бір авто көлікпен, одан жүкті тиегенде бір көлікпен іске асыруда темір жол көлігін қолдану арқылы көмек көрсету, яғни жүкті тасымалдағанда бірнеше көлік түрлерімен іске асыру.

1.2. Автомобиль көлігінің жалпы түсінігі.
Транспорт — әлемдік шаруашылықтың негізі болып табылады. Автомобль көлігі бұл- әлем халықтарының көпшілігімен жер беті бойынша басқа көлік түрлері бара алмайтын жерлерге жүк және жолаушы тасымалдау үшін арналған, адамның ойлаптапқан үшінші көлік түрі.
Басқа көлік салаларымен бірге дами отырып, әлемдік өндіріс жүрі-сінде өзгерістерді көрсетеді. Автокөлік транспорты басқа транспорт түрлерімен бәсекеге түсіп жақсы даму үстінде. Көптеген зерттеулердің көрсетуі бойынша автокөлік транспорты, транспорттық нарықта өзін-дік секторын иемденген және қолданылуда басқалардан азғантай ғана алшақтықпен негізделген.
Соңғы көрсеткіште автокөлік түрі өзінің жылдам дамуымен көзге түсуде, себебі әр түрлі бірлестіктер, үлкен сауда орталықтары оның тұтынушысы болып табылаы. Сондай-ақ тағыда айтып кететін жайт автокөлік транспорты мынадай жағдайда ғана таңдалынады: егер транс-порттық шығым бағалау саясатында елеулі рол атқармаса және де тасымалдау формасында игілікті талап етсе.
Нарық экономикасының дамуы әр түрлі транспорт түрлерінің дамуымен байланысты, бірақ басым күшті автокөлік транспорты алады. Автокөлік транспорты жүктерді тасымалдауда үлкен рол атқарады. Жүк өндірістің өнімі (Шикізат, дайын өнім, полуфабрикаттар) тасымалдау транспорт түрін талап етеді.
Егер жүк тасымалдау түріне қарай қапталған, және ережелерге сай болып, кемелді жағдайда сақталынса орынына жеткізілуі сонымен қоса ол жауапкершілікте болады. Жүк құрамының барлығы тасымалдау техникасымен және жағдайымен анықталса, асыра тіркелсе және сақталса оның бәрі транспорттық жүктің сипаттамасы болып табылады. Жүк сақтау тәртібімен қапталып, қорапталумен қатар артылып апарылуымен, физикалық-химиялық құрылысы мен көлемімен, сиым-дылығымен және тасымалдауға ұсынылуымен айқындалады.
Тасымалдаудың тәсілі, жүкті арту, жүкті түсіру механизмдерінде, сондай-ақ автокөлік түрінде, жүкті сақтау тәртібінде, қауіп-қатер, оттан сақтау техникалық қолданылуында көрінеді. Жүктердің ерекшелігіне қарай жүк тасамалдаудың нақтылы жүк жайластыру түрлері құрылды (тасымалдаушы, сараптаушы) және транспорттық заттар (вагондар, кеме, автокөліктер) құрыла бастады.
Жүктерді тасымалдауға, оларды артып-доғару жұмыстарына төлем ақы қолданылады, олар арнайы белгіленген жүйеге сай жүктің, жұмыстың түріне қарай бір баға ғана белгілейді. Жүктерді транспорттық жіктеу, олардың жан-жақтылығымен анықталса да, барлық транспорт түріне бірдей болып келеді. Барлық транспорт түрлерінде өзіндік жіктеу бар, олардың ерекшеліктері де есептелінеді.

1.3.Тасымалдауға ұсынылған форманы сақтау жағдайындағы көліктерді саралап, тексеру және тектестіру.

