Қазақша реферат: Оқыту принциптері және олардың сипаттамасы
Дидактика ең алдымен оқыту құбылыстары мен факторлары арасындағы маңызды және қажетті байланыстарды бейнелейтін объективті заңдарды ашуға тырысады. Бұл заңдар мұғалімдерге дидактикалық үдерістердің объективті даму картинасын түсінуге көмектеседі. Бірак оларда практикалық іс-әрекетке катысты тікелей нұскаулар жоқ, олар тек оның технологияларын жасаудың және жетілдірудің теориялық негізі болып табылады. Ал практикалық нұсқаулар оқытуды жүзеге асырудың принциптері мен ережелерінде ғана беріледі.
Дидактикалық принциптер — оқу үдерісінің жалпы мақсаттары мен заңдылықтарына сәйкес мазмұнды ұйымдастыру формалары мен эдістерін анықтайтын негізгі қағидалар. Принциптерде оқытудың нормативтік негіздері беріледі. Сонымен бірге оқыту принциптері, дидактика категориялары ретінде белгіленген мақсаттарға сэйкес, заңдар мен заңдылықтарды қолдану жолдарын сипаттайды. Ережелер — белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін жалпы принциптерге негізделген педагогикалық іс-әрекет бейнесі. Әдетте, оқыту ережесі қандай да бір оқыту принципін жүзеге асырудың жекелеген жақтарын ашып көрсететін жетекші қағидалар болып табылады. Оқыту ережелері педагогиканың теория иерархиясында төменгі сатыда орналасады. Бұл теориядан практикаға өтетін бөлік болып табылады. Ережелер оқыту принциптерінен шығады. Принциптер оқыту ережелері арқылы жүзеге асырылады. Ежелден-ақ педагог-ғалымдар ұстаным барысында жоғары және берік нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін оқытудың жалпы принциптерін аныктауға ұмтылды.
Қазіргі кезде оқыту принциптері дидактикалық үдерістің белгілі бір тұжырымдамасын қүра отырып, жүйе құрайтыны белгілі. Мұндай жүйеге жататын принциптер белгілі бір логикалық негізде құрылады. Я.А. Коменский принциптер жүйесін оқытудың табиғи үйлесімділік принципіне сәйкестендіре анықтады. А.Дистервег дидактикалық принциптерді: 1) оқыту мазмұнына; 2) оқы-тушыларға; 3) оқушыларға қойылатын талаптар ретінде қарастырды.
К.Д. Ушинский оқытудың қажетті жағдайлары ретінде өз уақытындағы, бірте-бірте, органикалық, тұрақтылық, меңгеру қатаңдығы, анықтығы, өзіндік іс-эрекеті, тым күрделі не қарапайым болмауы т.с.с. мәселелерді анықтады. Сол сияқты дидактикалық принциптер қатарына оқыту саналылығы мен белсенділігін, көрнекілігін, реттілігін, білім жэне дағдылар беріктігін атаи көрсетті.
Ал қазіргі кезде қолданылатын дидактикалық принциптер жүйесі мынадай негізгі принциптерден тұрады:
1) саналылық пен белсенділік;
2) көрнекілік;
3) жүйелілік пен реттілік;
4) беріктік;
5) ғылымилық;
6) жеткіліктілік;
7) теорияның практикамен байланысы.
Саналылық пен белсенділік принципі окушылардың танымдық белсенділігін байкатып, іс-әрекет субъектісі болу арқылы окыту тиімділігінің артуын көрсетеді. Оқушылар оқыту мақсаттарын сезінеді, өз жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады, өзін тексереді, білімге қызығады, мәселе көтеріп, оны шеше алады.
Егер:
— оқушылардың қызығушылығына сүйене отырып, оку мотивтерін қалыптастырса;
— оқушыларды проблемалық ситуацияларды шешуге, проблемалық оқытуға, ғылыми және практикалық проблемаларды іздеуге және шешуге қатыстырса;
— дидактикалық ойындар, пікірталас сияқты оқыту эдістері колданылса;
— ұжымдық жұмыс формаларын, оқудағы оқушылардың өзара әсерлесуін ынталандырса, онда оқытуда саналылық пен белсенділікке кол жеткізуге болады.
Көрнекілік принципі оқыту тиімділігінің оқу материалын қабылдау мен қайта өңдеуге сезім органдарын мақсатты түрде қатыстыруға байланыстылығын көрсетеді. Дидактиканың осы алтын ережесін Я.А. Коменский түжырымдаған болатын. Оқыту үдерісінде оқушы өзі бақылап, өлшеп, тәжірибелер жүргізіп, практикалық жұмыстар жасау арқылы білім алуы кажет. Жүйелілік пен реттілік принципі білімдерді меңгеруді белгілі бір ретпен, жүйемен меңгеруді негіздейді. Бұл принцип окыту үдерісінде оның мазмұнын да логикалық түрде құруды талап етеді. Оқу материалы жоспарлы, логикалық бөліктерге бөлініп, ретімен, негізгі ұғымдарды, идеяларды бөліп көрсете отырып, теориялар, заңдар және фактілер арасындағы байланыстарды ашып көрсету арқылы оқытуды жүзеге асыруды негіздейді.
Беріктік принципі оқу материалына оң қатынасты, қызығушылықты қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді. Материал берік меңгерілу үшін оқушының интеллектуалдық, танымдық белсенділігін арттырып, жаттығулар мен қайталаулар ұйымдастырып, жекелеген ерекшеліктерін ескеруді ұйымдастыру қажет. Сонымен бірге материалды бөліктерге боліп, негізгісін анықтау, логикалық байланыстарды ашу, жүйелі бақылау, тексеру мен бағалау арқылы жүзеге асарылады. Ғылымилық принципі оқушыларды ғылыми фактілермен, теориялармен, заңдармен таныстырып, олардың ғылыми ізденіс элементтерін, ғылым әдістерді меңгеруі арқылы орындалады.
Жеткіліктілік принципі оқушылардың даму ерекшеліктерін ескеру, оқу материалын олардың мүмкіндіктеріне сәйкестендіру аркылы жүзеге асырылады. Бұл жерде Я.А. Коменский анықтаған ережелерді қолданудың маңызы зор: — жақынды оқып-үйренуден алысқа қарай жүру; — жеңілден — қиынға қарай, белгіліден белгісізге қарай жүру. Оқыту теориясын практикамен байланыстыру принципі алған білімдерді практикалық есептер шығаруда қолдануды, қоршаған ортаны талдауды, түрлендіруді өз көзқарастарын тұжырымдауға ұмтылдырумен анықталады.