Арман мен Ашаның елді шулатқан клипі плагиат па? — Қазақстан жаңалықтары
Ажырасты деген ойға дейін жетелеп, елді шулатқан «Ау, жаным» бейнебаяны шетелдік туындыға ұқсап кеткен. Хайп жасағысы келген Арман мен Аша плагиатқа жол берген бе?
Бұл туралы Stan.kz НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Тыңдармандар Арман мен Ашаның бұл жұмысын тайваньдық әншінің бейнебаянына ұқсатып отыр. Алайда Арман мен Аша плагиат жасамағандарын айтады. Олар бейнебаянды Қазақстанда түсірген. Клиптің режиссері мен сценарийін жазған азамат жат мемлекетте білім алған екен.
«Кореяға мүлдем қатысы жоқ, ол Америкада оқып келген бала. Ол корейлік клиптерді, әндерді білмейді», — деп ақталды жұлдызды жұп.
Әйткенмен, тайваньдық нұсқада да жігіт пен қыз қосыла шырқайды. Шетелдік клипте рэп партияны жігіт орындаса, қазақстандық дуэтте Ашаға бұйырған.
«Әрдайым ізденеміз. Бір күні Аша рэп оқиды, бір күні мен рэп оқимын. Бір күні екеумізде рэп оқып, мелодия болмайтын шығар. Жай ғана рэп болатын шығар. Ол да қызық нәрсе!» — дейді Арман Қоңырбаев.
Ғаламтор тұтынушыларының байқағаны, екі клиптің локациясы ұқсас және стилистикасы да жақын деседі.
«Стилистика жағына келетін болсақ, бәріміз бір-бірімізден үйренеміз ғой. Музыка жағына келгенде шет елден алатын нәрсе көп. Өйткені ол жерде музыка дамып кеткен бізге қарағанда. Бірақ өзіміздің де қостаны нәрсеміз бар біздің. Сол үшін мен оған жақсы қараймын. Біз ұмтылу керекпіз», — дейді Арман мен Аша.
Арман мен Аша «Ау, жаным» атты туындының 100 пайыз плагиат емес екеніне сенімді. Өзге ел өнерпаздарының еңбегіне жиендік жасау — жұлдызды жұптың ойында да жоқ.
«Біреудің жұмысы қандай еңбек екенін білеміз. Әр әннің артында қандай еңбек жатқанын. Жай ғана еңбектенбей, соны көшіріп жазу меніңше дұрыс емес сияқты», — дейді Арман мен Аша.
stan.kz