Автокөлік транспортында жүктерді ыдысына қарап тектестіріп-жіктейді. Бір жүктің орынын салмағына қарай, оның көлемі мен арту-түсіру жолын жіберу көлемімен, өзіндік құрылысымен:
1.Ыдыс түріне қарай, ыдысты, ыдыссыз;
2.Бір жүктің орын салмағы арқылы – даналы (250 кг дейін, домалап-сырғанайтын жүктерге: бөшке, орауыш, кабельдер-500кг дейін);
3.Асып кеткен салмақтағы сыйымдылық (250 кг, ал домалайтын-дарға 500 кг -30 т дейін);
4.Ауыр салмақтағыларға (даналы 30 т аспайтындай және одан да жоғары);
5.Көлеміне қарай: жалпы қолдану жолына ауыр жүктерде жіберіледі. Ең ақырғысының көлемі ені арқылы-2,5 м, ал биіктігі арқылы-2,8м ұзындығы жағынан артқы кузовтың борты-2м ден аспауы керек;
6.Арту және түсіру амалына қарай: даналық, себілмелі (ұнтақты), үймелі және құйылмалы;
7.Жіберілу көлеміне қарай: ұсақпартионды (5-30т дейін), партионды (5-30 т дейін), салмақтылар (30т жоғары);
8.Ерекше құрамымен: тез бұзылатындар, қауіптілер, антисанитар-лық (қоқым, таза еместер), тірілер (мал, құс, аралар).

1.4. Автокөлікпен жүк тасымалдаудағы автомобильдердің ажырату белгілері.
Жүк тасымалдайтын автокөліктерді былайша анықтайды:
а) Сала бойынша: өнеркәсіп жүктерін тасымалдаушы, құрылыс заттарын тасымалдаушы, ауыл шаруашылығының жүктерін тасымалдаушы, сауда жүктерін тасымалдаушы, коммуналды шаруашылықтар жүгін тасымалдаушы, почта бөлімшесінің жүктерін тасымалдаушы;
б) Жүктердің көлемдік түрлеріне байланысты: салмақты және ұсақпартионды тасымалдау. Салмақты деп-аталатын тасымалдаудың үлкен көлемі біртүрлі жүк болса. Көлемді партия номиналды түрдегі жүк көтеру автокөлікке тең болуы керек, бірақ одан аз болмауы қажет.
Ұсақпартияны тасымалдау-жүктің үлкен емес партиясы деп аталады.
в) Аймақтық белгі-қалалық, қала шетілік, аудан ішілік, аудан аралық, қала аралық және халықаралық тасымалдау болып бөлінеді;
г) Орындалу тәсіліне қарай: орынды бір кәсіпорын автотранспорты-мен жүзеге асады; тікелей хабарлаумен тасымалдауда бірнеше автотранспорттық ұйымдар қатысады; аралас хабарда екі немесе одан да көп автокөлік түрлерімен тасымалданады. Аралас хабар тасымалдауының біріне форманың құрамдас түрі жатады. Біріктіріп тасымалдаудағы жүк бір транспорт түрінен екінші жүгі жоқ транспортқа беріледі. Бұл мысалға белгіленген арнайы жартылай тіркегіш контейнерлер, темір жол тасымалдау платформалары немесе өзендегі, теңіздегі кемелер;

д) Уақыт игерілімімен: тұрақты, уақытша және кезең бойынша тасымалдау болып табылады. Тұрақтысы жыл бойы іске асырылады. Кезеңдегісі теқ қана белгіленген жыл бойында, уақытша кідірістер-белгіленген күндер сипаттамасын алады.
е) Ұйымдастыру белгісі бойынша: орталықтандырылған және бөлшектенген.
Орталықтандырылып тасымалданған автокөліктік кәсіпорындарға ұйымдастырушылар арқылы жүк жеткізіледі және тұтынушылардың өздері арқылы бұл процесс іске асып отырады.
Ал бөлшектендірілгендегі тасымалдауларда әрбір жүк қабылдап алушы өз жүгінің жеткізілінуін өзі қамтамасыздандырады.

