Қазақша реферат: Тәрбие теориясы |
Тәрбие — мақсатты үдеріс. Тәрбие үдерісінің мақсаты мен міндеттері. Маңызды педагогикалық ұғым ретінде тәрбие үш ерекше қасиетпен сипатталады: біріншісі — максаттылық, яғни жалпы бблса да әлеуметтік-мәдени бағдар ретіндегі қандай да бір ұмтылатын үлгінің болуы; екіншісі — адамзат дамуының тарихи жетістіктері ретіндегі әлеуметтік-мәдени құндылықтарға тәрбие үдерісі жүру барысының сәйкестігі; үшіншісі — тәрбие үдерісінде ұйымдастырылған әсерлердің белгілі бір жүйесінің болуы.
Тәрбие тұлғаны қалыптастыру барысында басқарылатын, бақыланатын және алдын ала анықталған жоспарға сәйкес саналы түрде жасалатын ұмтылулармен, әрекеттермен байланысты байқалатын үдеріс. Яғни тәрбие — тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру үдерісі. Бұл арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын, бақыланатын, түпкі максаты қоғамға қажетті, пайдалы тұлғаны қалыптастыру болып табылатын тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара әсерлесуі. Бұрын тәрбиені қоғам мақсатына сәйкес окушыны тәрбиелеуге мақсатты жетекшілік ету деп қарастырды. Бұл анықтамадағы кемшілікті «өзара әсерлесу» және «жетекшілік ету» ұғымдарын салыстыру арқылы байқауға болады. Әрине, өзара әсерлесу тұлға белсенділігін қамтамасыз етеді, ал бұл тәрбие тиімділігінің бірден-бір шарты.
Тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде сипаттайтын белгілер:
1. Тәрбие қоғамның әлеуметтік тәжірибені беру қажеттілігінен пайда болды.
2. Тәрбие әрбір қоғамдық-тарихи кезеңдерге сәйкес дамиды, озгеріп отырады, себебі әлеуметтік тәжірибе де өзгеріп, жетіліп отырады.
3. Тәрбие қоғамдық тәжірибені меңгеру жолымен жүзеге асырылады.
Тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде түсіну мынадай фактілерді саналы меңгеруді қажет етеді:
— тәрбие — әлеуметтік тәжірибені мақсатты меңгеру және дамыту үдерісі;
— тәрбие адамның қоғамдағы өмірін қамтамасыз етеді;
— тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа беру үшін ересектер мен балалардың саналы қарым-қатынасы жүреді;
— тәрбиенің негізгі өлшемі — тұлға дамуының өмір талаптарына сәйкес келуі.
Тәрбиенің басты қызметі — баланы іс-әрекетке тарту, оларға түрлі әрекеттерді жасата отырып, жинақталған адамзат тәжірибесін жаңғырту барысында өзінің қабілеттіліктерін дамыту жағдайларын жасау болып табылады. Демек, тәрбие үдерісінің мәні адамзаттың жинақтаған тәжірибесін меңгерту мақсатында тұлғаны түрлі іс-әрекетке қатыстыру болып табылады. Тәрбие қойылған мақсатқа тікелей байланысты. Егер тәрбиені идеал нәтиже ретінде анықтасақ, онда тәрбиенің бірінші деңгейдегі мақсаты — тұлғаны жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл орындауға ұмтылатын мұрат-мақсат.
Екінші деңгейде қойылатын мақсат — қоғамда белгілі бір іс-әрекетті атқаратын маман-тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Мұнда тәрбиенің әлеуметтік мәні, яғни коғамға пайдалы тұлғаны дамытуға катысты әлеуметтік сұраныс байқалып отыр. Үшінші деңгейдегі тәрбие мақсаты тұлғаның жеке мақсатымен анықталады. Бұл адам өмірінің мәнін аныктайды. Ол адамның туа бітті берілген мүмкіндіктерін толық ашып көрсетіп, өзінің табиғи ерекшеліктері мен қасиеттерін дамыту болып табылады. Бала құқығы туралы Конвенцияда (1989) білім беру және тәрбие мақсаты мен міндеттері нақты тұжырымдалған.
Бұл құжатта тәрбие мақсаты — оқушы түлғасының жан-жақты дамуына, тұлғаның қоғамда толық өзін байқатуына жағдайлар жасау деп көрсетілген.
Тәрбие мақсаты оның міндеттері арқылы нақтылана түседі. Тәрбие міндеттері: — тұлғаның таланты, ақыл-ой қабілеттіліктері мен денелік дамуына толық жағдай жасау; — адам құқы және оның еркіне деген құрметті тәрбиелеу; — баланың ата-анасына, мәдени ерекшелігіне, тіліне, өмір сүріп отырған елдің құндылыктарына құрметті тәрбиелеу; — баланы бейбітшілікті түсіну, шыдамдылық, достық және халықтар арасында өзара түсінісу бар ерікті қоғамдағы саналы өмір сүруге дайындау; — қоршаған ортаға құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Сонымен, тәрбие үдерісі — қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара әсерлесу болып табылады.