Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасу моделі
Жалпы нарықтық экономикалық жүйе – шаруашылық шешімдерді әрбір экономиканың қатысушысы жеке дара қабылдайтын, оларға заңды мәртебе берілу қажеттілігіне, жекеменшік құқығының анықталынуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталынуына орай жеке меншікке, экономикалық және құқықтық еркіндікке, кәсіпкерлікке, бәсекелікке негізделген жүйе. Бұл жүйеде нарықтық қатынасқа қатысушылардың «ойын ережесін» заңды түрде бекітетін құқықтық негізді қамтамасыз ету мәселесін мемлекет өз мойнына алады. Экономикалық қызмет саласында мемлекет заңнама негізінде сот міндетін атқарады. Жеке шешімдер нарықтық бәсеке жағдайында үйлестіріледі. Нәтижесінде мемлекеттің экономикалық араласуы кең өріс алады. Нарықтық жүйе ресурстарды тиімді пайдалануға және экономикалық тез көтерілуге ықпал етеді, алайда оның жағымсыз жақтары да болады. Мысалы, рынок табыс жөнінен әлеуметтік топтарды жіктеуге алып келеді
Ал Қазақстан ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған институционалдық, құрылымдық реформалардың кешенді бағдарламасын жүзеге асырды. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа тәуелсіздік жарияланғаннан кейін қарқынды түрде жүргізілді. Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық өзгерістер: 1992ж. 7 қаңтарда бағаны ырықтандыру (либерализациялау) басталды. 1993ж. қабылданған Ата заңда жеке меншік құқығын мойындайтын бап еңгізілді, жеке меншік институтын қалыптастыратын реформа жүргізіле басталды және ол төрт кезеңді қамтыды. Жекешелендіру — азаматтардың немесе олардың барлық бірлестіктерінің немесе акционерлік қоғамдарының, серіктестіктерінің акциялар (пай) бөлігін жекеменшікке алу болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу дегенді мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа түрлеріне (мемлекеттік емес) негіздеп қайта құру деп анықтауға болады. 1993ж. 15 қарашада Ұлттық валюта — теңге айналымға енгізілді; 1993-1994 ж.ж. экономикалық дағдарысқа қарсы бағдарлама қабылданып, оны іске асыру басталды; 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-несие саясаты жүргізілді; 1997-2000 ж.ж. аралығында реформалар ары қарай жүргізілді. Түбегейлі жүргізілген реформалардың нәтижесінде елімізде нарықтық экономиканың негізі қаланды және ол қазіргі кезеңде нәтижелі жұмыс істеп жатыр.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдірудегі үрдістері
Еліміздің нарыққа өткен кездегі бастан кешкен қиыншылықтарды да ескермеуге болмайды. Ол: жеке меншік сектордың жоқ болуы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымындағы монополиялар және т.б. Сонымен, аталған осынау кедергілердің тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. Мұның өзінде табыс шарты болып — дұрыс таңдалынған Стратегия аталынады. Мәселен, белгіленген бағытты жүзеге асыру үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан адамдар тобының, саяси тұрақтылық және қоғамды нығайтудың, заң үстемдігі болуы шарт. Мұның сыртында, экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік рынокпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың рыноктік қатынастарға тән ойлау жүйесі болмаған. Осы тұрғыдан алғанда 1996 ж. Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасын қабылдаудың маңызы өте зор болды. Бұл бағдарламада жеті басымдық бағыттар белгіленген: 1) Ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік. 2) Ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамдық бірлікті нығайту. 3) Нарықтық құрылымдарды жетілдіру, шетелдік инвестицияны және ішкі қаражатты мол тарту арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік тұрақты өсуін қамтамасыз ету. 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жоғары және сапалы тұрмысы. 5) Энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым (әсіресе көлік және байланыс). 6) Кәсіпқойлы тиімді үкімет. 7) Сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен аяусыз күрес. Сонымен, аталған осынау басымдылық тізбесінің өзі Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. «Қазақстан — 2030» даму Стратегиясына орай Үкімет бірнеше бағдарламалар жасап, оларды іске асыру үшін жұмыс істеп жатыр. Жаңа ғасырдың басында Қазақстанда нарықтық жүйенің негізі қаланып, экономиканың өрлеу кезеңі басталды, оның нәтижесінде халықтың өмір сүру, тұрмыс деңгейі жақсара бастады. Осылай дей тұра, тек қана бай табиғи ресурстарға иелік артып және барлық қарқынды экономикалық реформаларды «сонан кейін» деп кейінге қалдыра берсек қателік болар еді, сол себептен “голландық ауруға” немесе «семіздік» ауруына шалдығуымыз мүмкін. Экономикамызды ары қарай жемісті түрде ұзақ мерзімдік даму траекториясына көшіру үшін қазіргі кезеңде индустриалдық-инновациялық Стратегияны іске асыру керек.
Нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістерінің бірі – Қазақстан Республиксының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2006 жылы 1 наурыз күні Қазақстан халқына жолдауында — «Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында»: Нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру. Біз экономикаға мемлекеттің қатысуын әкімшілік реформаның есебінен оңтайландаруымыз керек. Жаңа экономика жаңа басқару шешімдерін қажетсінеді, ал ондай шешімдерді осы заманға сай ойлай білетін және түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік менеджерлер ғана қабылдауға қабілетті. Қоғамдағы келісім – шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімшілік шаралар, сондай-ақ даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет. Келісім–шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін экономикалық, әкімшілік, керек десең, қылмыстық жауаупкершілік билік органдарының өкілдеріне де, сондай-ақ экономикалық өмірдің басқа барлық агнеттерін қолданылуға тиіс.
Біз үшін маниторлық акционерлер мен құрылтайшылардың құқықтарын қорғау жөніндегі бара – бар заңнаманың болуы өте маңызды. Сондай-ақ ұлт меншігінен қайтадан алуға қарсы заңнамалық кепілдіктер берілуін қарастыру қажет. «Электрондық үкімет» жүйесін шұғыл енгізу қажеттігін әдейі баса көрсеткім келеді. Ол мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттырып, сыбайластық пен әкімшілік кедергілерді кемітуге қол жеткізеді» делінген. Міне, Республикамыздың нарықтық экономиканы жетілдірудің үрдістері, яғни бағыттары жасалынуда. Бұл нарықтық экономика жүйесінің әрі қарай дамуында маңызды роль атқарады.
Қорытынды
Қазақстан экономикасының ерекшелігі. Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы мен дамуының аймақтық ерекшеліктері бар. Республикада әр түрлі пайдалы қазбалар мол және жер қойнауынын геологиялық құрылымы біркелкі емес. Қазақстанның халық шаруашылығы қалыптасқан салалар; құрылым — біріншіден, республикамыздың экономикасы бұрынғы одақтық біріңғай халық шаруашылық кешенінің ірі бөлігіне айналғандығын дәлелдейді. Екіншіден, халық шаруашылығын басқаруда кейінгі кезге дейін үстемдік еткен әкімшілдік-әміршілдік және орталықтан әділетсіз түрде бәрін бір өзі шешу зардабын тигізетіндігін көрсетеді. Осы айтқандарға байланысты 80 жылдардын ортасында 13 жыл бойы қалыптасқан мемлекеттің халық шаруашылығының кұрылымы оңды болған жоқ. Мәселен, мемлекет индустриясында жеңіл өнеркәсіптің алатын үлесі не бары 3%-н төңірегінде. Мұның өзі халыктың қажеттілігін 40-50% ғана канағаттандыруға мүмкіндік береді. Ал мәдени тұрмыстық және шаруашылық тауарлары жөніндегі қажеттік одан да аз, 20-30%-ға сәйкес келеді. Оның үстіне, шикізат пен жартылай фабрикаттың құны әділетсіздікпен төмендетіліп, дайын өнімнің құны өз бетінде жоғарылатылғандықтан, баға және баға жасау саясатындағы ауытқулар салдарынан жағдай күрделене түсті. Сонымен қатар, мемлекет территориясындағы өнеркәсіптердің басым үлесі, яғни 93% бұрынғы одақтық органдардың қолына шоғырланды. Осы жағдайларды қалай түзеуге болады? Тығырықтан шығудың жолдары кандай?
