Главная »
2014 »
Июнь »
18 » Айгөлек
|
Ойын «Айгөлек». Жүргізуші: Ал, қазір «Ақбұлақ» тобының балаларының орындауындағы ән — шашуды қарсы алыңыздар келіпті. Ән «Ана тілін сүйеміз». (Әділқазылар алқасына сөз кезегін беру) 4- кезең «Ою ойғанның – ойы ұшқыр» Жүргізуші: Ал, енді сайыскерлеріміз өздерінің үй тапсырмаларын көрсетеді. Олар ұлттық киім, тұрмыстық заттардағы ою — өрнек туралы айтады. (Сәукеле, дорба, камзол, сырмақты – қошқар мүйіз, түйе табан, тышқанның ізі, мүйіз оюларымен өрнектеу) Жүргізуші: Балалар, сайыскерлер дайындалғанша «Ұландар» тобының бүлдіршіндерінің билерін тамашалаңыздар. «Бүркіт» биі «Сыр сандық» Жанкүйерлерге сұрақ. (Балалар ою — өрнектердің қазақша атауларын атайды. Ұпай саны қалаған сайыскер тобына қосылады) Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңі ұлттық тағамдар туралы әңгімелеу. 5- кезең: «Ұлттық тағам» (Үйден жасап, әкелген ұлттық тағамдардың құрамы, дайындау тәсілі туралы әңгімелейді) Шувакиндер отбасы: Айран. Юренковалар отбасы: Бауырсақ. Воробьевтар отбасы: Құрт. Өмірғалиевтер отбасы: Қазақша жасалған ет. Жүргізуші: Балалар, әділқазылар алқасы 4- кезеңді бағалағанша, мен сендерді ойын ойнап, сергіп алуға шақырамын.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
|
Категория: балабақша ойындары |
Просмотров: 1314 |
Добавил: Admin
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]