Қазақша реферат: Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезовтің педагогикалық идеялары

0

Қазақ халқының басына тәуелсіздік бақытын сыйлаған, соңғы он бес шақты жылдың көлемінде рухани дамуымызға бірқатар оң өзгерістер дүниеге келді. Егемен ел болып дүние жүзіне танымал болдық. Алғашқы асуды алдық. Осы жемісті жетістікке жеткізу үшін Қазақстан халқының, соның ішінде рухани және материалдық игіліктерін арттыру үшін атқарылар іс ауқымды. Сондықтан Республика халқының ақыл-ой мәдениетін, білімін, ұлттық сана-сезімін көтермейінше, ілгері баса алмаймыз. Себебі, бұл бұрынғы жақсы салт-дәстүр, көне мәдениет, тарих, халықтық педагогика мен ұлттық тәрбие, тарихи тұлғаларды қалпына келтіру арқылы жүзеге аспақ. Бұрын жоғалтқан асыл қазыналарымызды қайта таптық және өлгеніміз тіріліп өшкеніміз жанды. Қоғамның құрылымдық сипаты ғана емес, тұтастай ойлау жүйесі жаңғырды. Тәуелсіздік қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанын да аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ ХХ ғасырдың аяғында дау-дамайсыз қол жеткізді. Тәуелсіздік Алланың берген бас бостандығы. Әлем жұртшылығы халқымыздың дербес елдігін таныды. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында халықтың басым көпшілігінің рухани жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін. Адамдар санасының өзгеру, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға берді. «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттің қолынан келмейді, бірақ мемлекет өзгерістер процесін, маңызды ақпаратты халыққа жеткізу жолымен және де ең бастысы, өзіндік молшылыққа бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты іске асыру жолымен, жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымын қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады» — дейді Президент Н.Ә.Назарбаев.
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Егер Абай мен Шәкәрім қазақ халқының өткен заманындағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы болса, бұл құдіретті бейнені романист қаламымен қайта тіріліткен Мұхтар Әуезовтің өзі жаңа замандағы жаңғырған қазақ мәдениетінің тарихында асқар шыңға айналды. Зеңгір аспандағы бір-бірімен біте қайнасқан ұлттың аса көрнекті үш алып тұлғасының, былайша ғажайып түрде тұтасып және тілдесіп кетуі – бүкіл дүниежүзілік әдебиет тарихындағы, көркем ойдағы өзіндік бір ерекше құбылыс.
А. Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовты дүниеге келтірген қасиетті Шыңғыстау өңірі. Селеулі дала төсінде өскен самал өзі естіген жаңалықты дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Олар ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған.
Жалпы Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларының философиялық, психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктері мен әдебиеттанудағы маңызына байланысты З. Ахметов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Ғ.Есім, М.Жұмабаев, С.Қирабаев, С.Мұқанов, Қ.Мұхаметханов, М.Мырзахметов, К.Оразалин, М.Орынбеков, Х.Сүйіншәлиев, Т.Тәжібаев, зерттеулерін т.б. айтуға болады. «Абайдың ақындық мектебі» деген ұғымға алғаш рет ғылыми түрде анықтама беріп кеңінен тоқталған М.Әуезов болатын. Бір пікірінде М.Әуезов былай дейді: «Қазақтың басқа ақындығымен салыстырғанда Абайдың үлгісін алған шәкірттері болуы – Абайдың әдебиеттік мектебін жасады. Абай шәкірттері өз ұстазына әр алуан жақтарынан еліктеді».