1.5. Автокөлікпен жүк тасымалдауда қажетті ережелер, келісімдер
мен құжаттар.
Автокөлікпен жүк және тасымалдауда келісім накладной болып табылады. Накладной үш данада толтырылады және жүк жіберуші немесе жүк қабылдап алушы өз қолын қояды. Қолды штамп түрінде де қоюға болады, сондай-ақ басқа дай типографиялық әдістермен де қойылады. Накладнойдың 1-данасы:
«Тасымалдаушыға беріледі.»
2-данасы: «Жүкпен бірге жүк қабылдап алушыға беріледі.»
3-данасы: «Жүк жіберушімен қалады.»
Егер жүк бірнеше автокөлікпен тасымалданса немесе бірнеше партия болып тасымалданса жүк тасымалдаушы әр көлікке бөлек накладной толтырылуын сұрай алады.
Накладнойда келесі мәліметтер болады:
1.Накладной құрастырылған күні;
2.Жүк жіберушінің аты – жөні, мекен – жайы;
3.Тасымалдаушының немесе тасымалдау фирмасының мекен-жайы;
4.Жүкті жеткізу пункті және қабылдап алған пункті;
5.Жүк қабылдап алушының аты-жөні, мекен-жайы.
6.Егер жүк қауіпті болса, немесе жүктің тасымалдау ерекшеліктері болса накладнойға енгізіледі;
7.Жүктің нөмірі және қаншалықты орын алып тұрғаны;
8.Жүктің салмағы немесе данасы көрсетіледі;
9.Тасымалдау кезіндегі шығындар, кеден төлемдері көрсетіледі;
10.Кеден алымдарын және салықтарын төлеген кездегі ережелер көрсетіледі;
Кейбір кездерде накладнойда келесі мәліметтер көрсетіледі:
1.Жүктің басқа көлік түріне қайта артуға болмайтыны туралы;
2.Жүк жіберуші қандай төлемдерді өзі төлейтіні көрсетіледі;
3.Жүк жеткеннен кейін қайта орау соммалары көрсетіледі. (Реимпорт);
4.Жүктің бағасы;
5.Сақтандыру бағалары көрсетіледі.
Егер накладнойда жүкті тасымалдау ерекшеліктері көрсетілмесе, тасы-малдаушы жүк толықтай тасымалдауға дайын деп есептейді және жүккезақым келсе тасымалдаушы жауап бермейді. Жүк жіберуші басқа жүк қабылдап алушыға жібере алады, бірақ накладнойдың 2-данасы жүк қабылдап алушыға берілсе, жүк жіберуші жүкке деген құқығын толықтай айырылады. Егер жүк тасымалдаушы өзінің міндеттерін орындай алмаса және орындай алмайтынын сезсе жүктің иесіне хабарлауы тиіс. Егер үш күннің ішінде хабар бере алмаса, қалған жүкті сақтау үшін әрекеттер жасай бастайды. Жүкке салынған салықтар және кеден алымдарын төлеу туралы мәліметтерді жүк тасымалдаушы жүк иесінен алады. Мәліметті алу кезінде шыққан шығындарды жүк иесі толықтай өзі төлейді.

2-бөлім. Қазақстан Республикасындағы автокөлік секторы.
2.1. Автокөлік секторы.
Автокөлік транспорты кең таралған заттардың мобильді түрде жолаушыларды және Қазақстан Республикасындағы жергілікті орындарға ешбір кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Транспорттың бұл түрі былай сипатталады:
а) жоғары орағыту және тез арада жолаушылар мен жүктерді жеткізу;
б) мүмкіндігіне қарай: тасымалдау «Есіктен есікке қарай» қандай да болсын аралықтағы операциясыз, жүктердің сақталуына жақсы жағдай жасалуы;
в) аралас тасымалдау түрлерін міндетті түрде қатыстыру;
(біріктірілген, мультимоделді)
1990ж аралығындағы автотранспорт заттарының құрылымының есебі барлық қозғалыс құрамында, жеңіл автокөлік түрінен басқа қысқартылуға, өзіндік тұрақты беталысын алады. Автотранспорт заттарының белгіленген уақытта қолданылуы талдау жасағанда даму қозғалысының құрамы да өзгерген. Автотранспорттың барша бөлік-тері ескіріп, ресурстан шығып, өңдеуді, жаңартуды талап етеді. Кейінгі 3 жыл аралығында (1997-99жж) автокөлік үйлерінде жүк тасымалдаушы автомобильдер және автобустардың қолданудан 15 жыл асқанының көрсеткіші 32% дан 45% және 28 % тен 42% дейін. Автотранспорт саласы көп жағдайда жекешелендіруге әкеп соқтырды.
Кәзіргі уақытта барлық парк 84% автотранспорт заттары азамат-тардың жеке меншігінде, 11% экономика саласындағы заңгер адамдардың меншігінде және 5% мемлекет меншігінде. 2000 жылдың басында жалпы шаруашылық есебі автокөлік заттарын арендаға алып, баланс жасағандар -17,2 000 болды, сондай-ақ олардың 70 автомобиль сандарының 10 бірлікте істеген жұмысына қарай істен шығарылуына әкеп соқтырды. Мұндай родикалды құрылым және заттарды нақтылау пайда болды. Нарықтық механизмге негізделді, экономикамыздың автотранспорт секторын ғана сақтап қалу емес, оның мүмкіндігінше дамуын анықтауға жол беру. Бұл жерде қала-дағы жолаушыларды тасымалдауды алсақ болғаны, мұны әрдайым тоқырауға соқтырады. Құрылған экономикалық ортада, әлеуметтік критерилерді сақтау барысында олар Қазақстан бойынша тек бизнес түрінде тиімді екендігін көрсетті.

