«Туған жерім — алтын бесігім» байқауының жеңімпаздары марапатталды

0
16 Қараша 2018, 17:15 363 0

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана BAQ.KZ тілшісі. Бүгін, «Қазконтент» АҚ екі апта бойы өткен «Туған жерім — алтын бесігім» туристік байқауын қорытындылады. Байқауға қатысу үшін Қазақстанның барлық аймақтарынан 50-ден астам жұмыс жіберілді.

3 минуттық бейнероликте қатысушылар туған өлкесінің сұлулығын толық көрсетіп әлуметтік желідегі әр жазылушының қызығушылығын тудыруып, көп «лайк» жинауы тиіс болатын. Байқау қорытындысы бойынша ең үздік үш жұмыс іріктеліп алынды.

Осылайша, дауыстарды санау бойынша бірінші орынды Көкшетау қаласынан Игорь Стрельцов иеленді. Игорь өзінің шағын бейнесюжетінде Бурабайдың табиғатының ерекшеліктері мен сұлулығын көрсетті. Екінші орынға Павлодар облысынан Айбек Маратов ие болды. Баянауылдың табиғатына деген махабатымен ол өз жазылушыларын бей-жай қалдырмады.Үшінші орынды ең көне қалалардың бірі – Түркістанның көрікті жерлерін көрсеткен Олжас Әлжанов үшінші орын алды.

«Менің ойымша, аталмыш байқауды ұйымдастыру ішкі туризмді дамытуға ықпал етіп қана қоймай, еліміздің әрбір тұрғынына туған өлкесінің табиғаты туралы айтуға мүмкіндік берді»,- деп атап өтті бірінші орын иегері Игорь Стрельцов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін» Қазконтент «АҚ ішкі туризмді дамытуға бағытталған «Туған жерім – алтын бесігім» туристік байқауының басталғаны туралы хабарлаған болатын.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