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтың педагогикалық пікірлеріне, соның ішінде А.Құнанбаевқа ең алғаш 1934 жылы жазылған Ш.Әлжанұлы мақаласын, Шәкәрім Құдайбердіұлының мұраларына педагогикалық талдау жасау барысында, алғашқылардың бірі болып, педагогикалық көзқарасын, сонымен қатар ақынның дінге көзқарасын философиялық-психологиялық тұрғыда зерделеген А.М.Құдиярова еңбектерін, М.Әуезовтың ағартушылық-педагогикалық қызметі мен психологиялық көзқарастарын зерттеген А.Тайжановты, одан кейінгі кездерде Б.Р.Айтмамбетова, Б.Әбілғазиев, Г.З.Әбдрәсімова, А.Е.Дайрабаева, А.Елемесова, Қ.Ж.Жарықбаев, К.Ж. Ибраева, А.Көбесов, К.Қ.Құнантаева, А.Қартаева, З.Қабдол, Қ.Ж.Қожахметова, С.Қалиев, О.Р.Мұқажанова, Б.Майтанов, Р.Мұқажанова, А.Д.Мұханбетжанов, Ә.Нысанбаев, К.Сыздықов, Ж.Тұрсын, Г.И.Туретаева, С.Ізтілеуова, К.Шаймерденова, І.Р.Халитова т.б. ғылыми-зерттеу жұмыстары мен басқа да авторлардың жекелеген еңбектерін айтуға болады.
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы дидактикалық ой-пікірлердің ерекшеліктеріне байланысты кейбір пікірлерді Н.Алдабек, А.Айтбаева, Н.Берікұлы, А.Бейсенбаева, Ә.Балтабай, А.Н.Ильясова, Ә.Қоңыратбаев, Ә.Молдаханов, А.Т. Тлеуханова, Ж.Б.Сәдірменов, І.Р.Халитовалардың ғылыми-зерттеулері мен т.б. жекелеген мақалаларынан табуға болады.
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы әлеуметтік көзқарастар туралы және ғылыми-зерттеу жұмыстарында әлеуметтік педагогтарды даярлау, студенттер арасындағы әлеуметтік қызметті ұйымдастыру, қазіргі кездегі әлеуметтік педагогиканы зерттеу әдістеріне байланысты мәселелер жайында айтылған Н.С.Алғожаева, А.С.Елемесова, Д.Д.Кульбасова, Р.С.Қасымова, З.Қабдол, Б.И.Мұқанова К.М.Науанова, А.Тайжанов, Р.К. Төлеубекова, І.Р.Халитова, М.Хапач, т.б. еңбектеріне сүйендік.
Сонымен бірге зерттеу жұмысымызда ғұлама ойшылдар шығармаларындағы дидактикалық ойлардың психологиялық мүмкіндіктерін зерделеуде П.К.Анохин, Б.С.Блюм, Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, В.П.Зинченко, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, Ж.Пиаже, кеңестік психолог ғалымдар И.П.Павлов, И.П.Подласый, П.И.Пидкасистый, С.Эриксон, оқу үрдісі және ондағы оқушы іс-әрекетін зерттеген Д.Б.Эльконин, В.Оконь, К.Д. Ушинский т.б. еңбектерінде.
Тек тәуелсіздік пен егеменділік жағдайында ғана ғұлама ойшылдар мен гуманистер көзқарастары, қазақтың дәстүрлі дүниетанымы туралы бүкпесіз айтуға, айтып қана қоймай, жүйелі түрде зерттеуге халқымыздың бай рухани мұрасын игере отырып, ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға, еткен де жеке тұлғалар болған. Сол себепті біз диссертациялық жұмысымызда Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезов, олардың педагогикалық көзқарастары, шығармаларындағы сабақтастық, педагогикадағы ұлттық тәлім-тәрбие тұрғысында қарастыруды мақсат ете отырып, олардың бүкіл мұрасын зерттеу объектісінің аясында тұтас қамтуға тырыстық. Бүгін біз олардың іс-әрекеттерін құрметпен еске аламыз. А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов есімдері екі мәдениеттің Шығыс пен Батыс келбетінің құрыш құймасын бейнелейді. Бұл күндері Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов ұлттық сана сезімде мәңгі аталатын ұлы тұлғаларға айналды. Заман ілгері жылжып, адамзат санасы неғұрлым биікке иек артқан сайын оның алдындағы міндеттердің де мәртебесі биіктеп, ауқымы кеңейіп, мәні күрделене түспек. Халқымыздың ұлттық мақтанышына айналған үш тұлғаның педагогикалық көзқарастарына тоқталып, оларды біріктіретін ортақ күш бар екендігін: біріншіден, олардың бәрі де қазақ еліндегі ағартушылық кемелденген дәуірінің жемістері болатын, екіншіден, бәрінің де негізгі ой-армандары елін, халқын жетілдіру, сауаттарын ашу, басқа халықтармен терезесін тең ету еді.