2.2. Автокөлік жолдары.
Автотранспорт қызметінің тиімділігі инфрақұрылымның негізінде қаралады. Ең бірінші ол автокөлік жолдарының тізбегіне әкеп соқ-тырды. Қазақстан Республикасының автокөлік жолдары 128000 км ді құрайды, оның ішінде 85000км жалпы қолданыста, Республикалық белгідегі жол 18,9 000км және жергілікті белгідегі жол 66,3 км –ді қамтиды. Республиканың автокөлік тізбегі 13000км. жолды құрайды, оларға халықаралық дәрежедегі мәртебе берілген. Қазақстанның автокөлік жолдары өзінің жол қабатынан тез айырылып бара жат-қанымен сипатталынады. Республика жолдарының басым көпшілігі (80%) 80-жылдары жобаланып, жасалған нормативті салаға сай. Ол жылдары 6-тоннадан аспайтын жүк тасымалға негізделген. Ал бірақ кейінгі жылдары автокөлік қозғалысының құрамы әлдеқайда өзгерді. Кейінгі үлгідегі жоғары тиімділікке ие жүк автомобильдері және автобустар белуардан жүктелген, олардың салмағы 10 тоннадан асады. Міне осындай автокөлік түрлері жолдарының тез, жылдам құрылуына әкеп соқтырды. Жылдық қадағалау техникасының байқауы 1999 жылы көрсетті, барлық тізбектегі жолдардың 20% ғана сапалы және тегіс болды. Республика белгісіндегі жолдардың 3 000км-ге жуығы қауіпті, кемістік- ақаулы, ол 5 000 км қолданыс жолдары міне осылар жол жүруге қауіп-қатер төндіріп тұрғандар. Кеңес өкіметі ыдыраған соң бұл жолдарды қайта реттеп қарайтын органдардың құзіреттері мен мүмкіндіктері онша мәз емес болды, сондықтан да басқа шетел фирмаларына осы жолдарды жөндетуге мәжбүр болық, ол елімізге көп шығын әкелгені сөзсіз.

