Ықылас Ерденұлы (1843-1916) |
Ықылас Ерденұлы 1843 жылы туған. Ықыластың әкесі Дүкен де, атасы Алтын да қобызшы болған адамдар. Алайда Қорқыт бабадан кейінгі өткен мың жыл шамасындағы аралықта қазақтың қасиетті қара қобызы адамның қуанышымен қайғысын, бары мен жоғын, мұң-шерін жырлаған рухани қазынасының елшісі болудан қалып, қайтадан бақсы-бәлгерлер қолындағы құралға айналған еді. Ықылас сол тілі байланып, мақау тартқан қобыз үнін қайта сайратып, адамша сөйлетіп, табиғат тылсымымен тілдестіріп, оған өмірлік жан бітірді.
Қобыздың табиғи тілін табу Ықыласқа оңайға түскен жоқ. Оны көзі көргендер айтқан әңгімелер желісіне қарағанда, Ықылас әуелінде қобыз үнінен шығатын әр түрлі дыбыстарды байқап көріп, өзінше бірдемелерді ойнап, көбінесе ол дыбыстарды табиғаттан алып, жан-жануарлар мен құстардың даусына салып, солардың үніне еліктей дыбыс шығарып көріп көп әуреге түседі. Сөйтіп жүріп Ықылас бір күні қобызға қасқырдың ұлыған даусын салады. Қобызда ішекті бойлай отырып, қасқырдың ұлығанын айнытпай келтіреді. Әуелі бір ішекте бір қасқырдың, одан соң екі қас-қырдың, әрі қарай ұлыған көп қасқырдың үніне салып қобызын сарнатады. Оның қобызда орындаған қасқыр ұлысын естіген ауыл иттері мазасыздана аулада айнала шауып шабалана үреді. Күй сазын тыңдаған ауыл адамдары да таң-тамаша қалады. Осылайша Ықыластың «Қасқыр» күйі дүниеге келіпті. Ықыластын, «Аққу», «Бозторғай», «Жез киік», Қазан», «Шақыру», «Жалғыз аяқ», «Айрауық», «Асанқайғы», «Қаншайым», «Саржан төре», «Ерден» күйлерінің де әрқайсысының өмірлік мазмұны, қызғылықты оқиғалары бар.
Ықыластын «Ерден» күйінің де өзіндік ұзын-сонар әңгімесі бар. Қысқа қайырғанда ол былай болып шығады: «Ерден дуанбасы болған және ол байлығы басынан кетпеген, ел ішінде беделін жүргізе алатын, кім-кімді де өз дегеніне көндіруге тырысатын менмендігі зор, найзагерлігімен «Ба-тыр Ерден» атанған, қобыз тартатын да өнері болған адам. Сол Ерденнің Айменде деген ұлы қайтыс болып, қаралы күйге түскен Ерденге ел-жүрт көңіл айтуға барады. Ерден ұлының қазасын кара тұтып теріс қарап жатып алады. Ел ішіндегі игі жақсылар мен өткір тілді шешеңдер басу айтып, ақыры Ерденді орнынан тұрғызады. Бірақ Ерден қайғыдан айыға алмай есеңгіреп отырып қалады. Тек ауық-ауық «Жалғызым, құлыным!» деп булыға күбірлсй сөйлеп, көкірегін кернеген шерлі зарын сыртқа шығарғысы келгендей жанында сүйеулі тұрған қобызына әлсін-әлсін қолын соза сипап қойып, аһлап-үһлеп отырады. Біраздан соң жұрттың басу айтқан сөздеріне деқұ аспастан сыртқа шығып кетеді.
Жиналған жұрттың ішінде сол козде жиырмаға толар-толмас жастағы Ықылас та болыпты. Неше күндей Ерденнің аһ ұрған қасіретті халіне бірге іштей езіле егіліп, қобызға ынтыға қарап, қаралы кезде оған қол созуға батылы жетпей отырған Ықылас Ерденнің тысқа шығып кеткенін пайдаланып, қобызды қолына алып, құшырлана шалып-шалып жібереді. Шалғанда да Ерденнің неше күндей «беу, жалғызым, құлыным!» деп ішін жегідей жеген қасіретті күрсінісіндей етіп зарлы үн шығарады. Сөйтіп, зарлата созып бір қайырған соң, қобызды өз орнына сүйей салады. Сол кезде көзіне жас үйіріліл, кемсеңдей ентігіп Ерден кіріп келеді де:
— Ойпырм-ай, біреудің қобыз тарттыңдар ма, әлде менің кеудемді өртеген қасірет зарым қобыз үні болып құлағыма шалынды ма?! Бір сұңғыла сарын сұңқылдай азынап естен тандырды ғой! — депті. Сонда отырғанда ішінен бір қария:
— Ау, Ерден, сабыр, сабыр! Мына бір бала білместік жасап, қобызыңа қол тигізіп қойды, — деп Ықыласты нұсқайды. Ерден мойнынан бір ауыр жүк түсіп жеңілдегендей болып, ентігін басып, сабырлы қалыппен орнына келіп отырып:
— Уа, жақсылар мен жайсаңдар! Неше күндей менің қайғылы халімнің қызығына қарағанша, араларыңда мені сол қайғыдан арашалап алып қалар адамның барын айтпадыңдар ма?! Менің қасірет шерімді күй сейілтетін болар, кане,тартшы бала жаңағы сарынынды! — деген екен.
Ықылас қобызды алып, азалы қобыз сазын сызылта жөнеліпті. Қобыздың бебеулей шыққан қоңыр үні «бе-еу, жалғызым, құлыным, жалғызым, қайтейін-ай, қарғам-ай!» деп жылағандай күңірене аңырап, көкіректі қарс айыра азалы зар төгеді. Мынау дүниенің опасыз жалғандығын еске салып, терең ой тұңғиығына батырады. Сонда Ерден:
— Пай-пай, мұндай да жорға болады екен-ау! Десе десін-ау, десе десін-ау! — дей берген екен».
«Ерден» күйінде Ықылас қарапайым қобыз аспабының мүмкіндігін кеңінен пайдаланып, шынайы классикалық күй тудырған. Күйдің кейбір буындарынан «жоқтау» айтқан адам даусына ұқсас зар төккен сарынды естуге болады. Академик Ахмет Жұбанов: «Ерден» күйі — күрделі лирика-лық шығармаларға дайын тақырып болып саналптын қобыз күйлерінің ең тамаша үлгілерінің бірі», — деп жазды.
Ықыластың озық күйшілік өнері оның өз көзін көріп, тәлім-төрбие алған шәкірттері Ашай, Әйкен, Сүгір сияқты қобызшы-домбырашылармен жалғасын тауып, олардан үлгі алған Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаевтармен желіленіп, әрі қарай олардың ондаған шәкірттері арқылы күні бүгінге дейін өркені өсіп, кеңінен қанат жайып келеді.
.
Тағы рефераттар