Қазақтың қоғамдық ой алыптары А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов өміріндегі сабақтастық туған топырақ, кіндік қан тамырымен ұштасып жатыр. Олардың есімдері ылғи бірге аталады: аға және іні, рухани туысқандар, ұстаз және шәкірт, қоғамдық жұмыстағы идеалистік қызметтестер. Абай мені ағартушылық, ғылым жолына әкелгендер деп ағасы Халлиолланы, әжесі Зерені және орыс достарын атап кеткен, Шәкәрім өз шәкірттік ризалығын атасы Құнанбайға, ағасы Абайды айтса, ал Мұхтар Әуезов атасы Әуезді және ұлы адамның «Ақ батасын» алғанын жадында мәңгі сақтап, Абай мен Шәкәрімнің педагогикалық ықпалын бағалаған. Тақырып, мазмұны жақтарынан ұстаз бен шәкірттердің өлеңдері, қара сөздері ұштасып жатады. Абайдың тәлімдік, таланты Шәкәрімнің сегіз қырлысында өз көрінісін тапса, Мұхтар Әуезов осы ғасырдағы Абай мен Шәкәрім армандарын жеткізуші жарық жұлдыз. Абайдың қара сөздері қазақ философиясының негізгі ой түрткісі болса, Шәкәрімнің «Үш анығы» — қазақ философиясының шыңы, ал Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы бүкіл әлемге әйгілі. А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов біздің әдебиет, философия, педагогика тағы басқа салаларында көп зерттелген, солай болуы заңды да. Бірақ «А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық сабақтастық және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру» тақырыбы, шығармаларындағы сабақтастығы, педагогикалық идеяларының ұлттық тәлім-тәрбиесі, жан-жақты түбегейлі зерттелген жоқ.
ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бетбұрыстар мен қоғамдық жаңғырулар тұсында тұр. Қоғам дамуының тарихи жаңа кезеңі қоғамның барлық саласындағы уақыт тудырған күрделі әлеуметтік өзгерістермен айқындалады. Тәуелсіздікке ие болған он бес жыл ішінде Қазақстан мемлекеті жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, өзгермелі әлеуметтік-жағдайда жаңа Қазақстандық қоғам дүниеге келді.
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезовты дүниеге келтірген қасиетті Шыңғыстау өңірі. Селеулі дала төсінде өскен самал өзі естіген жаңалықты дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Олар ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, педагогикалық идеяларды уағыздаған. Үш алыптың қайсысы болсын елінің бүгіні мен келешегіне қатты алаң болатыны сөзсіз еді. Олар келешек ұрпағының кісілік санатында жүруі үшін қазіргі өздеріне үстемдік тұрған жұрттың өз тілінде білім алуы қажет деп білген.
Ұлы ғұламалар қарапайым халықтың ауыр да қараңғы өміріне немқұрайлы қарай алмады. Жоқшылық пен аш-жалаңаштыққа душар болған ауыл кедейлері тұрмыс-тіршілігінің соншалықты ауыр екенін өз шығармаларында бейнелеген. Ертедегі грек ойшылдары Платон, Сократ, Аристотельден бастап, Батыс Европа мен Шығыстың ғұлама білімпаздарының еңбектерінен сусындай жүріп, ойларын дамытып, қиялдарын шарықтаған, сонымен қоса, орыстың өздерінен бұрынғы ағартушы ойшылдарының, соның ішінде Л.Н.Толстой мен К.Д.Ушинский т.б. шығармаларымен танысып, көзқарастарын, идеяларын көп оқып, оны зерттеп жалғастыра білгендері туралы зерттеу жұмысында аталған.
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов халықты бүгінмен ғана өмір сүруге болмайды деп үйретеді, өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн мәселелерін шешуге тиістіміз, өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсетеді.