2.3. Автокөлік және автомобиль жолдарын басқару құрылымы.
Кейінгі жылдарда автокөлік және автожол саласын басқару құрылымын бірнеше рет ұйымдастырылды. Ал кәзіргі уақытта транспорт және коммуникация министрлігі автокөлік жол комитетін басқарып, қадағалап отырды. Оған қойылған талап мем-лекеттік саясатты тарату және қызметтің барлық түрін координация-лау болды. Бұл комитет барлық бағдарламалардың әкімшілігі болып табылады. Оларды қолдап Республикалық автокөлік жолдарының тізбесін дамытуда өте үлкен міндет атқарды. Автокөлік тасымалының оператор арқылы техникалық ұсыныстың күтімі және қозғалыс құрамын жөндеуге, сондай-ақ жанар-жағармай өнімдерін, бөлшектік саймандарды еркін енгізіп, дамытуды Қазақстан шаруа-шылығына енгізу. Халықаралық автокөлік тасымалдары Қазақстан Республикасының басшылық келісімі арқылы ғана жүзеге асады. Бұларды жөнге салатын, ұлттық тасымалдауға құқық беретін, шетел тасымалдарына, ішкі нарыққа кіруге рұқсат беретін органдардың бірі контингент транспорт және коммуникация министрлігі. Ұлттық тасымалдау және халықаралық автокөлік тасымалдауын құруға көмек берген Қазақстан Республикасының Халықаралық автокөлік одағы (ҚР ХАО). 1994 жылы Қазақстанның Халықаралық автокөлік одағы шын мәнінде халықаралық автокөліктік одақтың мүшесі болды. Жекешелендіру барысында бірнеше кәсіпорындар мен жүк тасымалдау автокөлік қозғалысы мемлекет қарамағынан алынды.
Осылайша 2-мақсат көзделді:
1.мемлекет тез жекешелендірудің басқа неготивтерінің болуынан сақтандырылды;
2.мемлекеттік құрылымдағы ұйымдарда ұйымдасып алудың жолынан, төтенше жағдай төне қалса сақтандыру жолы болды.
Қазақстан Республикасының жолдары мемлекеттің қарамағында олардың жөнделуі транспорт және коммуникация министрлігімен «Қазақавтожол» деген ұйым құрды. Кәзіргі уақытта оның басты бөлі-гінде Республикалық және жергілікті автокөлік жол тізбектері бар.
Жыл сайын Қазақстанның кең аумағында өрмекшінің торындай өріліп жатқан автокөлік жолдарын жөндеу үшін мемлекет органдары, дәлірек айтқанда Қазақстан Республикасының Үкіметі миллиондаған қаржыны жол жөндеуге бөліп отырады. Бұл әр жыл сайын өсіп келуде. Оны түсіндіруге тырыссақ: Республикамыз бойынша жол жөндеумен айналысатын кәсіпорындар «Жұмыс істе, бірақ ертең де істейтін жұмыс қалдыр» деп айтатыны белгілі. Өйткені олар да ертең жұмыссыз қалады ғой. Кәзіргі нарықтық экономикада өркендеп келе жатқан ел экономикасында бұндай әрекеттер қайталана берсе мүлдем дамудан қалатын шығар. Ақша мәселесі бірінші орында тұрған жағдайда бұл да бір жағынан дұрыс шығар, бірақ шынымен дамығымыз келетін болса, ел үшін аянбай жұмыс істеу керек қой. Міне осы салада әлем назарында болған «Ұлы жібек жолы» сияқты сауда жолдары, кәзіргі Қазақстанның Азия мен Еуропа қақпасы екені, транзиттің нағыз ортасы екені көрінеді. Бұнда енді көлік түрлерінің барлығы, оның ішінде ең ыңғайлы да оңайы автокөлік транспорты жүктер мен жолаушылар тасымалдауда ерекше мәнге ие болып отыр. Қазақстанның кейбір аумақтарына басқа көлік түрлері бара бермейді, өйткені олар бізде орташа дайындықта тұр. Оларды қалыптастыру көліктік операциялардың қарқынды өсуімен байланысты дамып отырады.
2.4. Автосервис. Автокөлік транспортын меңгерудің құрылымы.
Автортанспорт секторындағы ерекше мазаланатын құрылым қалыптасудың техникалық жүйесінің жағдайын жасайды, қозғалыс құрамын жөндейді, сондай-ақ өндірістегі және мұнай өнімдерін таратушы либералды шаруашылықтағы қызметтің нәтижесінде бұл экономикалық сектор толығымен бөлшектенген болып табылады. Бәсекелескен ортаны туғызғанына қарамастан нарықтық субъектінің басым көпшілігі қызметтің әр түрлілігін көрсетуде жетерліктей көлемде. Ал қызметтің сапасы төмендеу, әлсіз болып қалады. Автомобильдердің техникалық күту принциптік түрде болады жұмыс істеу күтімі жауапкершіліктің толық еместігінде. Автотранспорттық белгідегі мұнай өнімінің өндірісі көлемі нарық қатынасының жүйесінде іске асады. Жанар-жағар май материал-дарының сақталуы, оның ішінде барлық автомобиль бензині, дизель жанармайының бұрмалануына жол бермеуде. Кәзір барлық даму-шы, жалпы дүниежүзіндегі мемлекеттерде Автокөліктерге қосымша қызметтер мен ұсыныстар жасайтын орындар өте көп. Қазақстанның өзінде де кез келген білікті адам осындай орындар аша алады. Елімізде шағын бизнесті қолдайтын бірқатар ұйымдар мен заңдар бар, солар бойынша Қазақстан азаматтары өз шамасына қарай оңай деп тапқан бизнес түрімен айналысуға құқығы бар. Бұл дегеніміз ел экономикасын жедел түрде дамытуға бағытталған іс-шаралар болып отыр, сондықтан да бұнымен байланысты көлік саласы да елеулі ықпалын тигізуде.