Нарықты қалыптастырудың алғышарты нақты тәуелсіздік. Мемлекет тәуелсіздік — өмірдің өзі кұн тәртібіне жоғары талаппен койып отырған мәселе. Экономикалык реформаның барысы. Мемлекетте реформаны жүзеге асыруға бағытталған үш бағдарлама қабылданды. Оның 1991-1992 жылдарға арналған мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы /1-кезең/. Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасы (экономиканы тұрақтандаруға және нарыққа көшу кезеңіне арналған) және мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы /2-кезен/.
Еліміздің президенті Н.А.Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде де қалыптасуы мен дамуынын стратегиясы» деген кітапшасында экономика саласындағы стратегиялық мақсаттар деп мыналарды атады:
— адамның экономикалық; тұрғыдан өзін айқындау принциптерін іске асыру үшін құқықтық және басқа жағдайлар жасалады; — Қазақстанның табиғи ресурстарының дүниежүзілік тауар нарығында өзінің нақты айқындамасын жеңіп алу немесе басқа елдермен бөлісу
— тұтыну нарығын толықтыру;
— Қазақстанды дамыту үшін шетел инвестицияларын тарту және оны тиімді пайдалану;
1994 жылдың маусымында Қазақстанның президенті Н.Назарбаев «Қазақстан мемлекетінің жоғары кеңесіне Нарықтық қайта құруларды жеделдету және экономикалық дағдарыстан шығу шаралары туралы»жолдауын жіберді. Осы жоғарыда айтылған құжаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру қалай жүріп жатыр? Әрине, әлі де айтарлықтай жетістікке жете қойған жоқпыз. Алайда, жүргізіліп жатқан шаралар аз емес. Мәселен, ұлттық валюта енгізгеннен бері экономикалық реформаны дамытып терендету мәселелері бойынша мемлекет басшысы мен үкімет нормативтік сипаттағы 200-ден астам жарлықтар, қаулылар және ережелер қабылдады.
Сөйтіп, заң тұрғысындағы бірқатар елеулі проблемалар шешіліп, нормативтік база едәуір жаңартылды. Осындай көрсеткіштерге қарай отырып, біздің елімізде нарықтық экономика, оның негіздері қалыптасып, қарқынды дамуы байқалады. Біз болашақ бухгалтерлер бұл ұғыммен таныса отырып, оның әрі қарай дамуына өз үлесімізді қосамыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Әкімбеков К.Н. «Экономикалық теория» 2000 ж.
2 Кулыгин П.C. Социолистік экономикадағы нарық «Вопросы экономики»,1990ж.
3 Журавлева Г. Р. Социолизмнің экономикалық жүйесіндегі нарық «Экономические науки», 1990ж. №7
4 Саяси экономия — Алматы, «Ана тілі»,1991ж
5 Қазіргі замандағы нарық: табиғаты және дамуы. Э.П.Дунаев, И.Е.Рудакова 1992ж.
6 «Экономикалық теория» пәнінен СИЛЛАБУС Ғабит Жүрсiн Хафизұлы Астана 2006
7 Ө.Қ.Шеденов, Е.Н.Сағындықов, Б.А.Жүнісова, Ү.С.Байжомартов, Б.М.Комягин — «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе «А-полиграфия» 2004ж.
8 Н.М. Шанский, В.В.Ваванов, Т.В.шанская – «Краткий этимологический словарь русского языка» Москва 1961г.
9 Н.М. Шанский «Көп томдық орыс тілінің этимологиялық сөздігі», I том Москва 1973ж
10 Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы» 2006 жыл 1 наурыз. 11 И. Комягин «Жалпы экономикалық теория», Ақтөбе, 2005 ж.
.
Тағы рефераттар