Үздіксіз әлеуметтік білім беру бала-бақшадан бастап, жоғары оқу орындарына дейін белгілі бір идеяға бағытталып, жалғасын тауып отырса оң нәтиже береді. Біздің алға қойған мақсатымызда осы. Қазіргі заманғы жастар өзінің болашағын өзі жасаушы, өзінің күнделікті алып жүрген білімін ерік-жігерімен, шығармашылық белсенділігін іс-әрекеттің белгілі бір түрін меңгеруге жұмылдырып, өмір ағымына икемделе білетін, өз болашағына сеніммен қарайтын жеке тұлға деп айтуға болады.
Дана Абайды қазақ халқының рухани ұстазы ретінде тануымыз ұлы ақынның өз мұрасы ғана емес, сонымен бірге әлемдік көркем ойдың алтын қазынасына айналған Мұхтар Әуезовтың тарихи эпопеясы арқылы жүзеге асты. Ғылыми зерттеудің басты методологиялық принципі – Мұхтар Әуезов әлемінің ұлы Абай әлемімен, Шәкәрімнің ұлы ұстазы Абай өмірімен сабақтастығы жайлы зерттеу жұмысында айтылған.
Абай қазақ поэзиясына бірінші болып пейзажды енгізіп, табиғатты өлеңдерінде жеке кейіпкер етіп көрсетіп, адам мен табиғат мәселесін көтерген. Бірінші дүниежүзілік соғыстың куәгері болған Шәкәрім экологиялық тәрбие негіздерін салып, адам құлқы және табиғат, табиғатты сақтауға ғалымдардың жауапкершілігі туралы ойларын жариялаған. Ал Мұхтар Әуезов өз шығармаларында Абайды жете таныған биіктен көрінеді, Абай ойларын өзіндік бағытта жалғастырды. Ел мұңын шертіп, ел тағдырына қайғырған Абайдың әуендерін Шәкәрім қайта жаңғыртты… « Әуезов – екінші Абай» деген ұғым Абайды қайталау деген сөз емес, Әуезов – Абайдың ізін басушы емес, өнер жолын жалғастырушы.
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов қызметтерінде үндестері мол, үшеуі де ағартушылық қызмет атқарған, әділ шешімдер қабылдаған. Үш алып та ғылым, білім жолына түскен, әдебиетпен шұғылданған. Ел тану, жер тану ортақ арман болған. Абай қазақтың өзіне дейінгі сөз өнерін су жаңа соны арнаға салып, өз кезіндегі өнер атаулының тың биігі сыншыл реализм шоқтығына өрлетіп әкеткен болса, Шәкәрім Абайдың алғашқы ғұмырнамашысы, Мұхтар Әуезов жалпы шыншылдық пен шынайылық атаулының жуыр арада асу бермес асқар шыңы болып қалып отыр
Ш. Құдайбердиев пен М.Әуезов Абайға дана, данышпан ретінде де өз ортасынан бөлініп кеп, дара тоғысады да дәстүрін жалғастырып, ілгері дамытады. Ш.Құдайбердиев пен М.Әуезов — екінші Абай деген дәйектеменің бірін-бірі қайталау емес, бірінің ойын бірі жалғастырып, толықтырып отырады, міне, ұлы ғұламалардың шығармаларындағы сабақтастығы да осында екендігін анықтадық.
Абайдың қай ойларын дамытса да Шәкәрім мен Мұхтар оны міндетті түрде педагогика саласына, білім беру жүйесіне алып келеді.
Адам баласының еңбекке, кәсіпке үйрету және оның еңбегін өнімді, жемісті ету – адамзат қоғамы тарихымен бірге жасасып келе жатқан тәрбие нысанасы. Халық педагогикасының тәлім-тәрбиелік негізінің көздер мақсаты – өзінің бай табиғатына сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, жанұя, ауыл-аймақтың, Отанның, Қазақстан Республикасының ар-намысын қорғауға және тағы басқа ізгі адамгершілік қасиеттерге баулу. Кішіпейілдік, сыпайлық, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау халықтық тәрбиеден ерекше орын алған.
