Эволюцияның басты бағыттары слайд,презентация — Биология — Презентация на казахском языке — Қазақша презентация

0

Эволюцияның басты бағыттары слайд,презентация

 

 

 

«Макроэволюция туралы ілім» тақырыбын қайталау.
Органикалық эволюцияның басты бағыттары: биологиялық прогресс, биологиялық регресс.
Биологиялық прогрестің негізгі жолдары: ароморфоз, идиоадаптация, жалпы дегенерация. 
 Органикалық эволюцияның негізгі заңдылықтары: дивергенция, конвергенция, параллелизм.
Гомологиялық  және аналогиялық мүшелер. 
Эволюция – төменгі сатыдан жоғары сатыға, қарапайымнан күрделіге қарай дамитын процесс. Сондықтан да академик А.Н.Северцов  органикалық дүниенің даму тарихында биологиялық прогрес пен биологиялық регресс болатынын ерекше атап көрсетті.
Академиктер А.Н.Северцов пен И.И.Шмальгаузен эволюцияның  прогреске әкелетін  3 бағытын анықтады:
    1. Ароморфоз(морфологиялық прогресс немесе арогенез.)        2. Идиоадаптация (аллогенез). 3. Дивергенция(катагенез).

Эволюция  екі бағытта жүреді олар: биологиялық регресс (түрдің жойылуына апарады) және биологиялық прогресс.  Биологиялық прогрес үш түрлі жолмен жүреді:

Ароморфоз — даралардың құрылым деңгейі күрделеніп тіршілік етуге бейімділігі арта түседі
      Мысал: Организмдердің судан құрлыққа шығуы, тірі туу, сүрқоректілердің дене температурасының тұрақтылығы.

Идиоадаптация — биологиялық құрылым деңгейінт күрделендірмей өзгертпей тіршілік үшін күресте организмдердің өзіне пайдалы белгілі бір орта жағдайына бейімделушілігі
     Мысал: Жануарлардағы қорғаныш рең.

Дегенерация –немесе морфофизиологиялық регресс эволюциялық дамуында қарапайымдала түсу деген ұғымды білдіреді .
     Мысал: жерасты жануарлары(көртышқан),үңгір(протей), терең су асты организмдері.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!