2.5. Автокөліктің жүк тарифтері.
Автокөлікпен тасымалданатын жүктерге қойылатын тарифтік төлемдері тарифтік ставкамен және тарифтік схемамен анықталады. Тарифтік схема деп-белгіленген жағдайға байланысты тасымалданатын тарифтік төлем. Тәжірибеде бұндай схемалардың 3-түрі бар:
1. Келісім-шарттық схема.
2. Уақытша схема.
3. Көлік жұмысының бірлік есептік көрсеткіші. (б.е.к.)
Келісім-шарттық схема бойынша-тасымалдау төлемдері келесі фор-муламен анықталады: Р1=С1+А*С2+В*С3;
Уақытша схема үшін келесі формула қолданылады: Р2=С1+Е*С2+Т*С4;
Көлік жұмысының бірлік есептік көрсеткіші тарифі келесі формуламен анықталады: Р3=С5*Д.
Мұндағы С1-тапсырысқа қойылатын тарифтік ставка. С2-тиеу-түсіру операциясына тарифтік ставка.(Қаз. теңге) С3-берілген жүк классының 1тонна/км үшін тарифтік ставкасы. А-тиеу-түсіру операциясының саны. В-орындалған көліктік жұмыс. Д-белгіленген б.е.к. саны. Е-әр ауысымдағы нормативтен жоғары жүрісі.(км) Т-тапсырушыдағы автокөліктің жұмыс уақыты. (авто сағат). Р1- келісім-шарттық схема та-рифтері анықталады. Р2-Уақытша схема тарифтерін анықтауға қолда-нылады. Р3-көлік жұмысының б.е.к. тарифтерін анықтайды.
Тарифтік ставка деп- автокөлік мекемесінің тұтынушымен есеп айырылысуды ыңғайландыру үшін қойылатын орындалған немесе бекітілген қызмет түрлерінің құны. Тарифтік ставкалар бекітілген төлемдерден артық не кем болуы мүмкін, мұндай ауытқулар %-есебімен көрсетіледі.

3-бөлім. Қазақстан Республикасында автокөлік тасымалдарын кедендік бақылау шаралары.