Дүниежүзі ғалымдары да бұл мәселені жете зерттеген. Атап айтқанда, Е.Эрикон, В.Окон, Л.Руе, Д.Равич тағы басқалары оқытудың дәстүрлі ұстанымдарына сәйкес өткен заман мәдениетін жүйелеп, академиялық дәрістер жиынтығын қалыптастыруды маңызды деп түсінген. Ал П.Блум, А.Маслау, Т.Новика, Р.Комер секілді ғалымдар білім берудің тиімді үлгісін қолданған.
Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезовтің бай рухани қазынасының халық мұраларына, халық өнері мен дәстүрлеріне, тіліне байланысты тұстарын түгелдей шолып өту мүмкін емес, сондықтан біз олардың педагогикадағы ұлттық тәрбиеге қатысты жақтарын ғана сөз еттік.
Өйткені, біз аға ұрпақтар, тіл, дәстүр, ұлттық өнер, жалпы таным мен түсінікке қатысты нәрселердің барлығы адам бойына есейгенде емес, нақ ана сүтімен бірге дарығанда ғана көктеп, жапырақ жаятындығын түсінуге тиіспіз.
Қорыта келе айтарымыз, Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармаларындағы тәлім-тәрбие, ұлттық мінез-құлықты байқататын ой-пікірлерінің өзара ықпалдастығын байқадық.
Қазіргі кезде оқыту мен білім беру, тәрбие мәселелерінде айтарлықтай үлкен өзгерістер болып жатыр. Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын қазіргі білім беру жүйесі және тәрбие болып табылады.
Ең алғаш тәрбие мен оқыту идеясы И.Г.Песталоцийдің педагогикалық тәжірбиесінде жарық көрген, кейіннен И.Ф. Гербарттың еңбектерінде оқыту теориясының тәрбиелік мәні көрсетілген. «Педагогикалық энциклопедияның» авторы В.Е.Гурман педагогикалық үрдіс туралы ұғымға мынандай анықтама берді: Бұл терминнен ұйымдастырылған тұтас оқу-тәрбие үрдісін, ұстаздар мен тәрбиеленушілердің, оқытушылар мен студенттердің іс-әрекеттері ретінде қарастырды. Ал, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы өзара сабақтастықты оқу-тәрбие үрдісіне ендірілмеуі, тек жекелей пәндерде ұлы ғұламалардың шығармалары арқылы яғни, қара сөз, әңгіме, өлең, роман, дастан, аудармаларында жеткізгендігі туралы зерттеулер бар.
А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы өзара сабақтастықты оқу-тәрбие үрдісіне оқыту мен тәрбиелеу мақсаты: шәкірттердің ойлануына, толғануына, пікір таластыруына ықпал ету, дүниеге деген көзқарасын қалыптастыру, эстетикалық талғамын тәрбиелеу, адамгершілік әлеміне жетелеу, сабақты қызу еңбекке құру, оларды құр тыңдаушыдан еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы, ізденуші дәрежесіне жеткізу деп түсінген.
Біз А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы сабақтастықты зерттей келе, олардың «толық адам» болуға ұмтылу идеясын алсақ, оған жету жолдарын білім, ғылым іздеу, өнер үйрену, еңбектенуді әдетке айналдыру, өзін-өзі жетілдіріп отыру, Аллаға, ақиқатқа, адамға сүйіспеншілікпен қарау, осылардың барлығы табылса «сонда толық боласың елден бөлек», ұлы ғұламалардың өмірбаянын оқытуда бірізділікті, жүйелілікті көздеумен бірге, біртіндеп өсу жолдарын көрсеттік.
Біздің жасаған қорытындымыз бойынша Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ойларының сабақтастығығындағы студенттердің белсенділігінің көрінісін: олардың тақырыпты меңгеруге ынтасы, білуге ұмтылуы, өз қабілетіне сенімі, жұмыс істеуге құлшынуы мен құштарлығы, тапсырманы сенімді түрде қабылдауы, алған білімдері мен біліктерін практикада нәтижелі қолдана білуі, әрекеттенуі, дербестігі деп түсінуге болады. Жалпы А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезовтің педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендіру студенттердің өзін-өзі көрсете білу және алынған білімді іс жүзінде жүзеге асыра алу дәрежесімен өлшенеді.