Қолында жарылып кеткен: Алматыда граната жарылып, ер адам зардап шекті — Қазақстан жаңалықтары

0

Алматыда ер адам граната тауып алған деп болжанып отыр. Артынша жарылғыш зат ер адамның қолында жарылып кетіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап. 

Жарылғыш затты тауып алған: Алматыда граната ер адамның қолында жарылып кетті

Оқиға бүгін, 16 сәуірде, таңертеңгі уақытта орын алған. Ер адам жарылғыш затты тауып алып, үйіне алып кетпек болған болуы мүмкін. Алайда граната оның қолында жарылып кетіпті. 

Оқиға салдарынан ер адам ауруханаға жеткізілген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылардың сөзінше, ер адам көптеген жарақат алған. Олардың ішінде бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, күйік жарақаты бар. Дәрігерлер пациенттің жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. 

Қалалық полиция департаментіндегілер ер адамның жарақаттануына себеп болған затты әзірге нақты атай алмайтындарын айтты. 

 

stan.kz