3.1. Автокөлік тасымалдарын кедендік бақылау.
Қазақстан Республикасында кеден органдары құрылғалы бері барлық көлік түрлері және тұлғалар мен жүктер міндетті түрде кедендік бақылаудан өтеді. Осы айтылғандардың барлығы кеден шекарасына кірген уақыттан бастап кедендік бақылау жүргізіледі. Кедендік бақылау дегеніміз- кеден заңнамаларының бұзылмауы үшін және олар бұзылған жағдайда оларды әшкерелеу кеден мекемелері мен кеден органдарының лауазымды тұлғаларының құзіреттілігіне жүктелген реттеушілік іс-шаралардың жиынтығы болып табылады.
Жүк автокөліктерін кедендік бақылауды екі түрге бөлуге болады:
1Тауар тасымалдайтын және оны тиеу – түсіру үшін қажетті автокөліктерді кедендік бақылау;
2Тауарларды кедендік бақылау.
Кедендік бақылау шоссе маңында орыналасқан өтеплерде немесе тауарларды жеткізу пунктерінде және шекара маңдарындағы өткізу орындарында жүзеге асырылады. Автокөлік транспортын кедендік бақылау келесі мақсаттар үшін жүргізіледі:
•Кедендік бақылау шараларын айналып өтуге арналған көлік құралдары мен арнайы құрылғыларды әшкерелеу;
•Жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдаудан басқа өзге тасымалдарды кеден шекарасынан өтпеуін қадағалау;
•Кедендік бақылаумен жүктерді тасымалдау үшін көліктің техникалық құжаттарға сәйкестігін анықтау.
Көлік құралдарын кедендік бақылаудың келесі түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:
•Жүк автокөліктерінің иелері тасымалдайтын тауарларды кедендік бақылау;
•Экспедиторларды бақылау;
•Жолаушылар автобусының жүргізушілерін бақылау.
Бұндай бақылау түрі заңды және жеке тұлғалармен тасымалданатын тауарларды бақылауды жатқызады.
Автокөлікті тексеру кедендік бақылау формаларының бір түрі болып табылады, тексеріс жүргізу тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау кезінде кеден және мемлекет заңнамаларында көрсетілген заңдылық-тардың бұзылмауын және заңсыз тауар мен көлік құралдарын кіргізу жолдарын анықтау үшін де қолданылады. Тауарларды шекара маңында тексеру үшін арнайы жасақталған және тиеу-түсіру құралдарымен жаб-дықталған тексеру қоймалары болады. Автокөлік құралдарын тексеру өте күрделі техникалық операция, себебі ол түбегейлі кәсіптік дайындықты қажет етеді. Кіргізілген автокөлікті кедендік рәсімдеу -өз бағытымен жүріп бара жатқан немесе қолданысқа арналған балса, оның өзіндік ерекшеліктері бар. Яғни ол тауар түріне жатқызылып белгілі бір кеден режиміне жатқызылады немесе ішкі транзит процедурасымен келесі кеден бекетіне бара береді. Бұл көлік түрі жолаушылар мен жүк, тауарларды тасымалдайтын көлік құралы және тауар ретінде қарастырылады.

Қорытынды.
Автокөлік транспорты әлемдік экономика жүйесінің ажырағысыз құрамының бөлігі болып табылады. Сарапшылардың бағалаулары бойыншакәзіргі уақытта әлем бойынша 600 млн автокөлік түрлері қам-тамасыздандырылған. Бұл қатынастардың барлығы халықаралық құқық саласы тарапынан тасымалдау ережелері мен көліктік құжаттарды талап етеді.Автокөлік транспортындағы қатты артта қалыс-тың басты себебі болып автокөлік жолдарының нашарлығы байқалады. Кеңес одағы кезінде гүлдей жайнаған транспорт саласы ғаламат держа-ваның құлауына байланысты өз өмірін тоқтатқандай болды. Соған қарамастан автокөлік транспорты ең көп таралған, икемді, үйреншікті транспорт компоненті болып қала береді. Автокөлік саласында болып жатқан құрылым, экономикалық саясаттың және әлеуметтік реформалардың тікелей әсер етуімен тығыз байланысты болып, жүзеге асуда. Ең басты ішкі фактор, автокөлік транспортының қызметіне сұраныс сипатының өзгерісі болып отыр. Ондағы даму қоғамдағы, эко-номикалық нарықпен анықталады. Яғни мемлекет дамуының бірден-бір нышаны көлік саласының дамуы болса, қоғам дамуының нышаны осы көліктік операциялары тарапынан болатын тікелей сипат болып табылады. Сондай-ақ мемлекет бюджетінің едәуір бөлігін кеден сияқты табыс беретін транзиттік жолдар төлемдері құрайды, яғни осы саланы жоғары деңгейге жеткізсек шетелдер тарапынан түсетін ұсыныстар көп болады. Ал бұл дегеніміз ел экономикасын қарқынды дамытуға өз септігін тигізері сөзсіз. Ендеше осы мәселені шешу үшін халықаралық дәрежеде өзінің барлық жинақталған тәжірибелерін қолдануға тиіспіз. Көліктік тарифтерді, сондай-ақ жүк тарифтерін нақтылы бір деңгейде ұстап тұру үшін барлық жағдай жасау көлік саласының дамуына әсер етері сөзсіз.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
1. Логистика. Гаджинский.
2.Автокөлік транспортының мінездемесі. Лукинский. В.С.
3.Халықаралық көлік тасымалдары. Мадиарова Д.М.
4.Логистика. Неруш. Ю.М.
5.Қазақстан Республикасының кеден кодексі. 2004ж.
6.Кеден ісі негіздері. Некрасов. А.Г.